Уахабизм ағымының шығу тарихы

«Салафия» немесе «Уахабия» термині Сауд Арабиясы жерінде 18 ғасырдың аяғында бастау алған саяси-діни қозғалысқа қатысты айтылады. Негізін қалаушы – Мухаммад ибн Абдул Уаххаб. Оның толық аты-жөні – Мухаммад ибн Абдул Уаххаб ибн Сүлейман ибн Мұхаммад ибн Ахмад ибн Рашид әл Мушшарафи әт-Тамими. Нақты туған жылы белгісіз, шамамен 1703 жылы Нәдж аймағында Уяйна деген қалашықта дүниеге келген. Әкесі Абдул Уаххаб Бану Тамим тайпасында атақты ғалым болған. Жас кезінде әкесінен Ахмад ибн Ханбалдың мәзһабы бойынша фиқһ ілімін оқыған. Ағасы Сүлеймен де сол уақыттағы атақты ғалымдардың бірі еді. 12 жасында қажылыққа Мекке, Мәдинаға барып,

Сахабалардың өнегелі өмірі

Сахабалар «Сахаба» деген сөздің жекеше түрі «дос», «жолдас» деген мағыналарды білдіреді. Терминдік мағынасына келсек, сахабалар – Мұхаммед пайғамбарды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көрген, аз-көп уақыт оның сұхбатын тыңдап, Аллаға иман келтірген және дүниеден иманды өткен жандар. Мухаддистер, солардың ішінде имам Ибн Хажәр (р.а.) «сахаба» сөзіне мынадай түсініктеме береді: «Пікірлердің басымы: «сахаба» деп Нәбимен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жүздескен, мұсылман болған әрі мұсылман болып жан тапсырған адамға айтылады. Бұл санатқа Нәбиді (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір мәрте болса да көрген мүміндер жатады. Бұл мәселеде оның Нәбимен (оған

Оңтүстік өңірдегі патша генералы Черняевтің құпия жүргізген айлалы саясаты

Қоқан хандығы тұсында Оңтүстік өңірде билік жүргізген датқалар туралы тың деректер табылып отыр. Шымкенттік тарихшы-ғалым Д.Даниярбековтің Ташкенттегі архивтен алған деректері. Оңтүстік өңір мен Ташкентті бағындырған, жергілікті халықты аяусыз қырғыншылыққа ұшы-ратқан, әсіресе Әулиеата мен Шымкент бекіністерін алуда қатыгездік көрсеткен, әскери жорықты басқарған генерал Черняев, әр атқарған істеріне Петербургтегі соғыс министрі Борисовке есеп беріп отырған. Генералдың жіберген құпия хабарламасын оқып танысқанда, Байзақ датқаның қайғылы өліміне тікелей өзі себепші екенін, бәрін өте құпия ұйымдастырғанын ашық жазған. Құпия хабарламада төмендегідей ақпар жіберген: «Аса мәртебелі соғыс министрі. Патша ағзамның тапсырмасын орындауда аянып жатқанымыз жоқ, өздеріңіздің берген нұсқауларыңыз

Зейнетақы мен жөргекпұлдың Хазреті Омар (р.а.) тарапынан заңдастырылуы

Құран және сүннет тағылымын басшылыққа алып, өмірлік ұстаным еткен Омар ибн Хаттаб (р.а.) әрбір аят, хадистің мәніне үңіліп, сырына бойлауды әдетке айналдырған-ды. Алла елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Исламда бір ізгі іске бастамашы болып, сол істі кейін басқалар істесе, сауапты істі жасаған кісілердің сауабы еш кеміместен бастамашы болған адамға да тура сондай сауап жазылып тұрады. Ал кімде-кім Исламда бір күнәлі іске бастамашы болып, сол істі кейін басқалар істесе, күнәлі істі жасаған кісілердің күнәлары еш кеміместен бастамашы болған адамға да тура сондай күнә жазылады», – деген хадисі де

Қазақ халқының бір мақалының шарапаты

Күнделікті әдетпен 6-сыныпта оқитын Нұрмұхаммед деген баламнан сабағы жайлы сұрастыра бастадым. Балам: – Папа, мен үйге берген тапсырманы оқып едім, кейбір жерлеріне түсінбедім, соны оқып берейін, сіз түсіндіріп жебересіз бе? – деді. Бұл әр баланың әкесіне деген сұрағы, өйткені оларға әкесінен көп білетін және әкесінен күші көп адам жоқ. Біз де бала кезімізде әкемізді осылай құрмет тұтатынбыз. Мен рұқсатымды бердім. Балам кітабын алып қасыма жайғасып отырды да: – Үйге берген тапсырманың тақырыбы – Бауыржан Момышұлының «Жауынгер-лердің тұлғасы», – деп, кітабын ашып мәнерлеп оқи бастады. «Мәскеу өлкесіндегі қырғын соғыстың кезі... Қарашаның 26-шы жаңасы. Солтүс-тіктен соққан қара жел

Керей мен жәнібектен – Кенесарыға дейін

Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда деген тарихи атауларды бастан өткізіп, қазақ деген халық XV ғасырда өз алдына отау тігіп, Қазақ хандығы құрылды. 1460-жылдары құрылған Қазақ хандығы өзінің 400 жылдық тарихында қазақ халқының бойына мұсылман дінін берік орнатты. Демек, ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолы Исламмен байланысын ешқашан да үзген емес, тіпті Ислам дәстүрлерінсіз қазақ мәдениетін елестету де мүмкін емес. Қазақ мемлекеті өзінің құрылғаны-нан бастап мұсылмандық құқық нормаларына жүгінді. Барлық қазақ хандары Керей мен Жәнібектен бастап соңғы қазақ ханы Кенесары-ға дейін өздерінің шариғатқа жүгінетіндіктерін атап кеткен. Мәселен, Қасым ханның жеке басының діндарлығы, оның Бұхара

«Руханият – Әбу Нәсір әл-Фараби мұражайындағы» Ислам жәдігерліктері

«Ислам – адамзат тарихына айрықша үлес қосқан үлкен өркениет. Оның туы желбіреген өлкеде әрдайым білім мен ғылым гүлденіп, адамзат адамгершілік пен парасат шыңына көтерілген», – деп шығыстанушы ғалым шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің жазғанындай, Исламмен өркен-деген өлкенің бірі – Отырар, әлем мәдениетіне өз заманының Аристотелі – Әбу Нәсір әл-Фараби мен 30-дан астам үлкен парасат иелерін берді. Сондай-ақ, Отырарда баға жеткісіз әдебеиет пен өнер ескерткіштері сақталған. Яғни Отырар араб, парсы, түрік әдебиеттерінің тоғысқан тұсы. Отырар шығыс жырларын өздерінше жырлап, қазақ ауыз әдебиетінің, шығармаларының көркемдік кес-тесін, идеялық мазмұнын бұзбай ой елегінен өткізіп, келешек ұрпаққа

ИСЛАМ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ҚАЙТАЛАНБАС ЖАУҺАРЫ – АНДАЛУСИЯ ӘМІРЛІГІ

X-XI ғасырларда Еуропа мемлекеттері «Қараңғы дәуірде» өмір сүріп, қараңғы көшелерде жүрген кезде, олардың қақ іргесінде қалаларына канализация орнатып, көшелерін шырақтармен жарқыратып өркениетті өмір кешкен Еуропадағы Андалусия мұсылман мемлекеті жайында біреу білсе, енді біреу біле бермес. Иә, қазіргі Испания жерінде VIII ғасырдың бірінші жартысынан XV ғасырдың соңдарына дейін билік жүргізіп, өз алдына дамыған өркениет тұрғызған Андалусия елі жайында білуде пайда бар. Себебі осы мұсылман Андалусия мемлекетінен еуропалықтар қағаз жасауды, науқасты дәрі-дәрмекпен емдеуді, сондай-ақ астрономия, математика, философия, физика, медицина ғылымдарының өзегін үйреніп еді. Онымен қоса еуропалықтар алғаш рет апельсин, күріш, өрік, анардың

Қазақ тарихындағы Ислам

Қазақстанның тарихы мен мәдениеті көп ғасырлар бойы Ислам дінімен байланыса дамып келеді. Ислам діні қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі. Орталық Азия мен Қазақстанға Исламның енуі VII-VIII ғасырларға жатқызылады. Алғашқы араб дін таратушылары 670-жылдардан бастап қазақ жеріне келе бастаған. Тарихшылар VIII ғасыр басында Орталық Азияда миссионерлік қозғалыс жанданған дейді. Исламның түбегейлі орнығуына VIII ғасыр ортасында, яғни 751 жылы Тараз қаласының маңындағы араб әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньчжи арасында бірнеше күнге созылған Атлах шайқасында арабтар-дың жергілікті халық – қарлұқтардың көмегімен жеңіске жетуі айтарлықтай ықпалын тигізген

Исламға дейінгі Мекке және құрайыштар

Меккенің ежелгі мекендеушілері Мекке – Араб түбегінің батысындағы Хижаз аймағында орналасқан шахар. Хижаз сөзі араб тілінде «бөлуші» деген мағынаны білдіреді. Бұл атау Хижаз жеріне шығысындағы Нежран аймағы мен батысындағы Тихама1 жазығын бөліп тұрғаны үшін берілген. Жалпы, Меккенің негізін қалаушы және Қағбаның алғаш салушысы Адам ата болып саналады. Сәйкесінше, Қағба әлемдегі ең бірінші салынған үй және ғибадатхана болып табылады. Бұл жайында Алла Тағала Құранда: «Негізінен адам баласы үшін Меккедегі алғашқы құрылған үй (Қағба) бүкіл әлемге мүбарак және тура жол», – дейді2. Дегенмен, Адам ата өлгеннен кейін уақыт өте келе Қағба сел және

Top