Суицидтің үкімі

Ғылыми тілде адамның өз-өзіне қол жұмсап өлтіруін суицид деп атайды. Бұл қазірде адамзат қоғамында кең тараған сорақы құбылыс. Суицид, өз-өзіне қол жұмсау Ислам дінінде ауыр күнәға жатады. Өйткені өзін-өзі өлтіру шариғатта Жаратқанның жазмышына қарсы шыққанмен тең. Алла Тағала былай дейді: «...Және де өз-өздеріңді өлтірмеңдер. Расында, Алла сендерге Мейірбан ғой. Ал кімде-кім дұшпандықпен, зұлымдықпен солай істейтін болса, Біз оны тозақта өртейміз. Олай ету Алла үшін оңай» («Ниса» сүресі, 29-30-аяттар). Тіршілікте көрген тауқыметі үшін өмірден баз кешіп, өз-өзіне қол салу Құдай тағаланың қаһарына ұшыратады. Ақыретте үлкен азапқа душар етеді. Дүниеден қалай кетсе, ақыретте сол кейпінде жазаланатын болады. Әбу

Халал туралы

Аса қамқор, ерекше мейірімді  Алланың атымен бастаймын! Аллаға мадақ болсын!  Пайғамбарымызға салауат болсын!  Ислам – мұсылмандарға өмірдің барлық саласын түгел қамтып басшылық жасайтын шариғат шеңберін айқын көрсетіп берген дін. Шариғат заңнамасының негізгі қайнар көзі саналатын Қасиетті Құран кәрім мен Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың сүннетінде нақты не жанама түрде ескерілмей, қалыс қалған ешбір сала жоқ. Бұл екі негізде нақты аталмаған іс-әрекеттердің үкімі ижмағ (Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейінгі кез келген дәуірде оның үмметінен саналатын ірі мүжтаһид ғалымдардың белгілі бір діни үкім жайлы бірауыздан келісімге келуі) немесе қияс (Құран, сүннет және ижмағта үкімі белгіленбеген

Top