Жаныңда жүр мұсылман…

Жаратушы Иеміз адам баласын құрметті етіп жаратқан. Құран Кәрімде «Исра» сүресінің 70-аятында: «Біз адам баласын құрметті қып жараттық. Әрі оларды құрлықта, теңізде (көліктендірдік), дәмді тағам-дармен ризықтандырдық, олар-ды басқа жаратылыстардан әлдеқайда артық жараттық», – делінген. Бұл аяттан ұғарымыз: адамзат ұлтына, жынысына, нәсіліне, дініне қарамастан, «адам» есімі оның құрметті жаратылыс екенін білдіреді. Осындай құрметке ие адамдардың арасынан Алла тағала мұсылмандардың дәрежесін кө-терген. «Мужәдәлә» сүресінің 11-аятында бұл жайында: ‏«Алла сендердің араларыңнан иман еткендер мен білім берілген-дердің дәрежесін көтереді», – дейді. Расында, Алла байлықты, мансапты сүйген құлына да, сүймеген құлына да береді, ал иман сыйын тек

Адам неге намаз оқиды?

Сәжде. Шын мұсылманға одан тәтті, одан ләззатты, одан маңызды еш нәрсе жоқ. Ал сәждені тек қана намаздан табасыз. Алланың соншалықты ұлы, бүкіл кемшіліктен соншалықты пәк екенін мойындағанда, өзіміздің соншалық әлсіз, қауқарсыз, пақыр екенімізді сезіну тек намаздан ғана табылатын сезім. Бірақ, кейде осы бір алтыннан асыл байлықтың қадірін білмей, немқұрайлы қарай салатын бауырларымыз бар. Тіпті күн сайын намаз оқып жүргеннің өзінде одан тиісті пайда ала алмай жүргендер қаншама?! Сондықтан осы бір ғажайып құлшылықтың кейбір қырларына шама-шарқымызша тоқталып өтуді жөн көрдік. Сүйікті Мұхаммед Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Намаз – діннің

Қуанышты бөліссің – көбейеді

Ел мұсылмандарының сүйіп оқитын «Иман» журналының кезекті санына материал дайындап отырғанмын. Ұялы телефоным «әндетіп» қоя берді. Кім екен деп қарасам Ләтифулла екен. Сонау алпысыншы жылдары ҚазҰУ-де бірге оқыған курстас досым. Амандық сұрастық. Дауысы әлсіздеу естіледі, ентігіңкіреп сөйлейді. Сырқаттанып жүргенін айтты. Бір кездегі бір топ курстастарымнан көзі тірі мен білетін екеуі ғана қалған. Бірі осы Латифулла Қабашев. Екіншісі Астанадағы Табыл Құлиясов. Осыларды көрсем дүниеден ертерек өтіп кеткен Оралхан Бөкеев, Сейіт Кенжеахметов, Сабыржан Шүкіров көз алдыма келеді. Аудиторияда баяғыша қалжыңдасып жүргендей болады. Солардың бәрінің басын қосып, қалжыңға қарқ ететін осы Латифулла ғой.

Құран оқып, мектепке қабылданды

Бір айлық жазғы демалыстан 30 тамыз күні қалаға келіп жеттік. Қаладағы үйге орналасып, болғанымыз осы еді, алғашқы қоңырау 1 қыркүйек те келіп қалды. Үйіміздің алдында терезеден қарасақ, мектеп формасын киген балалардан мектеп ауласы гүлге оранған қызыл алаңға ұқсап тұр. Қызым екеуміз терезеден қызығып қарап тұрмыз. Қызымның жасы әлі бесте болатын. Қыркүйек айының соңында алтыға толады. Мектеп шарты бойынша бала мектепке қабылдану үшін алты жасқа толу керек екен. Содан не керек, қызымызды бірінші сыныпқа жіберу мәселесі артта қалды. Сол күні уайым қысты, ауылдан шығарда анамның «қызыңды мектеп не «нулевой» сыныпқа бер»

Жәннаттан сарай сұраған Әли

«Жәннаттан басқа нығметтің барлығы фани». (Хазіреті Әли) Бір күні Омар ибн Хаттаб (Оған Алла разы болсын) Алланың елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): – Уа, Алланың елшісі! Әли мені көрген уақытта, маған бірінші болып сәлем бермейді. Керісінше ол менің сәлем бергенімді күтіп тұрады, – деп Әлидің (оған Алла разы болсын) үстінен шағым айтып келеді. Алланың елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Әли ибн Әбу Талибты (р.а.) өзіне шақырады. Кейін: – Ей, Әли! Сен Омарды көрген кезіңде неге оған бірінші болып сәлем бермейсің? – деп себебін сұрайды. Сонда Әли ибн Әбу Талиб (оған Алла разы

Дінислам: «Қари болғым келеді»

Бала – ата-ананың қолындағы аманат. Өрендердің таза, пәк жүректері құнды гаухардай. Олардың жүрегі шам балауызы сияқты кез келген пішінге ене алады. Кішкентай кезінде әлі ешқандай пішінге енбеген, құнарлы топырақ секілді. Таза, құнарлы топыраққа қандай дән егілсе, соның жемісі өсіп шығатыны айқын. Яғни, балаларға тәлімі мол тәрбие, имандылық негіздерін үйретсе, дін мен дүние бақытына қол жеткізеді. Бұл дегеніміз перзент – үлкен бір нығмет. Егер нығметтің қадірі білінбесе, қолдан кететіні даусыз. Осы орайда, жақында Жаңақорған аудандық мешітінде тұңғыш мәрте облыс жеткіншектері арасында Құран кәрімді жатқа оқудан жарыс ұйымдастырылды. Арал қаласынан келген әуезді үнді

Алдыңғы жақсылықтан соңғысы қайырлы

Араб елдерінің біріндегі мешіт қызметкері айтып берген әңгіме: «Әрдайым намаздан кейін мешіт алдында тұрып жұртшылықты мешітке Құран үйренуге, тыңдауға шақыратынмын. Бірде жүрісі тәлтіректеген адам мешіт алдынан өтіп бара жатты, әлгі адамды мешітке шақырып едім, артымнан ере бастады. Мен болсам қуанып, бір адам болса да ілескеніне риза болдым. Мешіттің төбесі аласа еді. Әлгі адам мешітке келіп отырғанда, біраз уақыттан соң арақтың иісі шығып кетті. Мешітте ардайым намаз күтіп отыратын ақсақалдар бірі таяғымен, бірі кебісімен әлгі адамға айғайлап, соға бастады. Мен жүгіріп барып денеммен жапқанда, соққылары маған да тиіп жатты. Мен: «Әй, имам бауырым,

Әкеден ұлға сый қалар, жақсысы оның – тәрбие

Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ ықшам ауданындағы «Сұлтан-қорған» тарихи елді-мекенінде «Әли-Мұхаммед» мешіті орналасқан. Бұл әсем де, көркем мешіт мұсылман жамағаты үшін ең алдымен құлшылық үйі, әрі діни білім ордасына айналғанына биыл 21 жылға жуық уақыт болған екен. Мұнда бір мезетте 900 адам намаз оқи алады. Екінші қабатта әйелдердің намаз оқуына арналған жеке залы бар, заманауи үлгіде жабдықталған өзінің дәріс беретін медресесі мен спорт алаңы және арнайы жаттығуға арналған бөлмелері кірген адамның жүрегіне тыныштық сыйлайды. Бұл жер жасыл бау-бақша, айнала раушан гүлге толы, бірден өзіне баурап алар ғажайып мекен. Бұл мешіттің тарихы

Тамшыдай сауап

Жуырда жолым түсіп Алматы қала-сы, Наурызбай ауданы, Ақжар мешітіне барып, жақсы істің куәсі болдым. Анау жолы мешіт жамағатына уақып жөнінде уағыз айтып, сол насихат кезінде Түркиядағы «Санки йедим» («Жегендей болдым») мешітінің салынуы туралы сөз қозғап едім... Ілгеріде Түркияда бір намазхан адам өз ауылынан қалаға барып жұмыс істейді екен. Түскі ас уақытында түстену орнына келіп, өзі жегісі келген асқа қарап тұрып: «Жегендей болдым», – деп айтып, сабыр етіп, сол түскі асының ақшасын үйіне әкеліп, «Алла жолындағы садақа» деп ашып қойған жәшігіне салып жүреді. Сол қаражат жиналғанда мешіт салуды бастап, қос мұнарасын, алдыңғы михраб

Жәннатта үйім болсын десеңіз…

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) әлемдерге рахмет етуші және өзіне сенген мұсылмандарды екі дүние бақытына жетелейтін жолбастаушы. Әрі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жайында Қасиетті Құран Кәрімнің «Нәжім» сүресінің 4-аятында: «Ол өз ойынан сөйлемейді. Бұл тек көкейіне салынған уахи ғана», – деп Алланың ескертуінен кейін, Пайғамбарымыздың сөзінің маңызы мен мәнін терең түсіну біз, мұсылмандар үшін аса маңызды. Осындай сөзден кейін Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисін сіздермен бөлісуді жөн көрдім. Алланың Расулі Мұхаммед (с.ғ.с) бір хадисінде былай деп бұйырады: «Кім түнде және күндіз он екі рәкағат сүннет намазын күнделікті жалғастырса, Алла Тағалла жәннатта ол адам үшін бір үй

Top