Өмірі өнеге ақсақал еді

Бес уақыт намаз кестесін жер-жерге тарату үшін алдын ала алуға Кеуілхош Бисенбеков ақсақал діни басқармаға жиі келетін. Ол кісімен сонда таныстым. Орта бойлы, ақсары, шоқша сақалды, жылы жүзді, көпшіл кісі екен. Осы қасиеттерімен өзіне бірден баурап алады. Әңгімесінен оның қырық жыл ұстаздық етіп зейнетке шыққанын білдім. Ақтөбе қаласындағы «Нұрдәулет» және «Нұр ғасыр» мешіттері жанындағы қысқа мерзімді курстарда оқып, діни сауатын ашыпты. Облыстық орталық мешітте кезекші молда қызметін де атқарған. Дінге ықыласы зор. Үш рет қажылыққа барған. Алғашқысында өзінің мұсылмандық парызын өтесе, екіншісінде әкесі үшін, үшіншісінде марқұм күйеу баласы үшін бәдәл

Абдулла ибн Абдулазиз

Абдулла ибн Абдулазиз – кең танылған хадис ғалымдарының бірі. «Омари» деп те аталған. 184 (милади 800) жылы Мәдинада қайтыс болды. Әкесінен және басқа кісілерден хадис-шәріп риуаят етті. Ол кісінің өзінен Сүлеймен ибн Мұхаммед ибн Яхья ибн Ұруа ибн Зүбәйір, Ибн Үәйна, Ибн Мүбарак, Мұса ибн Ибраһим секілді ғалымдар хадис жеткізген. Ибн Хиббан ол кісі жайлы былай деген: «Абдулла ибн Абдулазиз өз дәуірінің ең захид (дүниеге құмартпаған) әрі ең абидтерінен (құлшылыққа берілген) еді. Хадис ілімінде сиқа (сенуге болатын) ғалым болатын». Фудайыл ибн Ияд былай деген: «Абдулла ибн Абдулазиз бен Ибн Мубарактың жанына барып,

Ғұбайдулла халфе Ахмет

Биылғы жылды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Дін және тарих тағылымы» жылы деп жариялауына байланысты тарих ақтаңдақтарының ішінде асыл дінімізге және тарихымызға үлкен мұра қалдырып кеткен Ғұбайдолла халпе туралы жазбақшы болып қолыма қалам алдым. Ғұбайдолла халфе Ахмет (1873­­-1951) ­­– ағартушы, діни қайраткер, ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы. Қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Саралжын ауылында дүниеге келген. Ауыл молдасынан сауат ашып, кейін Жаңақаладағы Байғұл медресесінде, 1890 жылдары Ордадағы екі кластық қазақша-орысша мектепте білім алған. Бұл мектепті үздік тәмамдаған соң, оған мемлекет қаржы бөліп, Ресейдің Вятка губерниясындағы Мамонов діни оқуына жібереді. Мұнда ол

Өз ісінің шебері

Белгілі журналист-жазушы Оразалы Жақсанов 60 жаста! Бүгінгі таңда біз «фанат» деген сөзді көбіне теріс қырынан қабылдап жатамыз. Әсіресе, әртүрлі діни ағымдардың құрбаны болып, «фанатик» атанып жүргендердің көптігінен де шығар бұл. Дегенмен, өмірде игі істің, көркем кәсіптің соңына көзсіз түсіп, соған жан-тәнімен беріліп, тұтастай ғұмырын бір салаға арнайтын адамдар, яғни «жақсы фанаттардың» да бар екенін қаперге алмай болмайды. Ол адамдар бала кезінен-ақ өзінің бір кәсіпке бейім екендігін көрсетіп, ержеткесін сол кәсіпті таңдап, білім алып, кейін өмір бойы аталған істің «отымен кіріп, күлімен шығып», бар қажыр-қайратын, күш-қуатын, қарым-қабілеті мен ынта-шабытын сол жолда сарп етіп

Қуғындалған дамолла

(Кеңес заманында алғаш қажылыққа барған А. Тұрсынбайұлы жайлы деректер) 2016 жылдың 20-шы қаңтары. Мәуліт мерекесі. Мағжан Абдоллаұлы Тұрсынбаев есімді «Құрметті құрылысшы» атағы бар азамат жыл сайын ағайын-туысын шақырып, дастархан жайып, ата-анасына Құран бағыштайды екен. «Мәуліт оқылған үйге Алланың нұры жауады» демекші, бұл басқосуға біз де қатыстық. – О-о, Абдолла ағамыз кеңес одағының қылышынан қан тамып тұрған ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарында-ақ Мекке-Мәдинаға барып қажы атанған алғашқы қазақстандық, – деді қариялардың бірі мақтан көңілмен. – Апырай ә?! Расында солай ма? – десіп жатты жұрт. – Солай!.. Оған еш күмәніңіз болмасын. *** Сонымен деректей келсек, бұлар бүгінгі Қазалы ауданының

Әбу Һурайра

«Иә Алла, Әбу Һурәйра мен анасын бүкіл мүминдерге сүйікті ет!». (Хадис) Бүкіл Ислам әлеміне аты әйгілі Әбу Һурәйра – Йеменнің Дәус тайпасынан шықты. Хижраның жетінші жылында Исламды қабылдап, нұрлы Мәдинаға көшкен. Алла Елшісінің  жанында төрт жыл тұру бақытына ие болған қадірлі сахабалардың бірі. Көптеген хадистердің кейінгі ұрпаққа келіп жетуіне сүбелі үлес қосқан. Діни үкімдердің жартысына жуығы осы асыл тұлға арқылы біздің заманымызға келіп жеткен. Пайғамбарымыздың  қонақжайлы-лығы мен жомарттығының арқасында Алла Елшісінің мешітінде тек қана ғибадат етіп, ілім үйренген, Исламның негізгі қағидаларын сақтап қалу жолында үлкен ыждағат көрсеткен сахабалардың бірі [1]. Тайпа басшысы

Имам Зуфар ибн Һузайл

Имам Зуфар – ханафи мәзһабының атақты фақиһ ғұлама-ларының бірі. Ол хадис саласының да білгір ғалымы болып, Имам Ағзам Әбу Ханифаның алдыңғы қатарлы шәкірттерінен саналады. Күниясы – Әбу Һузәйл. Миләди 728 (һ.110) жылы Исфаханда дүниеге келіп, 774 (һ. 158) жылы Басра қаласында 48 жасында көз жұмады. Басра қаласында өмір сүріп, әрі сол жерде қазылық қызметін атқарған. Әкесі Һузайл Басраның әкімі болатын. Имам Зуфар ілім алуды сол қаладан бастайды. Ол әуелі хадис ғылымын меңгергеннен кейін Куфа қаласына барып, Имам Ағзамның ғылым алқасына қатысады. Осылайша Имам Зуфар фиқһ ілімін Әбу Ханифадан үйренеді. Ұстазы Әбу

Расулалланың (с.ғ.с.) түр-тұлғасы қандай еді?

Ислам тарихындағы әрбір оқиғаның алғышарт-тары, барысы, нәтижесі толық көрсетілгеніндей, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) түр-тұлғасы мен мінез-құлқы турасында да деректер сақталған. Атап айтқанда: «Алла елшісі (с.ғ.с.) жаратылысы мен мінезі тұрғысынан адамдардың ең кәмілі еді. Ол орта бойлы, екі алақаны мен екі жауырынының (екі иығының) арасы кең, толық та, арық та емес болатын. Көздері қара, кірпіктері ұзын болатын. Бұрылса, бүкіл денесімен бұрылатын. Саусақтары салалы, екі алақаны етті, сүйегі ірі, кеуделі, мығым, қайратты еді. Терісі тым жұмсақ-ты. Қастары қалың, бір-біріне қосылмайтын. Екі қасының ортасында бір тамыры болатын, ренжігенде білеуленіп кететін. Қыр мұрынды, сақалы қалың, дөңгелек жүзді,

Шәмсул-әиммә Сарахси

Сарахси – ханафи мәзһабының мәшһүр фақиһ ғалымы. Толық аты-жөні – Мұхаммед бин Ахмәд бин Әби Сәһл әс-Сарахси. Күниясы – Әбу Бәкір, ал лақаб аты – Шәмсул-әйммә. Түркістан (Орталық Азия) өңірінен шыққан танымал мұсылман ғалым. Ол һижри жыл санауы бойынша 400 (м.ж. 1010) жылы Сарахста дүниеге келіп, һижри 483 (м.ж. 1090) жылы қайтыс болады. Сарахс қаласына тиістіріліп, оны Сарахси деп атаған. Сарахс қаласы, Түркіменстанда Мәшһәд пен Мәрв арасындағы көне бір қала, қазіргі таңда Иран мен Түркіменстан шекарасын бөліп тұрған Теженд өзенінің сол жағалауында орналасқан. Әбу Бәкір Сарахси ілім алуды Бұхарада бастайды. Фиқһ

Қарнақ халфа медресесі

немесе ғұлама Қозы молда өмірінен мәліметтер Жастық шақтарым Оңтүстік Қазақстан облысының Қарнақ ауылында өтті. Сол жердегі Карл Маркс, қазіргі Махмұт Қашқари атындағы жалпы орта мектепте оқығанмын. Шамамен алтыншы не жетінші сыныпта оқып жүрген кезімде Марксизм идеалын өте шынайы насихаттайтын тарихшы оқытушымыз болатын еді. Оның: «Коммунизмде техниканың өркендеуі сондай шыңға жетеді де, тракторшы үйінде отырып, далада жер айдап жатқан тракторды басқарады», – деген сөздері әлі есімде. Міне, арада біршама жылдар өтіп, коммунистік идеяның да бір өлі қиял екендігі айдай анық болды. Бірақ үш ұйықтасақ та түсімізге кірмеген марқұм оқытушымыздың айтқан сөздері, яғни

Top