Адамдық жыры

«Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». (Абай) Қонақжай сонау ауылда, Қойнауы құтты бауырда, Қазақы болмыс ойнаған, Алпыс екі тамырда, Бақыттың тылсым тілінде, Бұлбұл құс сайрап маңында, Қамшысын өріп қарт отыр, Қанағат қылып барына. Еркесі есіл даланың, Немере қойып жарағын, – Ата, – деп сосын үн қатты, – Бар еді саған сауалым. Қолғабыс болдым ісіне, Анамның бағып қабағын. Сонда ол алғыс айтпастан, «Құлыным, Күнім, қарағым... – Анашым деді, - Адам бол», Жайдарлы қылып жамалын. Ал, ата, айтшы сен маған, Қалайша адам боламын, Адам боп қалай қаламын?.. – Адам боп, қарғам, қаласың, Бауырға бассаң талайды. Адамдық кілтін табасың, Оқысаң хәкім Абайды. Сейіліп бұлт санаңнан, Көресің ғажап арайды. «Нұрлы ақылға» жан еріп, «Ып-ыстық қайрат» жанайды. «Жылуын шашқан жүрекпен», Келмеске кетер бар

Емханада

Күндердің бір күнінде, Кеше, әлде бүгін бе? Емханаға кірді аптығып, бір пенде, Жабырқау бар түрінде. Басқалар да келіп жатты кешіккен, Құр қалмайын дегендейін несіптен. Бірі мұңлы, енді бірі көңілді, Шығып жатты «кардиология» деп жазылған есіктен. Дәрігердің емдеуі де тез еді, Келді әлгі науқастың да кезегі. Жүрегіне шағымданған байғұстың, Асылында ауыратын көзі еді. «Амансыз ба, сәлемет пе?», – деп кірді. «Аманбыз» деп дәрігер, жауап берді екпінді. – Қандай шағым, алаңдатқан не еді? – Сұрақ қойды, науқас жанға деп түрлі. – Жүдеп жаным, ет жүрегім талғандай, Шерменде боп, жүрекке дерт толғандай. Байлығым бар, бала-шаға бақытым. Шын бақытты жүрмін бірақ армандай. Қалағанды сатып алам, ақшаға, Ойымдағы іске асады, ойланбай. Шын бақыттың, сезіне алман ләззатын. Бақыттымын деп

Қажылыққа шақыру

Қажыға бар ағайын, қажыға бар! Қажылықтан жаныңыз азық алар. Әттең дүние – опасыз! Өтіп кетсе, Өкініш пен тек қана назы қалар. Қажылық қыл мұсылман, Меккеге кел! Келмесеңіз, дүниең текке кетер. Жақсылыққа қолдансаң, дүние – игі, Жамандыққа қолдансаң, өкпелетер. Тіл сындырған бауырым кәлимаға, Келмеймісің Расулға (с.ғ.с.), Мәдинаға?.. «Қажылық – бес парыздың бірі» деген, Хадис шәриф, аяты кәримада. Күнәнің бәрін кешер Арафатта, Бұдан артық не керек жамағатқа?! Жылына бір келетін қажылыққа Өмірде бір баруға шама жоқ па?! Қажыға кел жамағат, тауап жаса! Хақ Пайғамбар көрсеткен сауап жаса. «Дүнием жоқ, бармаймын» деме өтініш, Ықылас қыл, ниет қыл, талап жаса! Қағбаға маңдайыңыз тиген кезде, Қара тасты өзіңіз сүйген кезде, Бір намазың ол жерде – жүз мың

БЕС ПАРЫЗ – ШАМШЫРАҒЫҢ

Мұсылман болсаң Хаққа бас иетін, Екі етпей Пайғамбардың өсиетін. Алланың дінімізге діңгек еткен, Бес парыз – ардақ тұтар қасиетің. Нұрланып, кемелденіп жан шуағың, Ұстасаң – бар жамандық жаншылады. Пендені қараңғы түн адастырмас, Бес парыз – жол бастаушы шамшырағың. Көрсең де бұл өмірде азап мейлің, Нәпсіден биік тұрса азат кейпің. Бес парыз – тура жолдан тайдырмайды, Есігін жабар саған тозақ дейтін. Қаншама алмасқанмен заманалар, Алланың тура жолы сараланар. Құлдары мойынсұнған Хақ жолына, Сан зауал, қасіреттен аман қалар. Бес парыз – мұратыңды түлеткенің, Жолына жақсылықтың гүл еккенің. Сүйікті құлы болып бір Алланың, Иманды күшейткенің жүректегі. Кіршіксіз сенсең – жақсы туады күн, Бәрінен басым сонда шығар үнің. «Алладан басқа Тәңір жоқ, ал, Елшісі – Мұхаммед» –

Алланың аманаты

Дәстүр мен дінге берік даңқты елденбіз, Ұрпаққа сара жол қып сап келгенбіз. Алланың аманатын арқалауға, Мәңгілік әл-мисақтан ант бергенбіз. Бұлжытпай Жаратқанның әмірін тек, Айтатын қай істе де әділін кеп, Ежелден байтақ жатқан иманды елміз, Таныған бір Алланы – Тәңірім деп. Фәнидің көз жеткізген жалғанына, Халықпыз қасиетті талғамы да. Сыр ұққан табиғаттың тылсымынан, Сезінген шексіз Тәңір – Алланы да. Бабалар басындағы баққа бекем, Кең далам ежелден-ақ хаққа мекен. Сахарам сахабалар ұрпақтарын, «Қожа» деп бауырына тартқан екен. Бұл қазақ дінге берік жас шағынан, Арабша ғаріпімен хат таныған. Алланың ақиқатын ұққан Алаш, Ханафи мінәжат қып мәзһабынан. Көрсетпей бір пендеге жаманатын, Шығарған тақуалықпен адал атын. Ұстанып өтті бабам мәзһабты бұл, Алланың арқалатқан аманатын. Тура жол мәзһабымнан таба аламын, Бақыт

Бас парыз

Бисмиллә деп қалам алдым, жамағат, Білгенің жөн тұрғанда жан саламат. Аллаға тән күллі мадақ, мақтаулар, Және дағы Пайғамбарға салауат. Дұғаң қабыл, дұрыс болсын талғамың, Амалыңмен ақырыңды қамдағын. Тура жолдан адаспасаң, бауырым – Нығметіне бөленгенің Алланың. Оған мұқтаж жанды-жансыз тіршілік, Қалауынсыз көктемейді бір шыбық. Жаратыпты адамдар мен жындарды, Тек өзіне жасау үшін құлшылық. Ғибадат қыл, алдын алып азаптың, Ислам діні – ізгі, асыл, ғажап дін. Кәусарынан сусындасаң, иншалла Ақыреттік қиындықтан азатсың. Ей, бауырлар, ұмытпайық мұны біз, Бес нәрсеге негізделген дініміз. Иман, намаз, ораза мен зекет, хаж, Бұл бесеуін, парызым деп біліңіз! Иман келтіру Хаққа сену – мұсылманның міндеті, Алейһиссалам Мұхаммедтің үмбеті. Иман менен сыйға тартқан Исламды, Бұл Алланың бізге деген нығметі. Ұғынарсың болсаң егер байыпты, Мадақ айту,

Шаңырақ шаттығы

Ата-анаға арнап сөзді ең шырын, Қызметіне жүгіресің көршінің. Перзентіңді мейіріммен өбесің, Сүннетіне амал қылып Елшінің. Қызғыштайын қорғап ұяң, жарыңды, Көрсетесің бәз біреуге тағы үлгі. Тәуекел деп кеңдігіне Алланың, Садақа қып таратасың барыңды. Тың жақсылық сыйлағанда жаңа таң, Үкілі үміт үлбірейді санада. Жанымызда құбылаға жайылар Және тағы, төрт кішкентай алақан. Ар-Рахман, деумен, бізді аясын, Жасың төгіп, көкке қолды жаясың. Күнә біткен төгілер деп үміт қып, Алақаныңа алақанымды қоясың. Тасбих айтып Жаратқанға құба бел, Зікір етіп айналады-ау мына Жер! Өзің үшін дұға қылып отырам, Жаратқан мен жайнамаз боп куәгер... Күмбір өлең төгіледі кеудеден, Мейір төкті Раббым мендей пендеге! Шүкір, Алла! Мұсылманның жарымын, «Разы болшы, жұбайыма!» дей берем. Әуезді азан! Таң намазы! Таң атты! Оян, жаным, уақыт кірді жауапты. Жұбайымның

Расулалланы (с.ғ.с.) сағындым…

Расулалланы сағындым, бір мезет бізге келсе ғой, Үмметінің жағдайын, бір сәт болсын көрсе ғой, Нақақ қаны төгіліп, қатарлары сөгіліп, Аналар отыр егіліп, Сәбилерінен айырылып. От шарпыған Шам елі, Қалай болар ертеңі? Жетім-жесір босқындар, Кімге барып сіңеді? Ирак, Ливия, Палестин, Көз жасқа толды өңірі, Байтал түгіл бас қайғы, Қайғыға толды өмірі. Расулалла келсе ғой, Осының бәрін көрсе ғой... Не деп жауап береміз? Артынан қалай ереміз? Аманат еткен өсиетін, Қайдан іздеп, тереміз? Құран, Сүннет бір жақта, Үмметі оның бір жақта. Мұсылманның аты бар, Ислам болған заты тар. Халал-харам қосылып, Дүниеге болды кіріптар. Уаһын түсіп жүрекке, Бауыр халін ұмытты. Расулалла келсе ғой, Үммет халін көрсе ғой... Адам ата ұрпағы, Бір екенін ұқса ғой. Бір-біріне жау болмай, Бейбіт өмір сүрсе ғой. Аманатын Алланың, Алла ғана алса ғой. Қағба да қайта тұрады, Құласа да

Соңғы дем

Кешкілік... Азанның дауысы Аспаннан естіліп, Қанатын жайып тұр Құдайлық ескі Үміт. Мен сонда еске алдым, Пайғамбар, өзіңді, Жұмып ап жас аққан жәудірек көзімді... Бе-еу, Алланың жіберген ақырғы елшісі, Сен келіп нұрланды сұрланған жер түсі. Мен сенің ең Ғажап Жаныңды сүйемін, Біреулер сүртіп жүр пұттардың сүйегін. Шаршадың, Сабылдың, Қиналдың, Тарылдың, Үмітті жандырар үмбетті сағындың. Сен құсап сұраған Алладан көмегін, Өкінген пендені тым сирек көремін. Бір құлаш жақындау тұратын пейішке, Сәждеге жүрекпен иілген – періште... Сол ғасыр – Санасын оятып сандырақ бақсының, Тағынан шошынтып тас жүрек тақсырдың, Тоқтатып кеттің сен, ұмытқан сырлы үнін, Тірідей көмілген арулар шыңғырын. Сабырлық сендегі, Не деген өрлі еді, Біреуге сабырлық – уақыттың ермегі. Сендегі сабырдың алсам мен ұшқынын, Сайратып кетуші ем ғаламның құс тілін. ...Сөндіріп күдікті, жандырып қанша үміт, Сүйеніп сен сөйлер бар

Мәуліт күні

Я, Алла, Құран сөзі ұйығаным, Мен де енді тәубеме кеп, жиыламын. Он сегіз мың ғаламды Жаратушы, Сен деп танып, Өзіңе сиынамын. Бар мадақ Өзіңе тән, ойланғанмын, Мен сенің Құдіретіңе қайран қалдым. Қадам басып келеміз тіршілікте Сүннетімен Мұхаммед Пайғамбардың. Мұхаммед жолды ұсынды таза құтты, Күнәлардан қашады маза тіпті. Иманды боп, ізгі амал жасайықшы, Бойымызға сіңіріп тазалықты... Адалдықпен жұртқа сыр шерте білді, Алла сөзін жеткізіп елге күллі. Ислам дінін жеткізіп өңірлерге, Соңынан қалың елді ерте білді. Мұхаммед – әз пайғамбар, мейірімді, Ғибрат ап, өзгертемін пейілімді. Ей, мұсылман, Аллаға мойынсұнып, Хадистерге арнай біл зейініңді. Мұхаммед өнеге етіп сан қылықты, Ісімен талайларды таң қылыпты. Жайдары мінезімен жұртты баурап, Ұрпаққа ұлағат жол қалдырыпты. Шарлапты шартараптың сай-саласын, Дінім үшін тікпеді қайда

Top