Еңбек ету мен адал табыс табудың маңызы

Алла Тағала қасиетті Құран кәрімде: «Намаз оқылып болған соң, жан-жаққа тарап Алланың мол рақымынан (кәсіптерің арқылы) өз ризық-несібелеріңді іздеңдер», – деген. [1] Құран – адамгершілікке, сүйіспеншілікке, көркем мінезге, рухани жан тазалығы, адал еңбек етумен жақсы өмір сүруге шақырады. Құранда адамның жаратылыс мақсаттары, соның ішінде еңбек етудің міндеттілігі, осы дүниедегі несібесі жайлы дәлелдер көп: «Алланың саған берген дәулетімен ақырет жұртын ізде де, дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алла, саған жақсылық еткендей сен де жақсылық істе, сондай-ақ жер жүзінде бүліншілік ізденбе! Алла бұзақыларды сүймейді», – делінген. [2] Біздің данагөй бабалары-мыздың пайымдауынша, дүниеде адамзат баласы айрықша қадір

Адамға көңіл айтудың маңызы

Халқымыз «Қайғы бөліссе азаяды» деп азалы адамдардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтып, жұбатып келген. Бұл үрдіс ұрпақ санасына берік орнап, күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Ата-бабаларымыз көңіл айтуға да ерекше маңыз беріп, оны шешендік сөздермен көмкеріп, адамның жүрегіне жұбату етіп, шебер жеткізе білген. Қазақ халқы бірлікшіл, туысшыл болғандықтан ағайын арасындағы қайғылы жайларда ешқашан бейтарап қалмаған. Әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романындағы Құнанбаймен араз болған Бөжейдің қазасын естігенде көпті көрген Зере әженің жоқтау айтуы мен Құнанбайдың бетін сипап, иман тілеп, дұға жасауы және Бөжей үйіне ауыл-аймағымен барып көңіл айтуы осы салттың бір

Шайтан ғибадат есігінен келеді

Шейх аш-Шағрауи (Алла оны рахымына бөлесін) «Мәидә» сүресінің 92-аятын тәпсірлей келе былай дейді: «Аллаға бой ұсыныңдар және де Елшісіне бой ұсынып сақтаныңдар...», – деп Алланың бұйыруында үлкен сыр бар. Өйткені, біз ойлағандай шайтан күнә есігінен емес, ғибадат есігінен келеді. Алла Тағала аятта Алланың парызы мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетіне бойұсынғаннан кейін, «сақтаныңдар» деп бұйыруы бекер емес. Себебі, адам құлшылық жасаған сайын, нәпсісі келіп: «Сен елден артық бойұсындың, сен елден артық ғибадат жасадың», – деп келіп, адамды риякерлікке, мақтануға апарып, амалын құрдымға жібереді. Сондықтан, Алланың құлы ғибадат жасаған сайын сақ

Тату елге тыныштық орнайды

Қоғамда бейбіт, тыныш өмір мен тәртіп сақтауға шақыратын дін – Ислам. Қасиетті Құран Кәрімде: «Уа, иман келтіргендер! Аллаға және Оның Елшісіне бас иіп бағыныңдар! Сондай-ақ, бір-бірлеріңмен жанжалдаспаңдар! (Олай істер болсаңдар) үрейге түсіп, күш-қуаттарың азаяды. Сонымен қатар, сабыр етіңдер! (Өйткені) Алла сабырлы жандармен бірге болады», – деген. Өзара ынтымақ пен татулыққа, сүйіспеншілік пен қолғабыс көрсетуге шақырып, бөлінушілік пен дұшпандықтан сақтандыратын Ислам сияқты дін жоқ. Құран мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистері мұның айқын дәлелі. Мәселен, Алла Тағала Құран Кәрімде бізді бірлік пен ынтымаққа шақыра отырып, былай дейді: «Барлықтарың Алланың

Сабыр мен шүкір – мұсылман айнасы

Иман – адамгершіліктің арқауы болса, адам баласының өзін-өзі тәр-биелеу ісі, сол адамгершілікті қалып-тастырудың алғышарты болмақ. Саналы жаратылыс иесі болған адам баласының Жаратушы Иесі алдындағы сыналар тұсы да осы тәрбие мәселесі. Ата-анадан, қоғамнан, аралас-құралас ортадан алған тәрбиеден бөлек, өзін-өзі тәрбиелеу ісінде атқарған істері, қылған амалдары сын безбеніне салынады. Тәрбиелі болудың ең алғашқысы – өзіңді жаратқан Алла Тағаланың разылығы үшін өмірдегі қиындықтарға төзу, шыдамдылық ету. Бұл ұғымның араб тіліндегі мағынасы – сабырлық. Алла Тағала Құранда мұсылмандарға тән сипатының бірі – сабырлық деген. («Рағд» сүресі, 22-аят). Жалпы, сабырлық дегеніміз – мұсылманның тіршілікте кездесетін қиындық

«Патша – Құдай, сыйындым…»

Құндылықтар құлдыраған заманда Құдайға ғана құл болып, пендешіліктің пердесін ашпай, Алаш аспанына ар жұлдызын жаға білген хәкім Абайды қазақ жұрты терең һәм тыңғылықты зерттеуде. Тұңғиық теңіздегі лағыл тастарды құм-лайдан тазартқан сайын жарқырай беретіні сияқты – оның ойы да, өлеңі де өзгеше жұмбақ. «Патша - Құдай, сыйындым, Тура баста өзіңе, Жау жағадан алғанда, Жан көрінбес көзіме», – деу арқылы ақын өзінің Алла алдында бір дәрменсіз құл екендігін мойындап, адамды адастырар тұмшаланған тұманды ойдан ада тұрып, «Өзіне тура бастауды» өтінеді. Қасиетті Құрандағы «Фатиха» сүресінің 5-ші аятында айтылған: «Саған ғана құлышық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз»,

Өмірдің өтпелі екенін еске алу

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. «Мені» мен «менікінің» айырылғанын «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес. (Абай Құнанбаев) Өмірді, дүние ләззатын құша сүйген адам көп жағдайда ақиқат болған өлімді еске алудан қашқақтайды, өлім жайлы айтылса, көңілі құлазып, жүрегі сыздайды. Сол сәтте Алла оның жанын әкететіндей тыпыршып, әңгіме сарынын басқаға ауыстырады. Алла тағала Құран кәрімде ондай адамдар жайында: «(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Расында сендер қашқан өлім; әрине ол, сендерге кездеседі. Сосын көместі, көрнеуді білуші Аллаға қайтарыласыңдар. Сонда сендерге істеген істеріңді түсіндіреді» де», – делінген. («Жұма» сүресі, 8-аят) Дүние ләззатына мас болған мұндай пенделер өлімді еске алса да

Сіз қалай сәлемдесіп жүрсіз?

Мұсылмандық көріністің бірі – сәлемдесу, қал-жағдай сұрасу болып табылады. Сәлемдесу – инабаттылықтың, адамгершіліктің, имандылықтың ны-шаны. Әр адам күнделікті тірлігін бір-бірінің амандығын сұрасудан, бір-бірімен сәлемдесуден бастайды. Иә, әрбір иманды кісі тілі мен түрінің өзгелігіне қарамай, екінші мұсылман бауырына кезіксе, сәлем береді немесе берген сәлеміне тиесілі жауап қайтарады. Дана халқымыз мұны «әдепті елдің баласы – алыстан сәлем береді», – деп жеткізеді. Өмірлерін имандылықпен сабақтас-тырып, салт-дәстүрлерін дінмен өрнектеген байырғы бабаларымыз көне дәуірден бір-бірімен жолыққанда танысын-танымасын «Ассалаумағалейкүм» деп аман-саулық сұрасатын болған. Сондықтан болар, «Сәлем берген саулық алады» деуі. Қарсы тарап сәлемге жылы шыраймен «Уағалейкумсалам» деп

Түнгі ғибадат

«Әй, бүркеніп жатушы (Мұхаммед Ғ.С.)! Түнде тұр. Бірақ аз ұйықта; Түннің жарымын немесе одан да аздап кеміт. Не оған біраз қос. (Түннің жартысында не одан аз, я көп тұруда еріктісің.) Сондай-ақ, Құранды өте анықтап оқы. (Намаз парыз болудан бұрын, түнде ояу тұру парыз болған) Әрине саған салмақты (маңызды) Құранды түсіреміз. Шын мәнінде түнде тұру, нәпсіге әсерлі, оқуға қолайлы» («Әл-Муззәммил» сүресі, 1-6-аяттар) Ислам ғалымдарының айтуынша, түнгі құлшылықта жүрек пен тілдің үйлесімділігі өз ретін табады, терең әрі байыппен, соншалықты ықыласпен оқылған Құран мен жасалған ғибадаттар жүрекке әсер етеді, сондай-ақ түнгі мезгілдегі құлшылық күндізгіден

Құрбандықтың әр қылына сауап жазылады

Құрбан айт мерекесі хижра жыл санауы бойынша Зул-хиджа айының оныншы жұлдызынан бастап қатарынан төрт күн аталып өтіледі. Осы күндерде құрбан шалынады. Соған байланысты бұл мереке «құрбан мерекесі» деп аталған. Құрбан сөзі «Аллаға жақындау, Алланың разылығын табу» деген мағынаны білдіреді. Негізінде бұл мерекенің тарихы Ибраһим аләйһис-сәләм мен ұлы Исмайл пайғамбардан бастау алады. Аллаға деген бағыныштылығымен сыналған Ибраһим пайғамбар Жартушысын разы ету үшін ұлы Исмайлды құрбандыққа шалмақшы болады. Алла Тағала оған Исмайлдың орнына көктен түсірген қошқарды құрбан етуін бұйырады. Осындай үлкен сынақты бастарынан өткерген әкелі-балалы қос пайғамбардың тағылымы бүгінде мұсылман қауым үшін

Top