Шайтаннан сақтану жолдары қандай?

Ата-бабаларымыз жын мен шайтанның сиқырын ертеден білген. Сонау көне ғасырлардан жеткен аңыздар мен әңгімелерден аталарымыздың қиялының ұшқыр болғандығын, таным көкжиегінің кең болғандығын байқаймыз. Бабаларымыз ғаламның тылсым сырларын, жаратылыстың құпияларын зерттеуге, білуге талпынған. Халқымыздың көптеген ырым-тыйымдарында жындардан сақтану туралы ескертпелердің болуы осының дәлелі. Мәселен, ымыртта түнде жүрмеу, лас жерге бармау, отпен ойнамау, оттан аттамау, т.б. ырымдар тікелей жынға қатысты болса керек. Қазақ тілінде «жын» сөзі «шайтан», «ібіліс», «тажал», «дию», «пері», т.б. сөздермен бір мағынада айтылады. Жындардың жаратылысы мен олар туралы қасиетті Құранда жан-жақты айтылған. Ұлы Жаратушы Алла Тағала өз пендесін жындардан сақтандырған. Жындардың жаратылысы туралы «Рахман» сүресі,

Тақуалық киім – рухани әуреттің қорғаны

Киім ­­– ол Алла Тағаланың адамзатқа берген ең үлкен нығметтерінің бірі. Біз онымен тіршілігімізде ыстық-суықтан, күн-жауыннан қорғанамыз, әуретімізді жабамыз, ар-ұятымызды сақтаймыз және сәнденеміз. Құран Кәрімде: «Алла сендерді ыстықтан қорғайтын киімдер және зияннан қорғайтын киімдер (сауыттар) жасады. Ол осылайша сендерге деген нығметін тәмәмдайды, бәлкім, бойсұнарсыңдар», – делінген [1]. Ислам діні киім кию мәдениетін сақтау адам баласы үшін абырой һәм мәртебе, сұлулық һәм зейнет деп түсіндіреді. Қазақта «Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек» деген сөз бар. Расында, адамды хайуаннан ажыратып тұратын белгілердің бірі – киім. Ұятты жерлерін жасыру үшін Алла Тағала адамға

Құран кәрімнің ғылыми жаңалықтардан хабар беруі

Дактилоскопия Саусақтарды зерттейтін білім саласы саусақ ұштарындағы бедерлердің өмір бойы өзгермейтінін, бір адамның саусақ ұшы бедерлері басқаларға ұқсамайтынын ортаға қойған. Сондықтан қауіпсіздік заң органдарында ең сенімді сипаттану саусақтағы бедерлер арқылы жасалуда. Осы ақиқат ХІХ ғасырдың аяғына қарай табылып пайдаға аса бастаған. Құран кәрімде: «Адам баласы біз сүйектерді жинай алмайды деп ойлай ма? Әрине, жинаймыз, оны саусақтарының ұшына дейін әдемілеп, орын-орнына келтіріп қайта жасай аламыз», – деп, саусақ ұштарының осы ерекшелігіне талай ғасырлар бұрын назар аудартқан. Ешбір адамның беті басқасына ұқсамағанындай, саусақ ұштарындағы бедерлер де, толығымен өзгеше өрнектермен салынған. Осыншама кішкене әрі

Жаркент мешіті: аңыз бен ақиқат

Алла Тағала жаратқан әрбір адам баласының ақыл-ойы, қарым-қабілеті, дарыны, мүмкіндігі әр алуан. Анадан туғанда бірдей сияқты көрінгенімен ішкі-сыртқы күштердің, орта мен тәрбиенің әсерінен, қоғамның ықпалынан және түп-тегі мен қанының әсерінен адам табиғи қалыпта-сады. Бірте-бірте жеке тұлғаға айналады. Жаратылыстың жасырын жұмбақтары көп. Бір адам ақылды, ғұлама болса, енді бірінің таным-түсінігі, ой-өрісі төмен. Бірі жомарт, бірі сараң. Біреулерінің күш-қайраты тасқындап, палуан мүсінді болса, енді бірі әлжуаз, нәзік. Өмірде мүмкіндіктері шектеулі адамдар да аз емес. Біреу өнерлі, біреу одан құралақан. Біреу бай, біреу кедей. Тіршілік болған соң, жақсы мен жаман қатар жүретіні сияқты

Көкірек көзі ашылса…

Әлемдік ғылым адамдағы ақыл-ойдың орнын мидан іздейді. Данышпандық ми қыртысының көптігіне байланысты деген түсінік санада қатып қалған. Ол ғана емес, ұйқыда көретін түсті де, сананы да, басқа да адамның рухани жағына қатысты барлық құбылыстарды зерт-тегенде ғалымдар бір миды ғана айналдыра береді. Бәлкім, бұл теңгенің бір бетін ғана көру шығар, мүмкін ойдың туындайтын орны – ми емес, ми тек пайда болған ойды қабылдап, іске асыруды ғана реттейтін болар. Осы айтылған долбарды негіздеу мақсатында әуелі өз халқымыздың сөздеріне тоқталайық. Қазақ бойында парасаты, білгені бар адамды «көзі ашық, көкірегі ояу азамат» немесе «көкірегінде сәулесі

Дәстүрлі ислам тарихы мен қазынасының рухани жауһарлары

2016 жылдың көктемінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйым-дастыруымен маңызды бір шара өтті және ол ғылыми зиялы қауымның назарынан тыс қалмады. ҚМДБ бастамасымен және ұйымдастыруымен Астанадағы «Таңбалы» баспасынан жарыққа шыққан «Дәстүрлі ислам жауһарлары» атты орта ғасырларда жазылған діни еңбектер мен шығармалардан үзінділер жинағының тұсаукесері өтті. Бұл туралы 2016 жылдың 22 маусымында ҚР БҒМ Ғылым комитетіне қарасты «Ғылым ордасы» РМК мәне ҚМДБ бірлесіп өткізген «Дін және тарих тағылымы» атты дөңгелек үстелде де айтылды. Жинаққа Қарахан әулеті үстем болған дәуірдегі Ахмет Йүгінекидің «Һибәтул-хәқаиқ», Қожа Ахмет Йасауидің «Диуани хикметі», Сүлеймен Бақырғанидің «Ақырзаман кітабынан» үзінділер, Алтын

ҚАСИЕТТІ МЕКЕН

Бекжан ӘБДУӘЛИҰЛЫ Филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры   Қазақ ұғымында қажылық – қасиетті сапар. Шариғатта «қасиетті орынды зиярат ету»,– деген мағына береді екен. Осы қасиетті ұғымның аясына топтасқан жер шарындағы барша мұсылман, Алла тағаланың нәсіп етуіне қарай, жылына бір рет атқарылатын қажылық сапарына аттанады. Солардың арасында біз де бар едік. «Біз» деп отырғаным – жасы сексеннен асқан анам, жұбайым, мен бар үшеуіміз. Әсте исі адамзат баласының ұғымындағы бұл қасиетті сапар, біреудің жеке басының мақтанышы немесе бедел көтерудің құралына айналмауы тиіс. Сондықтан, мақсат етіп отырғанымыз – пенделік ойдан аулақ, бар

Өрмекші туралы не білеміз?

Бүгінгі әңгімеміз біз күнделікті көріп жүрген өрмекші туралы болмақ. Тарихқа көз жүгіртсек, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдина қаласына һижрет етіп бара жатып, Хира үңгіріне жасырынған кезде, Алла Тағала қысқа уақытта өрмекшіге әмір-пәрмен етіп тор тоқытқызады. Мүшріктердің із кесушісі іздеп келіп сол үңгірдің аузына тоқылған өрмекшінің торын көріп, ішіне кірмей кетеді. Оның артынан қарулы әскерлер де ат басын бұрып, мұнда ешкім жоқ деп ойлап өтіп кетеді. Қазіргі заман ғалымдары өрмекші жібінің беріктігі мен сапалылығы жөнінде айтады. Темірмен салыстырғанда өрмекші жібі 6 есе мықты көрінеді. Дүниеде өрмекшінің 3000-ға жуық түрі бар.

Исламдағы қазақ жолы

туралы еңбектің ел тұтастығына қосар үлесі зор Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бізге әртүрлі жат ағым-секталар ісі белең алған бүгінгі алмағайып заманда жастардың дүниетанымын қалып-тастырып тәрбиелеуде ұлттық дәстүріміздегі адамгершілік пен ар-ұят ұстанымдарын шариғат және заман талаптарына сай тиімді түрде қолдануды басты бағыт етіп ұстап отыр. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет өзінің бір сөзінде: «...Қазақтың басынан өткен талай өмір сынақтары дәстүр мен дінді бір-бірінен әбден алшақтатуға бағытталды. Қазір заман өзгерді. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп отырмыз. Мешіттеріміздің есігі айқара ашық. Намаз оқуға, Аллаға мінәжат етуге мүмкіндік пен еркіндік бар. Осы

Алаш ардақтысының арманы

Ол кісі туралы С. Мұқановтың «Өмір мектебі» романынан үзіндіні оқып көрейік: «...Ұмытпасам, курста бізге берілетін сабақтардың саны он: қазақ тілі, орыс тілі, география, есеп, жаратылыстану, педагогика, тарих, дін сабағы, ән-күй, гимнастика. Бұлардың ішінен ән-күйді ғана орыс мұғалімі оқытады, өзгелерін қазақтар оқытады. Мағжанның оқытатындары: қазақ тілі, педагогика, тарих және дін сабағы. Соңғы сабақта (дін сабағында) намаз шарттарын үйренгеннен кейін, класста Мағжанға ұйып намаз оқумен аяқталып жүрді...». Әйгілі Алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы

Top