Наурыз мерекесі мұсылманшылыққа қайшы ма?

Алты ай қыстан аман шығып, жер бетін әсемдікке бөлейтін Наурыз айы да келді. Көктемнің бұл күндерінде кешегі қыстан қалған жердің тоңы жібіп, бәйшешектер гүл атады. Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы. Сондай-ақ, Наурыз – бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі. Сол себепті шығыс халықтары да Наурызды жыл басы мерекесі ретінде тойлап, ерекше күн ретінде атап өтеді. Парсы тілінде «нау» - «жаңа», «руз» - «күн» деген ұғымдарды білдіреді. Санаулы күндерден кейін халқымыз Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын мерекелеуді бастайды. Қазақ халқы да сан ғасырдан бері Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл

Қазақ отбасындағы ұл баланы тәрбиелеу ерекшеліктері

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуға, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала –  қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Қазақ отбасының ерекшелігі – жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар

Жақында Семей қаласында таблиғи жамағат сектасының жұмыстарын насихаттаған Алматы облысының тұрғындары, төрт адам ұсталған. Тіпті, бұдан басқа да түрлі ақпараттық қағаз таратып, өз қатарларына адам жинайтын протестанттық топтар да кездесіп отыр. Және бір айта кетер мәселе, діни ағымдар енді өздерінің тәсілдерін біршама өзгерткен. Бұрындары «Иеһово куәгерлері»  көше кезіп, адамдарды тартса, үй-үйді араласа, енді олар әрбір тұрғын үйге телефон шалу арқылы өздерінің жұмыстарын жалғастыруға ұмтылуда. Жат пиғылдарын жүзеге асыру үшін түрлі электронды ақпарат құралдарын, ғаламтор желісін қолданады. Семей қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Ақылхан Қасқабаев бүгінде террорлық әрекеттерге ықпал етіп

Әбу Ханифа мәзһабы – қазақ мұсылмандығының алтын діңгегі

Қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрі Ислам құндылықтарына негіз-делген. Өйткені, мәдениет – діннің құрамдас бөлігі. Дінсіз мәдениет болмайды. Сондықтан, ақпараттар ағыны тасқындаған уақытта ұлттық мұраларымызды тү-гендеп, танып-білуіміз, мем-лекетіміздің өсіп-өркендеу жолында алар орны ерекше. Рухани мұраларымызға үңілсек, қазақ мәдениеті Ислам әлемі мен өркениетінің ажырамас бөлшегі екенін байқауға болады. Тарихы терең қазақ халқының алмағайып замандарда жер бетінен жоғалып кетпей, іргелі ел болып, дінін сақтап қалғаны – оның еркіндікке ұмтылған ерік-жігерінің, асқақ рухының, отансүйгіш иманы мен ибалылығының арқасы. Біз дін мен дәстүрді даналықпен үйлестіріп, өнегелі өмір сүрген халықпыз. Бұл – бабаларымыздан келе жатқан сара жол.

Қазақ жыраулары және имандылық иірімдері

Біз, қазақ халқы, табиғатынан имандылыққа, ақын-дыққа, даналық ойға жақын жұртпыз. Бабаларымыз табиғатынан текті, сөзі келісті, пікірі кесімді, парасатты болған. Жаугершілік заманда батырларымыз ерлік көрсетсе, ел ішіндегі дау-дамайға ақындарымыз дайын болған. Ал, арағайындық қызметті, яғни екі елді табыстырып, мәміле жасасуға дана билеріміз белсенділік танытып отырған. XV ғасырда, яғни Алтын орданың ыдырау тұсында өмір сүрген Асан Қайғы бабамыздың отты жырлары мен өсиетті өлеңдері имандылыққа негізделген. Оның шын аты – Хасан Сәбитұлы. Тарихи деректерде жазылғандай, бабамыз Қазақ хандығының негізін салушылар деп саналатын Керей мен Жәнібек хандардың ақылшы биі болғаны белгілі. Мұны қазіргі тілмен түсіндірсек,

Дәстүрлі дін адамгершілік идеясына негізделеді

Қазақ халқы ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрлі Ислам діні қоғамда, мемлекетте тыныштықты, адамгершілікті, парасаттылықты насихат етеді. Алла Тағала адам баласын Құран Кәрімде: «Ол жаратылғандардың ішіндегі ең абыройлысы», – деп дәріптейді. Сондықтан, ата-бабаларымыз осы ұстанымды басшылыққа ала отырып, ұрпағын ізеттілікке, ізгілікке тәрбиелеген. Халқымыз ғасырлар бойы дінді руханияттың негізі санап келді. Ұлттың рухани құндылықтары дін қағидаларымен үндесіп жатты. Ата дініміз Исламдағы адамгершілік, сыйластық, өзара құрмет, келісім, имандылық, білімге құштарлық, еңбекқорлық, отансүйгіштік сияқты асыл құндылықтар мен қасиеттер ұлтымыздың болмысында бұрыннан бар мінездермен астасып, рухани құндылықтардың қайталанбас ке-шенін құраған болатын. Яғни, дін руханияты дәстүрлі құндылықтарға

Дәстүр-салтым – қазақы қалпым

Әр ұлттың орналасқан жеріне, табиғаты мен танымына, тұрмыс-тіршілігіне қарай дәстүрі мен салты, әдет-ғұрпы қалыптасуы заңды құбылыс. Дәстүр – адамдардың өмір тіршілігінде әртүрлі жағдайларға байланысты замана ұстанымы, сан түрлі ұлттың өзіне тән мінезі мен танымына сәйкес біте-байланысқан үрдіс деп түсінем. Дәстүр уақыт, заман талабына қарай өзгеріп отыратыны да белгілі заңдылық. «Әр елдің салты басқа, иті ала қасқа», «Елу жылда ел жаңа» деп ұрпақтың ауысуы арқылы кейбір дәстүрдің тозығы жетсе, бәзбір жаңа дәстүрдің озығы келетініне уақыт куә. Салт-дәстүрдің өнегелісі де, өткіншісі де, кейде өкініштісі де ұлтымызда ұшырасып қалады. Дін Ислам дәстүрден жоғары тұрады.

Ислам және дәстүр

Хақ дініміз Ислам – амандық, есендік, бойұсыну, бағыну, берілу мағыналарын білдіреді. Яғни, Ислам діні әрқашанда амандық пен есендік, тыныштық пен ын-тымақ, береке-бірлік жолын ұстанатын дін. Ұлы Алла Құран Кәрімде былай дейді: «Барлықтарың Алланың жі-біне (дініне) жармасыңдар, сондай-ақ өзара бөлінбеңдер» («Әл Ғимран» сүресі, 103-аят). Алла Тағала және былай дейді: «Ей адам баласы! Шүбәсіз, сендерді бір ер, бір әйелден (Адам мен Хауадан) жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында, Алланың қасында ең ардақтыларың – тақуаларың. Шәксіз, Алла толық білуші, әрі сендерден хабар алушы» («Хужурат» сүресі, 13-аят). Ұлт болуымыздың өзі –

Қазақпын дегенің – мұсылманмын дегенің…

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының идеясынан туған дін мен дәстүр бастамасы діни салада һәм қоғамда ізгілікті іс-шаралардың, қайырымдылық жұмыстардың жүзеге асуына серпін берді. Салт пен сана қайта жаңғырып, бұл салада тың зерттеулер жасалуда. Құстың қос қанаты іспетті елестейтін дін мен дәстүр сабақтастығы зиялы қауым, мемлекеттік тұлғалар тарапынан да үлкен қолдауға ие болды. Осы қос ұғымның бір-бірімен біте-қайнасып, ұлт өмірінің өзегіне айналған тұстарын әспеттеп, айшықтайтын кітаптар шығарылды, мазмұнды мақалалар легі басылымдарда жарияланып келеді. Назарларыңызға ұсынып отырған «Асыл арна» ислами-ағартушылық телеарнасының бас директоры Мұхамеджан Тазабектің «Қазақпын дегенің – мұсылманмын дегенің...» атты жазбасы да

Қазақ халқының отбасы салт-дәстүрінің Ислам дінімен сабақтасуы

Отбасындағы сыйластық Қазақ халқында әке-шешенің орны әрдайым ерекше. Әкені асқар тауға, ананы мөлдір бұлаққа теңегені сөзіміздің айғағы. Міне, мына өмірде әке-шешенің орнын толтыратын ешкім жоқ. Біздің әке-шешемізге «түһ» деп айтуға да хақымыз жоқ. Салт-санамыз бойынша, әке-шеше – отбасының негізгі тіректері. Отбасындағы бала мен келін – ата-ананың дұғасына мұқтаж жандар. Халық арасында «батаменен ел көгерер» деген дана сөзге орай, жастар үнемі ата-ананың алғысын алып, жақсылық жасауға тырысқан. Құранда бұл туралы былай дейді: «Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке

Top