Сонда әкетайым жәннатқа кетті ме?

Діни басқарма жанында Қажылық Миссиясы жұмыс істейді. Миссия мүшелері қажылық маусымы кезінде көптеген іс-шаралар ұйымдастырады. Биыл Бас мүфти бастамасымен журналистер де қажылыққа барып қайтты. Тілшілер арасында осы жолдардың авторы да болған еді. Қажылық деген – тәрбие мектебі ғой, шіркін! Ұзын-сонар кезек, адам кептелісі, күннің аптап ыстығы, тастақ жерде түнеу, ұлы сапарда кездесетін азды-көпті сынақтар – пенденің сабырын шыңдайды, тақуалығын арттырады. Керісінше, Қағбаға деген сағыныш осынау машақаттарға мойымауға тәрбиелейді. Шәй ішпесе басы ауырып, балтыры сыздайтын ақ самайлы әжелер мен ақ жаулықты аналардың, ақсақалдардың бірнеше шақырымды шаршамай бағындырғанын байқап, сауапты амалға асығудың орнына

Ғазиз парыз (әңгіме)

Асылбек бұл мамандықты мектеп қабырғасында жүргенде-ақ таңдаған-ды. «Қайткенде де мен дінтану маманы боламын», – дейтін ол іштей бекініп. Оны сол кездің өзінде-ақ ақпарат көздерінен берілетін дінмен байланысты сан-салалы жаңалықтар, әсіресе түрлі жат ағымдардан болып жатқан кесір-кесапаттар көп ойландыратын. Мұның сыры неде, соны білмек болатын. Сонымен жас талапкердің айы оңынан туып, ҰБТ қорытындысы бойынша қалаған мамандығына жоғары оқу орнына түсті. Міне, сол оқуын биыл тәмамдап, университеттің бакалавриатын дінтану мамандығы бойынша бітіріп шықты. Бір кезде өзін толғандырған сұрақтарға оқымысты ұстаздарынан толық жауап тауып, енді басқаларға діни ағартушылық дәріс беруге, тіпті мемлекеттік органдарда

Екі достың ерлігі

Тал түс. Шілденің күні күйіп тұр. Бұл кезде үлкен қаладағы қайшыласқан адамдардың нөпірі де азайған ба, қалай? Он-он бір жастардағы біреуі ұзын, екіншісі аласа бойлы Рүстем мен Дастан балмұздақ жеуге үйлерінен жүгіре шыққан. Олар аяқжолмен жүрмей, атшаптырым саябақтың ішімен төтелей тартып келеді. Кенет кең даңғылға тақау қағаберісте, шөп үстінде жатқан ер адамды көздері шалды. Сұлқ түскен кісі қозғалмайды. Анадай жерде ары-бері ағылған жаяу жүргіншілер. Ешқайсысы оған көңіл аудармайды. Өтіп жатыр, өтіп жатыр. – И-й, байғұс-ай! Әуе айналып жерге түскен ыстықта ішпесе қайтті атау кересін! – Маскүнемге аптап не, аяз не бәрібір ғой! –

Бағың нұрлансын, балам!

Әбуталап кәрияның қалаға қоныс аударғанына көп бола қойған жоқ. Ауылдағыдай емес, мұндағы тірлік арсы-гүрсі, қым-қуыт па дейсің. Көп қабатты үйдің тұрғындары таңертеңмен жұмыстарына кетеді. Кешке қарай оралысымен үйді-үйлеріне кіріп, есіктерін тарс бекітіп, қайтып көріне қоймайды. Көлеңке ұзарып, іңір қараңғылығы қоюланғанша есік алдындағы ағаш орындықтардың біріне жайғасып жан-жағына қарап отырады. Бұл жерде де немерелерін ойнатқан бірді-екілі кемпір-шалдан өзге ешкім көзге шалынбайды. Біраздан байқап жүр: бұлар тұратын екінші қабаттағы қарама-қарсы пәтердегі кішкентай бала кәрияның қасынан үндемей өте шығады. Өзі пысық бала сияқты. Тап-тұйнақтай киініп, қоңыр сөмкесін арқалап тымпың-тымпың кетіп бара жатқанымен, үлкен адаммен

Айна алдында ақтарылған ой (әңгіме)

Мақсат үйдегі үлкен айнаның алдына келіп жайғасты. Әуелі, өз болмысына барлай қарап алды. Қырықтың қамалын бағындырған сабазың өзін әлі де болса сері сезінетіндей. Айнаға ұзақ тесіліп қарап отырып, айнаның бергі жағындағы Мақсатпен арғы жағындағы Мақсат өзара ортақ бір тақырыпқа әңгіменің тиегін ағытты. – Бұл өзі қалай болғаны? Қырыққа келіп қағынғаным ба, әлде желіккенім бе?! Бұл ойымды жұбайым мен ағайын-туыс қалай қабылдар екен? Егер әйелім естісе, бұлқан-талқан болып кетіп қалады-ау. Ағайын-туыстың құлағына жетіп жатса «қазақ байыса, қатын алады» деген мақал тура айтылған екен, байғұс-ау тоқал сенің не теңің,әуелі отбасыңды асырап алмайсың ба?

Дүниекезек

Көктем айының шуақты күні көкжиекке ілінгелі бері тіршілік атаулы ұйқысынан оянып, табиғаттың беймаза ырғағы әлемді билеп алғандай. Қытымыр қыстың әуре-сарсаңға толы күндерінен шаршаған жұрттың да көңілі бұл күнде көтеріңкі. Қаланың сыртқы бөлігінде жасанды көлдің жағасына жақын орналасқан көркі көз тартарлық зәулім үйдің сұлбасы алыс жерден менмұндалайды. Іші-сырты заман талабына сай безендірілген бұл үй Күреңбай атты елуді еңсерген кәсіпкер азаматтың меншігі. Күреңбай – толық денелі, қара мұртты, көздері үлкен, жалпақ мұрынды адам. Шарасынан шыққан үлкен қара көздерінен мейірімнен гөрі біртүрлі суық ызғардың лебі білінгендей. Жастайынын саудамен айна-лысқан бұл адамның мінезінде адамгершіліктен

Айттық бермеген үй

Ол кезде бiз маң даланың меңi-реу бiр түкпiрiндегi алақандай ғана ауылда тұрушы едiк... Бүгiн – айт. Қай үйге кiрсеңiз де, төрден есiкке дейiн созылған көлдей-көлдей ақ дастарханды көресiз. Ал олардың үстiнде күн сайын көзге түсе бермейтiн, көзге түсе қалса да қолымыз жете қоймайтын неше түрлi тәттi-дәмдi бауырсақ, балқаймақ, кәмпит, күлше сықасып, иiн тiресе қалады. Қазiр ауылдағы балалар айттай ма, айттамай ма бiлмеймiн, бiрақ, балалық шақта бiз дегенiң... бiз дегенiң, ойпырымо-о-ой, күн шықпай жатып-ақ бiр жерге топтанып жинала қалатынбыз да, әне-мiне дегенше, азанғы шайын ендi ғана алдарына ала берген үйлерге жамырап кiрiп, айттауды

Қарынбай

– Ата, ата, айтқа қой сойғалы жатырсыз ба? – деп Қасым атаның қос немересі жүгіріп келді. – Құрбандық шаламыз, – деді атасы қызыл ісектің аяғын кендір жіппен буып жатып. – Алақай, бүгін қуырдақ жейтін болдық, – деп қуанды немересінің үлкені Азат. – Бұйырса жейсің, ботам, – деді атасы. Сөйтті де күбірлеп Құран оқып, бата жасады. Әкесі пышақты қолына алып, қойдың басын құбылаға бұрды. Ал Алматтың қызыл ісекке жаны ашып тұр. Қозы кезінде сүйкімді болатын. Енесі жоқ жетім қозыны емізікпен емізіп отырғанда қасына қорықпай келіп, ернімен саусақтарын тістелеп, бет жүзін иіскейтін. Жеңінен тартатын. Сонда оған

Бір қап алтын

Кезінде Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа ғалейһи уассалам Миғражға көтерілгенде керемет шахар көріпті. Ол – Ыстамбұл қаласы екен. РасулАлла Миғраждан оралған соң: «Ыстамбұл күндердің күнінде мұсылмандардың қолына түседі. Сол шахарды алған қолбасшы да, әскерлер де қандай бақытты!», – деп сүйіншілеген көрінеді. Жасы сексеннен асқан Мехмет Баям Түркияның Мэрсим қаласын мекендепті. Ол өзіне тиесілі үлкен алқапқа күріш, бұршақ, ноқат, жасымық сынды өсімдіктерді өсіріп, оларды Иракқа апарып өткізеді екен. Ол кезде бүгінгідей ұшақ, болмаса КАМАЗ, Триллер сияқты жүк машиналары жоқ. Түркияның оңтүстік-шығысынан Ирак бағытына қарай Евфрат өзені ағады. Филип қаласы өзенге тақау болғандықтан, кесілген бөрене ағаштарды біріне-бірін

Қарт

Жасы біразға келген ақсақалдың аядай бөлмені жалғыз өзі паналағанына да біраз жыл болды. Өзінен басқа ешкім жоқ. Үстіндегі киімі де неше жыл бұрынғы. Сызық түскен ескі күртеше. Қарағанға көнелігі бірден-ақ байқалады. Әрдайым өзімен-өзі сөйлеседі, күледі, езу тартады. Құдды біреумен сырласып жүргендей. Сол әдеті бойынша ішіндегісін сыртқа шығарған болып өзімен-өзі қайта сөйлей бастады: «Ой, Алла! Мына жарық тағы да өшті-ау. Тағы да сол күндегі қараңғылық. Бұл қара түнек адамды үркітіп-қорқытқысы келе ме, қайтеді ей, өзі? Білмеймін, қараңғыдағы түріміз мынау, ал өлгеннен кейін қабірдегі жағдайымыз не болмақ сонда?!» Алғаш аяқ басып келгелі бері

Top