Институтта имамдар діни һәм дүниеуи білім алады

Жуырда Түркияда «V халықаралық халал және салауатты өнімдер» атты тақырыпта айтулы көрме өтті. Әлемнің әр түкпірінен келген делегация мүшелері халал өнімдері туралы пікір алмасты. CNR Expo тарапынан өткен көрмеге еліміздің дін қызметкерлері де қатысты. Қазақстан мұсылмандары діни басқар-масының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен ҚР Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының директоры Кенжеәлі қажы Мырзабай Ыстамбұл шаһарына қазақстандық делегацияны бастап барды. «Бүгінгі таңда елімізде халал өнімдер шығаратын кәсіпорындар саны көбеюде. Алайда, бұл салада қадағалау, үйлестіру жұмыстары көңіл көншітпейді. Өйткені, өнім мен қызметтің дұрыс-бұрысын ажырататын ережелер, нормативтер, яғни стандарттар жоқтың қасы. Сол ережелерде

Харамнан бойды суытып, халалға көңіл бөлсеңіз…

Ислам дінінде әр мұсылман халал мен харамға көңіл бөлуге міндетті. Халал деп дінде құпталған, ерік берілген, рұқсат етілген істер айтылса, ал шариғат шеңберінде нақты тыйым салынған істер харам болып белгіленген. Құран мен хадистерде бұйырылып, сахаба, табиғиндеріміз ерекше ден қойған бұл мәселеге біз бүгін қаншалықты мән беріп жүрміз?  2901

Асымызды адалдап ішейік!

Ислам тазалық пен пәктікке, сабырлылық пен адалдыққа үндейді. Қасиетті Құран кәрімде: «Сөзсіз, Алла тәубеге келгендер мен тазаланған-дарды жақсы көреді» («Бақара» сүресі, 222-аят), – делінген. Байқасаңыз, аятта тәубеге келу мен тазалану мәселесі қатар аталған. Себебі бұл қос ұғым нағыз тазалықтың екі негізі саналады. Бірі – тәніміздің, екіншісі – рухымыздың тазалығын білдіреді. Тәубеге келудің өзі күнәдан арылып, тазарудың бірегей жолы. Дене таза бол­ғаны­мен, жан-дүниесі кір­ болса, оның иманының кәмілдігі күмәнді. Демек, мәң­гі­лік ба­қыт­қа қол жеткізу­дің ал­ғаш­қы шарты – та­за­лық. Тазалық жүрекпен, ішкі жан-дүниемен байланысты болғандықтан, ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис-шәріптерінің бірінде: «Тазалық –

Халал индустриясы шариғатқа сай дамысын!

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Қажымханұлы Мәсімовке! Құрметті Кәрім Қажымханұлы! Еліміздегі «Халал» өндірісінің басы-қасында жүрген бір топ өндірушілер мен оны тұтынушылар, бірқатар қоғамдық ұйымдар Қазақстандағы осы салада бүгінгі таңда қалыптасып отырған мән-жайдан Сізді хабардар еткіміз келеді. Өзіңізге белгілі, соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланып жатқандай, халал өнімге деген сұраныстың еселеп артқаны байқалады. «Халал» стандарты бойынша техникалық комитет төрағасы М.А.Сәрсенбаевтың айтуына қарағанда, республика бойынша осы салада 500-ден астам үлкенді-кішілі кәсіпорын жұмыс істеуде және олардың саны өсу үстінде. Бүгінгі өмір көрсетіп отырғанындай, әлемде, соның ішінде елімізде де адам денсаулығына пайдалы әрі қауіпсіз халал тағамға тиісінше мән беріле

Top