Нығмет атаулының ең абзалы – салиқалы әйел

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,   Қазақстан мұсылмандары діни   басқармасының төрағасы, Бас мүфти Асыл дініміз Исламда әйелге айрықша мәртебе берілген. Имандылық, ізеттілік, қайырым-дылық, жанашырлық жолын ұс-танған халқымыз қыз-келіншекті құрметтеудің үлгісін көрсеткен. Қызды құрметтеуге келгенде оны тіпті төрге шығарған, ал тәрбиесіне келгенде қызды қырық үйден тыйған. Осы тыйымның бәрі әйелдің иманы мен құрметін, ары мен ұятын қорғайды. Қасиетті Құранда әйелдерге арналған арнайы сүрелер бар. Олар «Ниса», «Мәриям» деп аталады. Бұдан бөлек, Алла Тағала «Талақ», «Тахрим», «Ахзаб», «Нұр», «Мұмтахина» сүрелерінде де әйел-дің мәртебесін, оның құқықтары мен міндеттерін ашық баяндаған. Біз бұл сүрелер мен аяттардан Ислам дінінің әйел баласына қаншалықты

Қасиетті Мәдина қаласы – Исламның күмбезі

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ислам дінінде Мәдина қаласының орны айрықша. Мәдина – қасиетті қос қаланың бірі. Пайғамбарлар атасы Ибраһим (ғ.с.) Мекке шаһарын берекелі етуді Алладан сұраған. Ал Мұхаммед пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) Мәдина қала-сын киелі еткен. Алла Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Ибраһим Меккеге дұға еткендей, мен де Мәдина үшін дұға жасадым», – деген. Мәдина қаласының көптеген атаулары бар: тұрақ, шындық-тың кірер жері, Исламның күмбезі, анттар мекені, Алланың жері, Елшінің үйі, берік бақша, сүйікті, жақсылар мекені, құрма (иесі) қаласы, қалалардың ханшайымы, емдеуші,

Қазақ руханиятын жаңғыртудың жаңа кезеңі

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Бүгінде жылдам ақпарат алмасу үрдісі, оны жедел тарату процесі уақыт өткен сайын көз алдымызда дамып жатыр. Жаңалықтың жаһандық үрдісінен шет қала алмасымыз тағы анық. Десе де, рухани, мәдени медиа кеңістігімізді дініміз бен дәстүріміздің, салтымыз бен ғұрпымыздың, тағылымға толы тарихи құндылықтармен толтыру – Сіз бен біздің бүгінгі борышымыз деп есептейміз. Оның бірден-бір таным тамыры – дін мен тарих деп санаймыз. Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Әлихан Бөкейхан: «Бұ заманның ғалымдары тарих ең оңды мұғалім деп түсінеді. Дүние де өңге жұрттар қатарында кім қор болмаймын,

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти: Дінді жалған сезіммен емес, біліммен түсіну керек

– Құрметті мүфти, осы аптада Астана­да алғаш рет имамдардың республикалық форумы өтеді екен. Бұл басқосуды ұйым­дастырудың мәні неде, мақсаты қандай? – Аса қамқор ерекше мейірімді Алла­ның атымен бастаймын. Қазір заман өз­герді, уақыт талабы да басқаша. Біз қазір тех­нологияның дамыған дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Ақпараттар ағыны адам санасын өзгертуде үлкен маңызға айналды. Адамзат санасы да күн санап өзгеріп, дамып, жетіліп келеді. Осы жағдайлардың бәрі Діни басқарма қызметкерлеріне, имам­дарға зор жауапкершілік жүктеп отыр. Баяғыдай құрғақ уағыздың дәурені өтті. Бұл ретте ХХІ ғасыр имамын тек ме­шіт­ке қатысты құлшылық амалдармен елестету өткен күннің еншісінде қалды деп

Имам – діннің айнасы

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Қазақстан мұсылман-дары діни басқармасы елімізде тұңғыш рет «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты І республикалық имамдар форумын өткізуді жоспарлап отыр. Діни саладағы тарихи іс-шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз – бірлік пен береке ұйытқысы – Исламның асыл құндылықтарын насихаттау, жастарымызды, жалпы жұртымызды имандылыққа, ізгілікке үндеу, бір шаңырақтың астында ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттар мен ұлыстардың татулығын нығайтуға үлес қосу. Имамдар форумын ұйым-дастырудағы тағы бір үлкен ниетіміздің бірі – дін қызметкерлерінің білігі мен білімін байыту, қазіргі қоғамға сай діни кадрлар сапасын арттыру. Өйткені, бүгінгі заман талабы имам-молдаларға

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти: Өсиет өлең ешқашан өлмейді

Мұқағали философиясының бір қыры – Алланы тану. Адамның миы атеистік уағызбен уланған кеңестік қоғамда Жаратқан Иеге арнаған адамдық мінәжат, исламдық көзқарасын жырмен тербеуге мүмкіндік тапқаны – болмысындағы кеңдік пен тереңдікті көрсетсе керек. Бұл – ұлт болашағына сенгендіктің көрінісі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осы жайындағы пікірлерін ортаға салады.   – Мұқағали – ұлт ақыны. Себебі, ақын өз өлеңдерінде қазақты қазақ етіп тербиелеуге күш жұмсады. Ұстаздық көрсетті. Исламдық көзқараспен қарағанда, ақынның халқына сіңірген осынау еңбегін қалай бағалауға болады? – Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Халықтың қамын ойлаған, болашағаның жарқын

Діни басқарманың 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы қабылданды

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Ата-бабаларымыздың сан ғасырдан бері жоралы жұрт, ұлағатты ұлт болып қалып-тасуының, өнегелі өмір сүруінің негізі болған, адамгершілік құндылықтар діні – Ислам халқымызды, көпұлтты елімізді игілікке, бірлікке үндеді. Қазіргі уақытта дәстүрлі дініміз мемлекетіміздің рухани тірегіне айналды. 2500 мешітті бір орталыққа біріктірген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халықтың бірлігі, мұсылман қауымының игілігі үшін қызмет етуде. Тәуелсіз Қазақстанды жарқын болашаққа бастаған Елбасының берекелі бастамаларымен Ислам діні өркендеп, елімізде сәулеті ғажап мешіттер салынуда. Ел хал-қының 70 пайызын құрайтын мұ-сылман жамағаты тыныштық пен тұрақтылық

Жанға – жігер, дінге – демеу

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти   Тағылымды толғаныс Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Киелі мекеніміз, қасиет қонған жеріміз Ұлытаудағы Елбасының ұлт туралы, дін, тіл жайлы ұлағатты сұхбатынан дін өкілдері де, имам-молдалар да мол тағылым алды. Жанға – жігер, көңілге – демеу сыйлаған салиқалы әңгімеде елдегі және әлемдегі діни ахуал туралы парасатты пікір айтылды. Президентіміздің Ұлытау төріндегі толғанысы жамағатты ізгілікке, бірлікке, игілікке үндеді. Елбасы айтқандай, талай нәубетті кезеңдерді бастан кешкен халқымыз бір кездері дінінен де, тілінен де айыры­ла­ жаз­даған еді. Алайда, ұлты­мыздың­­ жүрек тү­бінде жысырылып келген Құ­­дайға құл, адам­ға ұл болу адам­­гер­­шілік

Бүгінгі имам тұлғасы қандай болуы керек?

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Өзгеден емес, өзімізден бастайық Бірде бір ғұлама: «Атқаратын шаруалар уақыттан да көбейіп кетті», – деген екен. Тұлға тәмсілінде айтылғандай, қазір дін қызметінде жүрген имамдар үшін де атқаратын жұмыс көп. Біздің басты байлығымыз – иман, тәуелсіздік, татулық. Ендеше, осы асыл ұғымдарды сәт сайын қорғау, нығайту әрбір адамның міндеті болса, бұл тұрғыда дін өкіліне артылар жауапкершілік пен сенім орасан зор. Құранда зерделілер үшін мынадай тағылымды ес-кертпе бар: «Қауым өзін өзгертпейінше, Алла оны өзгертпейді», – «Рағыд» сүресінің 11-аятындағы ай-тылған бұл ескерту кімге болсын түсінікті шығар. Имам тек

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти: Иманмен өрілген өмір құнды

Расында, қазақты басқа халықтан ерекшелеп тұратын өзіне тән қасиеті бар. Ол – салқар даласындай кең көңілі, дастарханы жиылмайтын дархандығы, сыпайылығы, ізгілікке ұмтылған кең пейілі мен достығы. Айта берсек, далалықтарға тән даралық пен дегдарлықты негіздеген игі дәстүр мен даналықтан кенде емеспіз. Ата-бабадан аманат болып жеткен сол дәстүрлердің бір парасы сан ғасырлардан бері ұласып келе жатқан ұғым-ұстанымдар болса, ал басым бөлігі асыл діннің әсерінен пайда болған дағдылар. Белгілі бір қауымның қалыптасуы үшін ортақ танымы болуы тиіс. Олай демеске шара жоқ. Себебі, кез келген ұлттың ұлт болып танылуы үшін алдымен ортақ тілі мен діні, тарихы

Top