Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар

Сұрақ: Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді? Жауап: Рамазан айында сәресіне тұр-маған кісі сол күнгі оразасына ниет етіп, ештеңе жеместен ауыз бекітеді. Себебі, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «ашура күні» [Мұхаррам айының оныншы күні] жаршыға былай жария етуді бұйырды: «Кім бір нәрсе жеп қойған болса, аузын күннің соңына дейін берік етіп тәмамдасын. Ал ештеңе жемеген адам, сол күйінше жемесін (ораза ұстасын)!» [Сахих Бұхари, Китабус Сиям, 1824-хадис]. Бұл хадистен түсінетініміз, ораза кезінде сәресіге тұрмай таң атырған кісі де сол күнгі ораза-сын ұстайды. Сұрақ: Сәресі уақытын күн шығысымен тоқтату керек пе? Жауап: Сәресінің

Ораза жайлы Алла елшісі не деді?

«Кім Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаса, оның бұрын істелген күнәлары кешіріледі» (Бұхари, Мүслім). * * * «Жәннатта Раййан деп аталатын қақпа бар. Ол қақпадан ораза тұтқандардан басқа ешкім кірмейді. Қиямет күні: «Ораза ұстағандар қайда?», – деп жар салынады. Ораза ұстағандар тұрып, сол қақпадан кіреді. Олар кіріп болған соң ол жабылып, одан басқа ешкім кірмейді» (Бұхари, Мүслім). * * * «Мен Расулуллаға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) барып: «Маған бір амал бұйырыңыз. Мен сол амалды орындайын», – деп айтқанымда, Ол: «Ораза ұста. Себебі, онымен тең келетін амал жоқ», – деп жауап

Қош келдің, иә, Рамазан!

Ассалаумағалейкүм, йа, шәһри рамазан, Уағалайкүмассалам, түсті Құран Кәләм, Әуелі хазірет Расулына жүз мың сәлем, Оразаны парыз қылды Алла Тағалам. Мұхаммед үмбетіне, йа, шәһри рамазан. Рамазан айында келдік бұл баптарға, Кім жетіп, кім жетпеген бұл айларға, Құдайым иманымыз нәсіп етсе, Кірерміз жұмақтағы сарайларға. Мұхаммед үмбетіне, йа, шәһри рамазан. «Мәрхәбән, йа, рамазан», яғни «Қош келдің, йа, рамазан» деп, жылына бір рет келетін Рамазан айын барша мұсылман үмбеті асыға күтетіні анық. Рамазан – қасиетті бес парыздың бірі болған ораза айы. Барша мұсылман баласына қуаныш сыйлаған бұл ай хақында көптеген еңбектер жазылған. Ел ішінде «жарамазан» (кейде «жарапазан» деп аталады) деген атпен тараған діни өлеңдерде Рамазан айының ерекшелігі, қадір-қасиеті кеңінен жырланған. Ғылымда «Жарамазан»

Ережеп – Алланың айы

Алла тағала «Тәуба» сүресінің 36-аятында: «Расында Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардың төртеуі құрметті айлар. Міне, осы берік дін», – дейді. Мұхаммед Пайғамбарымыз  қоштасу қажылығында: «Бір жылда он екі ай бар. Бұлардан төртеуі харам айлар, үшеуі қатар келген – Зилқағда, Зүлхижжа және Мұхаррам, төртіншісі – Ережеп», – деп жеке-жеке атап көрсеткен (Имам Бұхари). Пайғамбарымыз  қасиетті айларға көп көңіл бөліп, сахабаларға оларды қалай өткізу керектігі жөнінде айтатын. Сондай-ақ, ережеп айы кіргенде: «Раббым, ережеп пен шағбан айларын берекелі ете гөр! Бізді Рамазанға аман-есен жеткізе гөр!», –

Зекет пен садақа – басқа төнген пәлекетті қайтаруға себепші

Исламның негізгі бес тіректерінің бірі – зекет садақасы. Ол жөнінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Ислам діні бес негізден тұрады: Алладан басқа тәңір жоқтығына және Мұхаммедтің (с.ғ.с.) Алла жіберген шынайы елші екендігіне куәлік келтіру, намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразазасын ұстау, қажылыққа бару», – делінген (Абдулла ибн Омардан риуяат етілген). Араб тілінде «зекет» – көбею, өсу, берекеттену, тазалық деген сияқты мағыналарды білдіреді. Ал оның шариғаттағы терминдік мағынасы: «Нисап» көлеміне жететін байлыққа ие болған мұсылман адамның өз байлығының белгілі бір бөлігін жылына бір рет Алла Тағаланың ризалығы үшін Құранда белгіленген адамдарға беруі. Шын мәнінде, садақа

Түнгі намаз – мүміннің шарапаты

Әрбір мұсылманның Алланың махаббатына бөленуі пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) еруімен жүзеге асады. Бұған Алла Тағаланың Құрандағы мына аяты дәлел болады: «(Мұхаммед с.ғ.с) оларға: «Егер Алланы сүйсеңдер, онда маған еріңдер. Алла сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді. Өйткені, Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді», де» («Әли Ғымран», 31). Бұл мәртебеге лайықты өмір сүруіміз үшін бізге өрнек бола білген Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ылғи жасайтын құлшылықтарының бірі тәһәжжуд намазы (түнгі намаз) үлкен септігін тигізеді. Түнде тұрып, Алла үшін құлшылық етудің абзалдығы орасан зор. Түннің бір бөлігін ғибадатпен өткізетін

Исламның алтын көпірі

«Бізге бәрінен бұрын халықтың сенімі қымбат. Сенім қалыптасқан кезде ғана діннің жанашырлары қайырымды шараларға үлкен үлестерін қосатын болады. Сенім сейілген сәтте адамның жүрегіне күмән ұялайды. Сондықтан күмән болмау үшін ең алдымен жұмысымызға ашықтық қажет. Ашықтық бізді алысқа жетелейді» Ержан қажы Малғажыұлы, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти  ЗЕКЕТ – ҒИБАДАТ Құран Кәрімде: «... әрі намазды толық орындаңдар және зекет беріңдер және Аллаға көркем қарыз беріңдер. Өздерің үшін алдын-ала қандай жақсылық істеген болсаңдар, оны Алланың алдында содан да қайырлы әрі ұлы сый күйінде табасыңдар. Алладан кешірім тілеңдер. Шын мәнінде, Алла – өте Кешірімді (Ғафур), ерекше Рақымды (Рахим)»,

Тәспі ұстау

Негізінде тәспі – моншақ, тас, қандай да бір жемістің сүйегі, т.б. заттардан жасалады. Тәспі жақсылық жасауға дәнекер болып есептеледі. Шариғатта мынадай бір қағида бар: «Жақсылыққа негіз болған дәнекер, сол жақсылықтың үкімін алады» [الوسائل لها حكم المقاصد]. Себебі, тәспі зікірді жеңілдетеді. Демек, шариғи тұрғыдан тәспі ұстауға рұқсат етіледі. Әсіресе, мұсылман кісі зікір санауда қателесетін болса, тәспі ұстауы лайықтырақ болады. Бұған дәлел боларлық сахих хадистер бар. Сахаба Сағд ибн Аби Уаққастың (р.а.) айтуы бойынша: «Ол Алла елшісімен бір әйелдің үйіне кірген екен. Ол әйелдің алдында зікір ететін тастары немесе жеміс сүйектері жатқан еді. Пайғамбар (с.ғ.с.):

Тәһәжжуд намазының артықшылығы

«Тәһәжжүд» – араб сөзі. Тәһәжжүдтің сөздік мағынасы – ұйықтамау, сергек болу дегенді білдіреді. Шариғаттағы мағынасына келер болсақ – Алла ризалығын алу ниетімен түннің бір бөлігінде намаз оқу. Тәһәжжүд нәпіл намаз ретінде Алладан мұсылмандарға берілген қосымша ғибадат. Оны орындаған кісі Алладан сауап алады да, орындамағанға күнә жоқ. Тәһәжжүд намазы жайында біршама аяттар мен хадистер бар. Сол аяттардың бірнешеуіне назар аударып көрейік. Алла тағала «Мүзәммил» сүресінің 20-аятында Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға: «Сөз жоқ, Раббың, сенің әрі сенімен бірге болғандардан бір топтың, түннің үштен екісіне жақынырақ, жартысында, үштен бір шамасында намазға тұрғаныңды біледі», – деп

Құлшылықтың төресі – қажылық пен құрбандық шалу

Қажылықта миллиондаған адам иық тіресіп, Алла Тағалаға құл-шылық етеді және бір тамшы қан төгілмейді. Бұл құлшылық адамзат баласын бірлікке, татулыққа, қамқорлыққа, мейірімділікке ша-қырады. Қажылықта мұсылман ба-ласының тақуалығы артып, қиямет қайымды көз алдына елестеткен-дей ерекше сезімге бөлейді. Құран кәрімде айтылғандай, барлық мұсылмандар үшін қасиетті болған Қағба – жер бетіндегі ең алғашқы үй саналады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің хадис шәріпінде: «Алла Тағала аспан мен жерді жаратпастан бұрын Қағбаның орнын белгілеп қойды», – деген. Қағба мен қажылық тарихы Бір күні Исмаил (ғ.с.) зәм-зәм суының қасында өсіп тұрған ағаштың көлеңкесінде оқ жонып отырған еді. Өзіне қарай келе

Top