Қауесет тарату ісіне берілген үкім

Саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайларға зарарын тигізетін қауесет тарату ісінің үкімі қандай? Шариғатта оны қарастыру жолдары қандай? Ислам дінінде оған қарсы қолданатын қандай шаралар бар? Құран Кәрім мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетінде келген дәлелдер халық арасында сыбыс, қауесет таратуды, анық-қанығына жетпеген сөздерді, жалған негізсіз ойларды жаймас бұрын тиісті орындарынан, жауапты адамдардан білмей тұрып,  қандай да бір кісінің осы негізсіз қауесеттерді жаюын шариғи тұрғыдан харам екендігін білдіреді. Ондай істер халық арасында толқулар мен бүліктерге себеп болады. Алла Тағала қазіргі кездегі қауесет тарату деп аталатын көріністі «иржаф» (яғни «сілкіну») деп сипаттады. Ол – қоғамда жалған және

Top