Қияметтің кіші және үлкен белгілері

«Қиямет» сөзі сөздікте «орнынан тұру, түрегеліп тұру» деген мағыналарды, ал терминдік мағынасы болса «жаратылыстағы жалпы жүйенің Ұлы Жаратушының бұйрығымен бұзылып, күл-талқаны шыққаннан кейін өлгендердің қайтадан тірілтіліп, махшар алаңына қарай бет алуын» білдіреді. Демек, қиямет дегеніміз – өлгеннен кейін қайта тірілу. Кәміл иманды адам әлемдегі барлық тіршілік атаулының осы дүниедегі ғұмыры тұйықталар күннің боларына күмәнсыз сенеді. Құран Кәрімнің көптеген аяттарында қиямет жайлы баяндалады. Мысалы, «Ағраф» сүресінің 182-аятында: «Олар сенен қияметтің қашан болатынын сұрап жатыр. Оларға айт: Оның қашан болатыны жайлы мәлімет тек қана Раббымның құзырында ғана. Оның уақытын Одан басқа ешкім білдіре

Оқылған Құран мен дұға-садақаның сауабы марқұмға жете ме?

Имам Байхақидың «Шуғабил иман» деген кітабындағы Абдулла ибн Аббастан риуаят етілген хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қабірдегі мәйіт суға тұншығып, көмек сұрап жатқан кісіге ұқсайды. Дүниеде артында қалған әкесі, шешесі немесе перзенті я шын досынан дұға күтеді. Артында қалған кісілер оның ақысына Құран түсірсе, қайыр ихсан, садақа немесе сауап істердің қайбірін істеп, сауабын һадия қылса, оған сауабы жетіп, ол – дүние және оның ішіндегі барлық нәрселерді бергеннен де жақсы... Тірілердің қайтыс болғандарға қылған һадиялары (садақалары) оларға истиғфар (кешірім сұрау) ретінде өтеді», – деген. Ибн Қудаманың «әл-Муғни» атты кітабында Ахмад ибн Ханбал былай

Сенім туралы ойлар

Дұрыс сенім мен адасу Ислам философиясында өзекті мәселе ретінде қарастырылады. Осы мәселелерге қатысты түрлі деңгейлерде діни таным қалыптасқан. Діни таным – надандыққа қарсы адамгершілік тәрбиенің шартты түрдегі өткелі. Ислам фалсафашылары қалыптастырған діни таным негізіндегі ой-тұжырымдар ислами деңгейдегі ойлау жүйесінің ерекшелігін көрсетеді де, даналық деңгейінің асқақтығын мойындатады. Әл-Ғазали Ислам философиясында сопылық бағыттың өкілі саналады. Көптеген діни-танымдық негіздегі еңбектердің авторы. «Ихйа илм ад-дин», яғни «Сенім туралы ілімді қайта тірілту» еңбегімен әлемге әйгілі болды. «Кәміл адам» танымы негізіндегі ойшылдықпен дәстүрлі діни таным үлгісін орнықтырды. Әл-Ғазалидің «Кәміл адамы» Ислам апологеті ретінде исламдық дүниетанымды қалыптастыру мен

Әл-Фиқһул-Әкбар – Имам Ағзам Әбу Ханифа кітабының қазақша мәтіні

Таухидтің өзегі және ақиданың негізделуі дұрыс болған мәселе: Аллаға, оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, өлгеннен кейін қайта тірілуге және жақсылығы мен жамандығы Алладан болған халдегі тағдырға иман келтірдім, есеп-қисап, таразы, жәннат пен тозақтың барлығы ақиқат деп айту міндетті. 848

Top