Халифа Алтаймен болған сұхбат

Алдымызда келе жатқан жылы елімізге танымал дін ғалымы Халифа Алтай ақсақалдың 100-жылдық мерейтойы болады. Осы орайда 1994 жылы сол кісімен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынуға бел будым. Мұнда Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары дінімізге зәру болған қоғам үшін қажетті мәселелер көтерілген болатын. Сол кездегі астанамыздың Алатау жақ бөктерінде бой түзеп, жаңадан көтеріліп келе жатқан Самал ықшам ауданының маңынан түсіп қалып, жанымдағы Бекен аға алған адреспен қазақтан шыққан дара тұлғалардың бірі, дін ғалымы Халифа Алтай ақсақалдың үйін іздеп келеміз. Бекен Қайратұлы – Моңғолиядан келгеніне төрт жыл төңірегінде уақыт болған, осы біз бара жатқан қарияның аталас бауыры

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН – МҰСЫЛМАН ӘЛЕМІНІҢ ҚИЫР СОЛТҮСТІГІНДЕ ЖАТҚАН ӨЛКЕ

Ермек Мұқатай, ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы – Ермек қажы, Өскемен өңіріне өкіл имам болып тағайындалғаныңызға жылға жуық уақыт болып қалды. Осы мерзім ішінде өңірде қандай игі бастамаларға мұрындық бола алдыңыз? – Бисмиллаһир рахманир-рахим! Иә, Жаббар-Хақ біздің маңдайымызға Шығыс Қазақстанда, Өр-Алтайдың тәжі болған Өскеменде діни қызмет етуді жазыпты. Аллаға сансыз шүкірлер болсын! Негізінен, біз ҚМДБ-ның өкілдікке тапсырған уағыз-насихат ісі, жат ағыммен күрес, сауат ашу, мешіт аясында қайырымдылық шаралар, діни экстремизм мен терроризм бойынша түзеу мекемеле-рінде жазасын өтеп шыққан азаматтарды қайта қоғамға бейімдеу жұмыстарымен шұғылданамыз. Мешіттерімізде жыл бойы «Қазақстан

Дінін жоғалтқан ұлт – тамыры қураған бәйтерек

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Серікқазыұлы Садырбаевпен сұхбат – Айдар Серікқазыұлы, бүгінгі таңда Семей шахарында діни ахуал қалай, әңгімеміздің ба-сында осыған тоқтала кетсеңіз. – Қаламызда діни ахуал тұрақты. Бұл бірінші кезекте Қазақстан Республикасында экстремизм-терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемле-кеттік бағдарламаның аясында қызмет атқарып жатқан атқа-рушы органдардың, құқық саласы қызметкерлерінің, діни бірлес-тіктердің, ұлттық мәдени орталық-тардың және бұқаралық ақпарат құралдарының бірлесе жұмыс істеуінің нәтижесі деп білеміз. Аталмыш бағдарламаның не-гізгі мақсаты – діни экстремизмнің алдын алу және терроризмге жол бермеу арқылы қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қалалық әкімдік жанында терроризмге қарсы күрес

Кенжеәлі МЫРЗАБАЕВ, ҚМДБ Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының директоры, «Төле би» мешітінің бас имамы: Теріс діни ағымдар қазақтың салт-дәстүрін жоққа шығаруды көздейді

– Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, әңгіменің әлқиссасын инсти-туттың жай-күйінен бастасаңыз. – Институт Қазақстан мұсыл-мандары діни басқармасының жанынан құрылған. Діни бас-қарма сонау 90-жылдары Рәтбек қажы Нысанбайұлы ұста-зымыздың, ақсақалымыздың ерен еңбегімен құрылғаны белгілі. Тұңғыш бас мүфти Рәтбек қажы Нысанбайұлынан кейін мүфтилікке келген Әбсаттар қажы Дербісәлі ағамыздың тұсында 2002 жылы осы Имамдардың білімін жетілдіру институты ашылды. Институт жайлы сөз еткенде, 2013 жылға дейін басшылық еткен алғашқы директоры Алcабеков Мұхамед Құсайын қажыны айтпай кетуге болмайды. Одан кейін Имамдардың білімін жетілдіру институтының тізгінін Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлы бұйрығымен сенім артып маған тапсырды. Бұл – сауапты да жауапты

Мүміннің мұраты – көркем мінез

Қазақ көркем мінезді кісіні көрсе, «мінезге бай кісі екен» дейді. Яғни, мінез адамзаттың рухани байлығы екендігін меңзейді. Біз бүгінгі сұхбат барысында күллі адамзатты тәнті еткен ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көркем мінезді кімнен үйренді, мүмін мұсылманның бойындағы көркем мінез қалай қалыптасады деген сауалдар төңірегінде белгілі исламтанушы, ғалым Алау Әділбаевпен аз-кем әңгімелескен едік. – «Қияметте таразыны ауыр басатын бір ғана амал Алладан қорқу мен көркем мінез» деген пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын). Бүгінгі әңгімемізді мүміннің көркем мінезі туралы өрбітсек...  – Әу бастан-ақ, адам баласы қауым болып өмір сүруге

Жаңа оқу жылында жаңалық көп

Биыл еліміздегі ислами, діни мамандарды даярлайтын бірегей оқу ордасы «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің студенттерге есігін ашқанына 15 жыл толып отыр. Осы 15 жылдық белеске «Нұр-Мүбарак» университеті қандай жаңалықтармен келді, дүйім елді қуантар өзгерістер бар ма деген сауалдармен проректор, профессор Шамшәдин Тұрсынұлы Керім мырзамен сұхбаттасудың сәті түсті. Сәттілікке орай, жаңалықтар аз емес екен... – Шамшәдин Тұрсынұлы, биыл «Нұр-Мүбарак» уни-верситеті 15-ші жаңа оқу жылын бастады. Алғашқы оқу жылы мен биылғы оқу жылының айырмашылығы бар ма деген сауалдан бастасақ? – Әрине, ең әуелі «Нұр-Мүбарак» университеті осы уақытта жоғарғы оқу орны ретінде қалыптасып, бағыты айқындалды

Қазақтың танымы Исламмен үндес

Қазақ мәдениеті дін Исламмен қатар дамып, өркениет көшінен өз арнасын тауып, биігін бағындырды. Халықтың табиғаты мен таным-түсінігіне сай түскен хақ дін қазақ топырағында түлеп, Түркістан жұртынан көптеген ғалым-ғұламалар да шықты. Тарихи үндестік тапқан асыл дініміздің бүгінгі қоғамдағы рөлі, ұлт иммунитетін қалыптастырудағы Исламның маңыздылығы мен дін атын жамылған ағымдарға қарсы күрес жүргізудің әдіс-тәсілдері турасында белгілі исламтанушы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміремен әңгімелескен едік. – Діни басқарма бірнеше жылды қатарынан «Дін мен дәстүр» жылы деп атап өтті. Жалпы, дін мен дәстүрдің байланысын, дәстүрлі дін ұғымын түсіндіріп берсеңіз... – Кейбір адамдар

Оңғар Өмірбек, «Иман» журналының Бас редакторы: Сәләфилердің таным-түсінігі қазақтың түсінігіне мүлде кереғар

– Оңғар аға, қазір көптеген дінтанушылар елімізде сәләфизм-ді насихаттап жүрген сайттар-дың кедергісіз әрі бақылаусыз жұмыс істеуіне алаңдаушылы-ғын білдіріп, оларға тыйым салу қажеттігін айтады. Тәуелсіз қазақ діни журналистикасының ардагер журналисі ретінде бұған сіздің көзқарасыңыз қандай? – Әлбетте, сол дінтанушылар-дың алаңдаушылығын түсінемін, әрі тыйым салу қажет деген пікірін қолдаймын. Себебі, қазақ ұлт болып ұйысқалы бері мұсылман. Оның ішінде бір ғана Ханафи мәзһабы мен Мәтуриди ақидасын ұстанған. Сол ұстанымның арқасында ғана Қазақстан мен Орта Азияда сан ғасырдан бері діни алауыздық орын алмаған. Енді тәуелсіздігіміз баянды әрі халқымыздың бірлігі мен ынтымағы берік, иманы кәміл, дініміз

Нұржамал қажы Тащанова, «Ансар круиз» қажылық компаниясының басшысы: Қажылық – рухани кемелдену құлшылығы

– Міне, кезекті қажылық маусымы да жақындап келеді. Сіз бір сөзіңізде қажылық сапарына жыл бойына дайындаламыз деген болатынсыз. Қазіргі күні қыркүйек айына дөп келетін қажылық құлшылығына әзірлік барысы қалай болып жатыр? – Әр жылы ұлық сапарға тыңғылықты дайын-дықтың нәтижесінде «Ансар круиз» компа-ниясымен барған қажыларымыз құлшылықта-рын ойдағыдай орындап, Қағбаның жанында Аллаға тілектерін айтып, елге аман-есен келіп жүр. Соңғы қажылықта, әрине, қайтарда ұшақтың кешігуі секілді аздаған қиындық орын алды. Ол тек бізде емес, барлық фирмаларда да болған жағдай. Бір өзгешелігі – біздің қажылар бірнеше күн бойы әуежайда ұшақты сарылып күтпей, өздерінің қонақ үйлерінде

Алаш арыстарының ізі қалған

Семей шаһарындағы Тыныбай мешітіне - 180 жыл Тыныбай мешітінің бас имамы Біржан қажы Аманжолұлымен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз – Біржан қажы, өзіңіз имам-дық қызмет атқарып отырған шежірелі мешіттің тарихына тоқтала кетсеңіз? – Жалпы, шаһар тарихына көз жүгіртсек, XX ғасырдың басында Семей қаласында 12 мешіт, бірнеше медресе болған екен. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп жырлап кеткен хәкім Абайдың өзі Семейдегі Ахмед Риза медресесінде білім алғаны баршамызға аян. Өлке тарихын зерттеп жүрген ғалымдарымыздың айтуынша, белгілі қазақ саудагері Тыныбай Кәукенұлы осы мешітті 1836 жылы салдырған екен. М. Әуезовтың «Абай жолы» романында Тінібек деп айтылатын

Top