Қазақ тойларының қадірін түсірмейік

Той – Жаратқан иеміздің адам баласына сыйлаған қазынасы. «Жиған-тергенің тойға бұйырсын» дейді қария-лар бата бергенде. Осының өзінен-ақ той жасауға қазақтың қаншалықты мән беретінін байқау қиын емес. Шынында, халқымыз тойға қарын тойғызу үшін емес, керісінше қуанып, көңіл көтеріп, рухани демалу және ағайын-туыстармен, дос-жолдастарымен кездесу үшін барады. Өкінішке орай, соңғы кезде тойларымыз мән-мағынасын жоғалта бастағандай. Кейде той басқаратын кейбір пысықай асабаларымыз: «Енді ақ тілекке кезек берейік. Өзбектің тойы – би жарыс, қазақтың тойы – жиналыс», – деп жиналған көпшіліктің көңілін жеңіл әңгімемен, әзілмен көтермек болады. Мына сөздерді есітігендер мәз болып күледі. Сонда біз

Шетел идеологиясы ұлттық санаға сыймайды

Құрамалы, қорғанды үйің болады, Айнымалы, төкпелі биің болады. Халыққа бір тиын пайдасы жоқ, Ай сайын бас қосқан жиын болады. Ішіне шынтақ айналмайтын Ежірей деген ұлың болады. Ақыл айтсаң, ауырып қалатын Бедірей деген қызың болады. Алдыңнан кес-кестеп өтетін Кекірей деген келінің болады. Ішкенің сары су болады, Берсең итің ішпейді, Бірақ, адам оған құмар болады. Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады. Ит пен мысықтай ырылдасқан, Еркек пен қатының болады… Мөңке бидің сонау ғасырдағы психологиялық тұжырымы қазіргі таңда дәлме-дәл келіп отыр. Қалайша осыншама сипаттама берген елді мәдениеті, сауаты болмаған деп айта аламыз? Ұлттық психологияның дами түсуіне Қазан төңкерісіне дейінгі он төрт ғасырлық ұзақ мерзімде жасалған ізгілікті алғышарттар басшылық етті. Қазақстандағы психологиялық ой-пікірлердің тарихы (Орхан-Енисей ежелгі түркі жазба

Мазардың үлкендігінен марқұмға пайда бар ма?

Дүниеге келген адамның бір күні бұл жарықпен қош айтысатын уақыты да келер. Адам баласы әлсіз болып еш нәрсе білмей келеді. Сонда біз дүниеден не алдық, не қалдырдық? Иманды, Исламды ойламай, жүрегім таза деген адам Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мына сөзін еске алсын: «Тіл таза болмайынша жүрек таза болмайды, жүрек таза болмайынша иман кәміл болмайды». Сонда мұсылман адам бала-шағасына өсиет айтып, дінді үйретіп, ақыретке артынан баратын сауаптарды да ұмытпау керек. Дүниеден өткен адамның артынан баратын үш сауап бар. Оның бірі – бала-шағасының дұғасы, оқыған намазы, ұстаған оразасы, имандылық

Намаз оқымайтын туысқанмен байланысты үзу керек пе?

Ислам – бейбітшілік діні, ол адамға өз туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болуға бұйырады. Мұны қазақтың ағайын-туыспен тығыз қарым-қатынаста болуынан көреміз. Мысалы, біз кейде ата-анаға жақын ағайын-жұрт, нағашы жұрт, түпкі ата жұрт және т.б. атап жатамыз. Ата-анадан кейінгі орын ағайын-туысқа тиесілі. Ең жақын туыс – ата, әже, көке, апа, әке, ана, аға, іні, бауыр, әпке, сіңлі, қарындас және сол сияқты бұл тізбек рет-ретімен кете береді. Қазақ «Ағайын – бір өліде, бір тіріде» деп бекер айтпаған. Өйткені, ағайын дегенің қайғы жамылғаныңда ел болып келеді, қасыңда сүйеніш болады, қайғыңа ортақтасады, ал енді той болса,

ИРАНДЫҚ РЕЖИССЕР МАДЖИД МАДЖИДИ ТҮСІРГЕН «МҰХАММЕД (с.ғ.с.) – АЛЛАНЫҢ ЕЛШІСІ» ФИЛЬМІН КӨРУГЕ БОЛА МА?

Қазіргі таңда пайғамбарлар өмірі және Ислам тарихы жайлы фильмдер көптеп түсірілуде. Таяуда ғана Иранда режиссер Маджид Маджидидің түсірген «Мұхаммед (с.ғ.с.) – Алланың елшісі» атты фильмі жарыққа шықты. Осы ретте, пайғамбарлардың, оның ішінде ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) рөлін сомдауға қатысты Ислам шариғатының көзқарасына тоқталуды жөн көрдік. ПАЙҒАМБАРЛАРДЫ ҚҰРМЕТТЕУ – БАРША МҰСЫЛМАНҒА МІНДЕТ Алла Тағала пайғамбарларды бүкіл әлемнен артық етіп, дәрежелерін көтеріп қойды. Ол жөнінде Алла Тағала Құранда былай дейді:  «Һәм бұл – қауымына қарсы Ибраһимге берген бұлтартпас айғағымыз. Біз қалағанымыздың дәрежелерін көтереміз. Ақиқатында, Раббың – Дана һәм Білуші! Және оған [Ибраһимге] Ысқақ пен Жақыпты сыйлады; барлығын да

«Білім іздеп бұқар бардым…»

немесе діни білімді қайдан алған дұрыс? Білім алу – қай заманда болмасын болашағын ойлаған адамның басты мақсаттарының бірі екені даусыз. Ойлаған армандар, межелеген мақсаттар осы алған біліміңнің арқасында орындалып, шындыққа айна-латыны сөзсіз. Бұл хақында Мұхаммед пай-ғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Қытайға барсаң да білім ал» деп үмметіне өсиет қалдырып, хакім Абай «малыңды сат, жаныңды сат білім ал» деп даналық айтса керек. Бүгінде зайырлы Қазақ елінде Тәуелсіздік алғалы талай білім ордалары құрылып, салалық мамандықтар көбейе түсті. Солардың бірі – қазіргі қоғам үшін ең өзектілердің қатарында діни білім алу мәселесі. Бұл мәселенің өзекті

Заманға серт!

(Адамзатқа үндеу) «Заманға серт. Анығында адам баласы сөзсіз зиянда. Тек иманға келген әрі ізгі амал жасаған және бір-біріне ақиқатты насихат етіп, өсиеттеген әрі бір-біріне сабырды насихат етіп, өсиеттегендерден басқалары» («Әл-Аср» сүресі, 1-3-аяттар). Уақыт сырғып, керуен көшіп, замана да ілгері жылжи бермек. Өткен күн тамырға таралып, тарихтың қойнауына кеткен сайын қадірі арта түседі. Ал ертеңгі күнді рақым шапағаты мол, ғайыпты білуші – Алладан басқа ешкім білмейді. Біз өмір сүрген дәуірдің соңғы меғдарында күллі адамзат баласының санасы мен рухани әлемі әлдеқайда өзгергені хақ. Жаратушымыздың мұқым адамзат баласына жіберген ұлы кітабы қасиетті Құран мен Пайғамбарымыздың

Отбасының ұйытқысы – әйел

Анасын ардақтамайтын, сыйламайтын, жақсы көрмейтін адам баласы бұл жалғанда жоқ шығар. Болуы да мүмкін емес. Сондықтан да, «Анаға қарап – қыз өсер, әкеге қарап – ұл өсер» деген қасиетті сөз бар. Мұны көп адам тура мағынасында түсінетіні де рас. Ананың бақыты бала сүю десек, өле-өлгенше де бар арманы – сол баласының бақытты болуы. Ендеше, әр әйел заты өзінің баласы қыз ба, ұл ма, әйтеуір, оның адам қатарлы өмір сүруін қалайтыны ақиқат. Күйеуімен бірге оны бағып-қағады, қолдан келгенше тәрбиелейді, қызын – қияға, ұлын – ұяға қондырады. Сөйтіп, қайран ана тоғыз ай, тоғыз күн

«Ағарту ісінің үздігі» халықты неге қарайтады?

Қазір ешнәрсеге таң қалмайтын болдық. Күніге әйтеуір бір нәрсені естисің. Біреуді ұрып кету, атып кету, пәленбай жыл бірге тұрып күйеуін бала-шағасымен тастап немесе әйелін талақ етіп, басқа біреумен көңіл жарастыру, сәбилерін әжетхана тесігіне қолы дірілдемей тастай салу, тағы басқа да жаға ұстатар имансыз әрекеттер қоғамымызды жайлап бара жатыр. Дұрысы жайлап алды. Осындай көріністерді көріп өскен жастардан ертең не сұраймыз?! Тәуелсіздігімізбен бірге ді-німізбен қайта қауыштық деп бөркімізді аспанға аттық. Бірақ, басқа ағымның жетегіне ерген, Құранның 5-6 сүресі мен хадисті жаттап алған бауырларымыз тақуа болып ақыл айтатынды шығарды. Қазақтың салт-дәстүрлерін жоққа шығарып, өздерінше

Әкенің орнын ешкім толтыра алмайды

соны әрбір қазақ жігіті түсінсе екен Перзентіңе жастай қамқор бол Дүниеде «Бала – бауыр етің» демекші, перзенттің тәй-тәй басқан алғашқы қадамының қуанышына, бақытты шат күлкісіне не жетсін? Өкінішке орай, соны түсінбей, аяқтарын алшаң басып жүрген әкесымақтардың қылығына жүрегің ауырады. Осы арада менің көз алдыма мына бір жай да келіп тұра қалады. Сырым жетпістен асқан кезде денсаулығы сыр беріп, жападан-жалғыз қалғанын сезінді. Бұл кезде оның отбасы да, жанында аузына бір тамшы су тамызатын баласы да жоқ еді. Ол көбіне кейінгі кездері араққа салынып кеткендіктен қайыршы да атанды. Көшеде ұяттың бәрін жиыстырып қойып, өткен-кеткен-нен тиын-тебен сұрап

Top