Чараймактар

Жалпы саны 1,6 млн. адам Мекен ететін аумағы Ауғанстанда – 1,4 млн. Иранда – 209 мың. Тәжікстанда – 7 мың, т.б. Тілі Дари (парсы) тілінің тайпалық диалектілері Діні Басым бөлігі – мұсылман-сүнниттер (Ирандағылар - шииттер) Туысқан халықтары Хазаралар, фарсивандар   Чараймактар (парсыша – «төрт тайпа») – Ауғанстанның солтүстік-батысы мен Иранның солтүстік-шығыс бөлігін мекен ететін парсы тілді тайпалық топтардыңжиындық атауы. Жартылай көшпелі өмір салтын ұстанады. «Төрт тайпа» деп аты айтып тұрғандай, чараймактар құрамында негізінен джемшидтер, фирузкухтар, таймандар және теймурлар деген төрт тайпа бар. Олардың өздері түрлі тайпалар мен руларға бөлінеді. Чараймактардың этногенезіне моңғолдар, түркіхалықтары жәнежергілікті парсылар қатысқан. Ауғанстанда чараймак тілін дари тілінің говоры санаса, халық санағында

Цахурлар

  Өз тіліндегі атауы Йыхьбы Жалпы саны Шамамен 30 мың адам Мекен ететін аумағы Ресейде – 12,7 мың (оның ішінде Дағыстанда 9,7 мың); Әзербайжанда – 12,3 мың адам. Тілі Цахур тілі Діні Мұсылман-сүнниттер, шафиғи мәзһабын ұстанады. Нәсілі Еуропеоидтық нәсілдің каспий подтипіне жатады Туысқан халықтары Агулдар, арчиндер, лезгиндер, табасарандар, т.б.   Цахурлар – Кавказдың тұрғылықты халықтарының бірі. Көне заманнан бері Дағыстанның оңтүстік және Әзербайжанның солтүстік аумақтарын мекен етеді. Дағыстанның титулды халықтарының ішіндегі ең аз сандысы. Лезгин тобына жататын цахур тілінде сөйлейді. Аталған аумақтарда 29 цахур елді-мекені бар. Оның 13-і Дағыстанда. «Цахур» этнонимі Цахур ауылының атымен байланысты туындаған. Ол олар өздерін йыхьбы деп атайды. Қазіргі таңда Дағыстанда цахур тілі – мемлекеттік

Хуэйлер

Жалпы саны 10 млн. адам Мекен ететін аумағы Қытай Тілі Қытай тілі Діні Мұсылман-сүнниттер Туысқан халықтары Қытайлар, дүнгендер   Хуэй халқы – қытайлық мұсылмандар болып табылады. Қытай Халықтық Республикасындағы ресми түрде танылған 56 ұлттық азшылықтың бірі. Олардың хань (қытай) ұлтынан айырмашылығы – тек дінінде ғана. Хуэйлер таза қытай тілінде сөйлейді. Тек олардың сөздік қорында буддадінін ұстанатын қытайларда кездеспейтін ислами сөздер кездеседі. Жазуы да қытайдың иероглифтері негізінде. Хуэйлер бірнеше ғасырдан бері Исламның ханафи мәзһабын ұстанып келеді. Хуэйлер мен олардың Орталық Азия аймағына қоныс аударған ұрпақтары – дүнгендер – әлемдегі қытай тілдес жалғыз ұлттар. Ислам діні бұл халықтар мекен ететін аймақтарға 8 ғасырда Ұлы

Хаусалар

Жалпы саны Шамамен 30-35 млн. адам Мекен ететін аумағы Нигерия, Нигер, Гана, Судан, Камерун, Чад және Кот-д`Ивуар елдері Тілі Хауса тілі Діні Басым бөлігі мұсылман-сүнниттер Нәсілі Негроидтық және еуропеоидтық нәсіл   Хауса – көп бөлігі Нигерия мемлекеті аумағында мекен ететін халық. Орта ғасырларда хаусалардың Кано, Зария, Замфара, Кадун, т.б. секілді қуатты қала-мемлекеттері болған. Олар ХҮ-ХІХ ғасырларда күшейіп, сол аймақтағы керуен жолдарын өз бақылауларында ұстады. ХІХ ғасырда оларды Осман дан Фодио бастаған фульбе әскері жаулап алды. Хаусалардың жалпы саны 30-35 миллион адамды құрағанымен, хауса тілінде сөйлейтіндер қатары 39 миллионға жетеді. Негізінен жер шаруашылығымен айналысады.

Хазаралар

Хазаралар – бұрынғы тарихта болған хазарлардан бөлек парсы тектес халық. Бүгінде Ауғанстанның орталық аймақтарын мекендейді (ел халқының 8-10 пайызы). Әлемдегі жалпы саны – шамамен 7 млн. адам. Ауғанстаннан бөлек, Иранда (1,6 млн.), Пәкістанда (650 мың), Аустралияда (90 мың), Ұлыбританияда (60 мыңдай), т.б. елдерде мекен етеді. Діні – шииттер. Хазара тілінде (дари тілінің диалектісі) сөйлейді. «Хазара» сөзі парсы тілінде «мың» деген мағынаны береді. Ауғанстандағы Хазаражат аймағы – бұл халықтың тарихи мекені болып табылады. Бүгінде бұл аймақ елдің бірнеше провинциясына бөлінген. Хазараларды тарихтағы моғолдардың ұрпағы ретінде де санайтындар бар.

Фульбелер

  Жалпы саны 10-13 млн. адам шамасында Мекен ететін аумағы Гвинея, Камерун, Нигерия, Сенегал, Орталық-Африка Республикасы, Буркина-Фасо, Мали, Нигер, Гамбия, т.б. елдер Тілі Фула тілі Діні Мұсылман-сүнниттер Туысқан халықтары Тукулер, волоф, мандинка, т.б. халықтар   Фульбе немесе фула деп аталатын бұл халық Батыс Африканың ұлан-ғайыр аймақтарын мекен етеді. Өзінің ана тілінде сөйлейді. Бұл ұлттың шығу тегіне қатысты түрлі тартыстар болғанына қарамастан, араб тарихшылары олардың мың жыл бұрын да осы өлкелерде тіршілік еткенін жазады. Ежелден мал баққан олар Батыс Африканың түгелге жуық аймағына шашырай қоныстанған. Фульбелердің шығу тегін Орта Азиямен де байланыстыратын мамандар бар. ІХ-Х ғасырларда Ислам Африка жеріне негізінен сауда-саттық байланыстары арқасында тарай бастады. Фульбелер

Ұйғырлар

Жалпы саны Шамамен 10 млн. адам Мекен ететін аумағы Қытайда (Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы) – 10 млн. Қазақстанда – 243 мың. Қырғызстанда – 50 мың. Өзбекстанда – 20 мың, т.б. Тілі Ұйғыр тілі Діні Мұсылман-сүнниттер Нәсілі Аралас, біртекті емес: оңтүстік сібір нәсілі Туысқан халықтары Өзбектер   Ұйғырлар – Шығыс Түркістанның, яғни Қытайдағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының жергілікті халқы. Нәсілдік тұрғыдан моңғолоидтық және еуропеоидтық нәсілдердің араласуынан құралған ұлт. Қытайдағы саны жағынан ең ірі түркі жұрты әрі хуэйлерден (дүнген) кейінгі екінші мұсылман халқы болып табылады. Қытай билігінің қытайларды Шығыс Түркістанға көптеп қоныстандыруға бағытталған саясатының салдарынан ұйғырлар ауданның оңтүстік-шығысына қарай ығыстырылған. Бүгінде олар автономиялық ауданның осы бөлігінде көптеп қоныстанған. Ұйғырлар Шыңжаң-Ұйғыр ауданы халқының

Түркімендер

Жалпы саны Шамамен 8 млн. адам Мекен ететін аумағы Түркіменстанда – 4,2 млн. Иранда – 1,3 млн. Ауғанстанда – 932 мың. Өзбекстанда – 152 мың. Пәкістагда – 60 мың. Ресейде – 36 мың. Тәжікстанда – 15 мың, т.б. Тілі Түркімен тілі Діні Мұсылман-сүнниттер Нәсілі Еуропеоидтық нәсілдің моңғолоидтық элементтер араласқан каспийлік типі Туысқан халықтары Түркі тілдерінің оғыз тобына жататын халықтар: түріктер, әзірбайжандар, т.б.   «Түркімен» сөзі – «түрік» және «ман» (ежелгі түркі тілдерінде «адам» деген мағынаны беретін сөз) сөздерінің қосындысынан шыққан. Исламдағы ханафи мәзһабын ұстанатын мұсылман халқы. Ислам дінін Орта Азияда алғашқылардың бірі болып қабылдаған. Түркіменстан халқының басым бөлігін құрайды. Түркімендер Каспий маңындағы ежелгі ирантілдес халықтар мен оғыздардың араласуынан пайда болған халық.

Түріктер

Жалпы саны Шамамен 81 млн. адам Мекен ететін аумағы Түркияда – 60 млн. адам шамасында Сирияда – шамамен 750 000 – 3 500 000 Алжирде – шамамен 600 000 – 3 300 000 Иракта – шамамен 500 000 – 3 000 000 Германияда – 3 500 000. Болгарияда – 700 000. АҚШ-та – 500 000. Францияда – 500 000. Ұлыбританияда – 500 000. Голландияда – 450 000. Аустралияда – 400 000, т.б. Тілі Түрік тілі Діні Мұсылман-сүнниттер Нәсілі Еуропеоидтық Туысқан халықтары Түркі халықтарының оғыз тобына кіретін ұлттар   Түріктер – ең көпсанды түркі халқы. Түріктер көптеген түркі тілдес және өзге де халықтардың ұйысуынан қалыптасқан ұлт болып табылады. Мәселен, ғалым Н. Баскаков түріктердің халық ретінде тек ХІІІ ғасырда пайда болғанын айтады. А. Новичевтің пікірінше, олар тек ХҮ ғасырдың аяғында ғана біртұтас

Тигрелер

Тигре – Африкадағы Эритрея және Судан мемлекеттерін мекендейтін халық. Жалпы саны – 1,5 млн. адам. Тигре тілі семит тілдер семьясындағы эфиосемит тілдер тобына жатады. Эритрея үкіметі тигре тілінде құжаттарды жасауда эфиопиялық жазуды пайдаланады. Тигрелердің бет-әлпеті африкалық нәсілден гөрі оңтүстік еуропеоидтық нәсілге жақын. Оңтүстік Арабия халықтары-нан тек терілерінің қаралау келгендігімен ерекшеленеді. Біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларында қазіргі Эфиопия аумағында қуатты Аксум мемлекеті құрылған. Бұл мемлекеттің дәурен құруы осы жерге арабтардың келуімен аяқталады. Аталған мемлекет тигрелердің алғашқы құрған мемлекеті деп саналады.

Top