Әйел адамға никаб тағудың шариғаттағы үкімі қандай?

Рамазан айында ауызашар уақыты таяғанда үйге келсем, қарындасым дәмді тағамдар әзірлеп күтіп отыр екен. Ауызашар үстінде әңгімеден әңгіме туындап, әйел адамның никаб тағуының (бетті жабу) шариғаттағы үкімі туралы оған түсіндіріп айттым. Себебі, оның досы Әсия никаб тағады екен. Әлбетте, күйеуінің бұйрығы бойынша. Қарындасымның айтуы бойынша, Әсияға бәрі шошынып, тесіле қарауы ұнамауы себепті, никаб тағуға алғашқыда қатты жүрексінген. Тіпті, ұнатпайды да. Жолдасының бұйрығы деп көніп жүр. Бірақ, шариғаттағы никабтың үкімі туралы біліп беруімді өтініпті қарындасымнан. Сонымен, тақырыпты басымнан өткен мына оқиғамен бастадым. – Медреседе оқып жүрміз. Ақида сабағын Сансызбай ұстаз өткізіп болған

«Мені еске алу үшін намаз оқы»

(немесе намазға кейбір тартысты мәселелер) Бала кезімізде ата-әжелеріміз сұрайтын: – Мұсылмансың ба? – Әлхамду лилляһ, мұсылманмын! – Раббың кім? – Раббым – Алла. – Дінің қай дін? – Дінім – Ислам. – Кітабың қайсы? – Кітабым – Құран. – Мәзһабың қайсы? – Имам Ағзам Әбу Ханифа. – Имамың кім? – Әбу Мансұр Матуриди, – деген тәрізді сұрақ-жауаптарды айтып, бізге үйретіп отыратын. Шынын айтқанда, сонда көп нәрсені түсінбейтінбіз. Кеңес одағы билікке келген уақытта дінге қатты қысым басталды, намаз оқуға, ораза тұтуға тыйым салынды. Сондай әділетсіздікті, зұлымдықты көрсе де, бабаларымыз дінде, имандылықта берік тұра білді, тіпті кейінгі ұрпақтың тәрбиесін уайымдап, жасырын күйде ағартушылықпен айналысты, діни ілімді

Қари болам десеңіз…

Құранды бастан аяқ жаттаған жанды қазақтар «қари» дейді. Сыйлап төрін береді. Имамдыққа шығарады. Ықыласы ауып, сүйсініп тұрады. Қысқасы, бұл жалғанда сый-құрметтен кенде емессіз. Әрине, сол биікте қала алсаңыз. Қарилық тұлғаңыз жұрт сүйсінген сұлбаңыз. Жә, жалған деп қалдық қой жаңа. Алланың құлына деген рақымы бұл өмірдің қызығымен ғана шектел-мейді, әрине. Әсіресе қари құлына. Қияметте оның ата-анасына нұрдан тәж кигізіледі. Өзі өмірде жаттаған аяттарын тоқтағанынша оқып жәннаттағы дәрежесі жоғарылап жатады. Жаттағанына амалы сәйкес келсе деген үлкен шартпен.Айтпағымыз бұл емес. Құранды жаттау екі дүниеде де тек бақытқа бастайтынын бәрі білер, мұсылманмын деген қауымның. Ал, айтқымыз

«Алақ» сүресі

Аяттардың мағынасы «1. Жаратқан Раббыңның аты-мен оқы! 2. Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. 3. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. 4. Ол қаламмен үйреткен. 5. Ол адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен. 6. Сөз жоқ, адам баласы азғынға айналады. 7. Өзінің байлығын өзіне жеткілікті санағаны үшін. 8. Есіңде болсын, ақыр соңында оралу сөзсіз Раббыңа қарай болады. 9. Көрдің бе, тыйым салғанды. 10. Бір құл намаз оқыған сәтте. 11. Көрдің бе? Егер ол (Мұхаммед) тура жолда болса да. 12. Немесе тақуалықты бұйырған болса да. 13. Көрдің бе? Егер ол (адам хақты) жалғанға шығарып, бет

Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар

Сұрақ: Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді? Жауап: Рамазан айында сәресіне тұр-маған кісі сол күнгі оразасына ниет етіп, ештеңе жеместен ауыз бекітеді. Себебі, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «ашура күні» [Мұхаррам айының оныншы күні] жаршыға былай жария етуді бұйырды: «Кім бір нәрсе жеп қойған болса, аузын күннің соңына дейін берік етіп тәмамдасын. Ал ештеңе жемеген адам, сол күйінше жемесін (ораза ұстасын)!» [Сахих Бұхари, Китабус Сиям, 1824-хадис]. Бұл хадистен түсінетініміз, ораза кезінде сәресіге тұрмай таң атырған кісі де сол күнгі ораза-сын ұстайды. Сұрақ: Сәресі уақытын күн шығысымен тоқтату керек пе? Жауап: Сәресінің

Ораза жайлы Алла елшісі не деді?

«Кім Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаса, оның бұрын істелген күнәлары кешіріледі» (Бұхари, Мүслім). * * * «Жәннатта Раййан деп аталатын қақпа бар. Ол қақпадан ораза тұтқандардан басқа ешкім кірмейді. Қиямет күні: «Ораза ұстағандар қайда?», – деп жар салынады. Ораза ұстағандар тұрып, сол қақпадан кіреді. Олар кіріп болған соң ол жабылып, одан басқа ешкім кірмейді» (Бұхари, Мүслім). * * * «Мен Расулуллаға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) барып: «Маған бір амал бұйырыңыз. Мен сол амалды орындайын», – деп айтқанымда, Ол: «Ораза ұста. Себебі, онымен тең келетін амал жоқ», – деп жауап

Қош келдің, иә, Рамазан!

Ассалаумағалейкүм, йа, шәһри рамазан, Уағалайкүмассалам, түсті Құран Кәләм, Әуелі хазірет Расулына жүз мың сәлем, Оразаны парыз қылды Алла Тағалам. Мұхаммед үмбетіне, йа, шәһри рамазан. Рамазан айында келдік бұл баптарға, Кім жетіп, кім жетпеген бұл айларға, Құдайым иманымыз нәсіп етсе, Кірерміз жұмақтағы сарайларға. Мұхаммед үмбетіне, йа, шәһри рамазан. «Мәрхәбән, йа, рамазан», яғни «Қош келдің, йа, рамазан» деп, жылына бір рет келетін Рамазан айын барша мұсылман үмбеті асыға күтетіні анық. Рамазан – қасиетті бес парыздың бірі болған ораза айы. Барша мұсылман баласына қуаныш сыйлаған бұл ай хақында көптеген еңбектер жазылған. Ел ішінде «жарамазан» (кейде «жарапазан» деп аталады) деген атпен тараған діни өлеңдерде Рамазан айының ерекшелігі, қадір-қасиеті кеңінен жырланған. Ғылымда «Жарамазан»

«Адият» сүресі

Аяттардың мағынасы Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. 1. Қатты ентігіп, шапқан. 2. (Тұяғынан) от шығарған. 3. Таң сәріден шабуыл жасаған. 4. Тозаңдатып, шаңдатқан; 5. Сөйтіп жаудың ортасына шаңдата кірген аттарға серт. 6. Шын мәнінде, адам баласы Раббысына тым көрсоқырлық етеді. 7. Шындығында ол, өзі де соған куә. 8. Сондай-ақ ол, байлықты өте жақсы көреді. 9. Ал олар білмей ме? Қабір-дегілер қопарылып, шығарылған кезде. 10. Көкіректегілер жарыққа шығарылған сәтте. 11. Сол күні Раббыларының, олардың ахуалынан толық хабардар екенін (білмей ме)? Сүренің атауы Бұл сүре «адият» сөзіне серт қылып басталғандықтан «Адият сүресі» деп аталған. Адият – мұсылман әскерлердің дұшпанға қарсы шапқан аттары.1 Сүренің түсу себебі Тәпсірші

Ханафи мәзһабы бойынша жаназа шығару мен жерлеу рәсімдері

Өмір бар жерде өлім бар. Шынында, өлім хақ және ол әрбір жаратылған жандының соңы болып табылады. Алла тағала Құран Кәрімде бұл жайлы: «Өзекті жанда өлмейтін пенде жоқ. Сендердің игіліктеріңнің бодауы қиямет күнінде толық қайтарылады. Тозақтың беті әрі болып, ұжмаққа кірсеңдер – мұраттарыңа жеткендерің. Дүние деген – опасыз тіршіліктің алдамшы қызығы», – дейді («Әли Имран» сүресі, 185-аят). Саналы ғұмырында әрбір ақыл-есі дұрыс адам ажал жетпей тұрып Алла Тағалаға құлшылық етіп, өзіне жүктелген парыздарды орындау тиіс. Пайғамбарымыз  хадис-шәріпінде: «Дүние ләззаттарын жермен-жексен ететін ажалды еске алыңдар», – деген. Бүгінгі әңгімемізде біз пәниден бақиға өтуші жанға

Ережеп – Алланың айы

Алла тағала «Тәуба» сүресінің 36-аятында: «Расында Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардың төртеуі құрметті айлар. Міне, осы берік дін», – дейді. Мұхаммед Пайғамбарымыз  қоштасу қажылығында: «Бір жылда он екі ай бар. Бұлардан төртеуі харам айлар, үшеуі қатар келген – Зилқағда, Зүлхижжа және Мұхаррам, төртіншісі – Ережеп», – деп жеке-жеке атап көрсеткен (Имам Бұхари). Пайғамбарымыз  қасиетті айларға көп көңіл бөліп, сахабаларға оларды қалай өткізу керектігі жөнінде айтатын. Сондай-ақ, ережеп айы кіргенде: «Раббым, ережеп пен шағбан айларын берекелі ете гөр! Бізді Рамазанға аман-есен жеткізе гөр!», –

Top