Бас мүфтидің сұхбатынан түйген ойлар

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет «Хабар» телеарнасының «Көзқарас» бағдарламасында берген сұхбатында республикадағы діни ахуал және діни басқарманың сан салалы атқарып жатқан жұмыстары жайлы салиқалы әңгіме өрбітті. Діни басқарманың негізгі құрамының Елордамыз Астанаға қоныс аударуы жағымды жаңалық болды. Жуырда өткен қажылық сапарының мұсылман қауымы үшін жоғары деңгейде ұйымдастырылуын, елімізден 5000 қажымыз парыздарын ойдағыдай өтеп қайтқанын, қасиетті сапарға ниет қылған мұсылман бауырларымызға қажылық рәсімдерінің қыр-сырын үйрету үшін діни сауат ашу курстары тұрақты жұмыс жасағанын атап айтты. Биылғы 2014 жылды діни басқарма «Дін мен дәстүр жылы» деп жариялады. Дін мен дәстүр

«Дін мен дәстүр» – дер кезінде жазылған құнды еңбек

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Дін мен дәстүр» атты кітабы қазіргі қазақ қауымы алдындағы өзекті мәселе, өткір тақырыпқа арқау болған екен. Яғни, кітапта дін мен дәстүрдің қалыптасуы, тығыз байланысы жайлы жазылған. Діннің не екені жалпы халыққа белгілі. Ал дәстүр дегенді біз қалай түсінеміз? Кітапта осы жайлы мынадай анықтама беріліпті. «Сірә қазақ даласында Ислам шариғаты мен дала заңдарының қосындысынан шыққан заңна-малық жүйе дәстүр деп аталса керек. Содан соң ата-баба дәстүрі, салт-дәстүр деген ұғымдар пайда болған. Жоғарыда аталған шариғат терминдерінің тілімізге ежелден еніп, кейіннен ауыспалы

ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ!

Аса құрметті Ержан қажы Малғажыұлы хазрет! Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаң-ғыру – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауындағы ба-сым бағыттардың бірі – еліміздің онкологиялық қызметін дамыту саласына баса назар аудару көптің көкейінде жүрген игі бастамалардың бірі екендігі белгілі. Сіздің Бас мүфти қызметіне келгеннен бері қойған әділ талабыңыз бен қолдауыңыз арқасында дәстүрлі дінімізге жан бітіп, жаңа қарқын пайда болуда. Дініміздің көркеюі үшін жасаған игі ісіңізге Алла риза болсын. «Ауру айтып келмейді» дегендей, қандай да болмасын ауру тәніңді ғана сыздатып қоймай, жаныңды да күйзелтетіні анық. Әсіресе, қатерлі ісік диагнозы қойылған

Жаңа мүфти – жаңа белестер

Еліміздегі мұсылман үмбетінің қара шаңырағы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы екендігі айқын. Сондықтан бұл басқарма өз ісіне ұқыпты, асқан жауапкершілікпен қарай алатын, діни білімді де білікті, сөзі мен ісіне сай басшыны талап етеді. Міне, осыншама жауапкершілігі ауыр лауазымға Ержан Малғажыұлы Маямеров лайықты деп танылды. Ержан Малғажыұлы – атақты «әл-Әзһар» университетінің шариғат және құқық факультетін тәмамдаған білімді азамат. Сондай-ақ, Мысыр мүфтиятының пәтуа шығару бөлімінде білімін жетілдіргені тағы бар. Осындай діни білімі жетік азаматтың тағайындалуы бізді де қатты қуантты. Ендігі кезекте атқа мінген азаматқа барша мұсылман үмбеті болып қолдау көрсетіп, бас біріктіретін болсақ,

Сәтбаев имамына алғысымыз шексіз!

Біз «Астана» медресесінің Сәтбаев қаласынан келіп оқып жатқан бір топ тәлімгеріміз. Осы білім ошағына түсуімізге және осында алаңсыз білім алуымызға әуелі Алла, одан кейін себепкер бола білген Сәтбаев қалалық Б. Балқыбайұлы атындағы мешіттің бас имамы Бақдәулет Абдрахманов болатын. Біздің кейбіріміз басқа мамандық иесіміз. Сол мамандығымыз бойынша қызмет етіп те жүргенбіз. Алайда, бізді Бақдаулет имам әуелі мешіт маңындағы сауат ашу курсына тартып, соңында Астана медресесінен бір-ақ шығарды. Оған өкінбейміз. Бар күш-жігерімізді білім алуға жұмсап жатырмыз. Ол кісі еліміздегі, әсіресе Сәтбаев өңірінде Ислам дінінің өркен жаюына өзінің барын салып жүрген азамат. Асыл дініміз

Қазақстан мұсылмандарының VII құрылтайы делегаттары мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төралқасы және ақылдастар алқасы мен ғұламалар кеңесі,Қазақстан қажылары қауымдастығының республика халқына ҮНДЕУІ

Құрметті отандастар! 2013 жылдың 14 ақпанында Қазақстан мұсылмандарының кеңейтілген төралқа мәжілісі өтті. Оның жұмысына еліміздің барлық облыстардағы бас имамдар, Діни басқарманың Ақылдастар алқасы мен Ғұламалар кеңесінің мүшелері қатысты. Мәжілісте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет өзінің дін қызметін қойып, бірыңғай ғылыми жұмыспен айналыспақ ойын ортаға салды. Осы ойын жуырда Елордада Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен кездесуінде де білдірген. Мемлекет басшысы Дінбасының ол пікірін түсінікпен қабылдап, оң батасын бере келе: «Сіз ең бір күрделі де қиын кезеңде Діни басқармаға басшылық жасадыңыз. Мен сіздің

Ілімі – теңіз, білімі – дария дін қайраткері!

Жуырда еліміздің бас басылымы – «Егемен Қазақстан» газетінде және «Ислам және өркениеттің» өткен санында КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Асанәлі Әшімовтың көрнекті ғалым, Орта Азия мүфтилер кеңесінің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет жайындағы «Ғұлама» атты көлемді мақаласы жарияланған болатын. Осы мақалаға орай еліміздің әр түкпірінен түрлі пікірлер келіп түсуде. Солардың бір тобын назарларыңызға ұсынып отырмыз. «Егемен Қазақстан» газе-тінен КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімовтың «Ғұлама» атты мақаласын оқып, терең ойға қалдым. Оның үстіне дін ғұламасы, ғалым туралы өнер адамының ой толғауы мені қатты

Ұлық мерекемен құттықтаулар

Дінбасы атына әлем мұсылмандарының ұлық меркесі – Құрбан айтпен құттықтаулар көптеп келіп түсті. Солардың арасында Алматы қаласы, Медеу ауданының әкімі С.Мәкежанов, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласының әкімі Б.Ахметов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Б.Мамраев, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, профессор О.Аяшев, Иран Ислам республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Горбан Сейфи, Евангелие-лютеран шіркеуінің эпискобы Юрий Новгородов, Татарстанның халал сертификаттау орталығының бас директоры Динар Садыков және т.б. бар. Құттықтаулардың бірқатарын оқырман назарына ұсынып отырмыз. Құрметті Әбсаттар қажы Бағысбайұлы! Сізді ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт мерекесінің орны

Қалың елді имандылыққа үндеген Ербол қажы Молдахметұлы жайлы бір үзік сыр

Заман қалай өзгерді, солай біздің елде де дін салтанат құра бастады. Төбемізде тәуелсіздік байрағы желбірегелі кешегі «Дін – апиын» деп уағыздаған үгітшілер, дәріс оқыған оқытушылар мен мұғалімдер бетін бермен қарай бұрып, намаз оқуға, кейбірі қажылық парызын өтеуге, жергілікті мешітке жиі баруға көшті. Кісі қызығарлық осынау үрдіс Арқалық қаласында да кеңінен өрістеген. 2000 жылы 40 шақты адам ғана орталық мешітке қатынап тұрса, бүгінде олардың саны 500-ден асты. Қаламыздың тұрғындары жағдайдың бұлайша күрт өзгеруін мешіттің Бас имамы Ербол қажы Молдахметұлы Әубәкірдің қызметімен байланыстырады. 1809

Абыройлы діндар

Құрметті Дінбасы! Жаңаөзен қалалық мешітінде Бекен Асқаров 16 жылдан бері имамдық қызметін атқарып келеді. Тұрғындар арасында абыройлы, беделді. Теріс ағымдармен, ауданы-мызда алғашқы болып күресті бастады. Жұма намаздарында, мектептер-де, жұмыс орындарында оларды әшкерелеп, мемлекетке, халыққа зиянын дәлелдеп, газеттерде, теле-сұхбаттарда айтып келеді. Сол үшін теріс ағымдар имамды сотқа беріп, 3,5 млн. теңге айыппұл талап етті. Талаптарының заңсыздығы дәлелденді. Жыл сайын қаланың мүгедек, зағиптарының мұқтаждарына 3 млн. теңге қайырымдылық көмек көрсетіледі. Мешіттің жамаға-тымен ақылдаса отырып, әжетхана, еден, шатыр жөнделді. 1289

Top