Ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған асыл азамат еді…

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің мүшесі, «Сарыағаш» медресесінің директоры, белгілі дінтанушы ғалым Сманов Әбсаттар Шәкірұлының қайтыс болуы Қазақстан мұсылмандарын үлкен қайғыға ұшыратты. Әбсаттар Шәкірұлы – Қасиетті Құранның мағынасын ана тілімізге тәржімалаған көрнекті ғалым, дін қайраткері еді. Ол – салихалы ғұмырын ислам шариғатын оқуға, шәкірт тәрбиелеуге арнаған асыл азамат болатын. Ғұламалар кеңесінде түрлі түйткілді мәселелерді талқылағанда ұлтжандылығымен, біліктілігімен, өткірлігімен, батылдылығымен көзге түсіп, құрметке ие болды. Әбсаттар қажы ҚМДБ жанынан құрылған Республиқалық ақпараттық-насихат тобының белсенді мүшесі ретінде еліміздің барлық аймақтарында, әсіресе Ақтөбе, Атырау, Жезқазған сияқты діни ахуал күрделенген өңірлерде экстремизм мен терроризмнің алдын

ҚМДБ МЕШІТТЕРІНІҢ ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕСІ ҚАБЫЛДАНДЫ

Ғұламалар кеңесінің мәжілісінде ҚМДБ мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі талқыланып, бір ауыздан бекітілді. Ереже мәтінімен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов және Діни білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев таныстырды. Ережеде мешітке келушінің негізгі құқықтары, мешітте жасауға тыйым салынған әрекеттер, мешітке келушінің міндеттері жеке бөлім ретінде қамтылған. Сонымен бірге, ҚМДБ мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі дін қызметкерлері мен мешітке келушілерге байланысты басқа да мәселелерді қадағалайды. «Осы ереже Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттерінің ішкі тәртіп ережелерін анықтайтын негізгі нормативті акт. Ереже Қазақстан Республикасының «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Заңына, Қазақстан

ЖАНАЗАҒА АРНАЛҒАН КІТАП ЖАРЫҚ КӨРЕДІ

Алматыда өткен Ғұламалар Кеңесінің отырысында «Дін мен дәстүр» кітабының екінші томы және «Жаназа» кітабының мазмұны талқыланып, мақұлданды. «Қазақтың дәстүрлі құндылықтары мен жаназа мәселелерін жүйелеу және оларды халық игілігіне айналдыруға қатысты ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Қоғам үшін маңызы зор «Дін мен дәстүр» және «Дін мен тарих тағылымы» жылы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың бірі – діни еңбектердің жарық көруі. Бұл жалпы қоғам мен дін қызметкерлеріне арналған құнды дүние. Кітаптың басты мақсаты елге шариғат пен дәстүрімізді ұштастырып жеткізу»,  – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы. Жаназа кітабында қайтыс болған кісіні жерлеу, құдайы ас

ҚМДБ жаңалықтары

Дін басшылары кездесті 25 қараша күні Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқарма-сының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті. Кездесуде Дін басшылары тәуелсіздік жылдарында еліміздің діни саласында атқарылған игі істер туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, дінаралық татулық, халықтардың бірлігі, әлемдегі діни ахуал туралы ой бөлісті. Дін басшылары дәстүрлі діндерге мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау мен қамқорлық шараларын да сөз етті. «Бізді біріктіретін ортақ мақсаттар көп: халықтың бірлігі, жастардың тәрбиесін жақсарту, лаңкестік әрекеттерге жол бермеу, жастарды нашақорлықтан, араққұмарлықтан, т.б. жаман әрекеттерден құтқару. Отбасы құндылығын насихаттау – басты назарымызда болу керек»,

KFC мейрамханалары – халал

Мұсылман бауырларымыздың сұрақтарына сәйкес Қазақтандағы KFC мейрамханалары туралы ақпаратты толықтырып қайта назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың наурыз айында KFC мейрамха-насының тағамдарына жасалған сараптама нәтижесінде Діни басқарманың халал сертификаты берілген болатын. Бүгінгі таңда республика аумағында 32 KFC мейрамханасы халыққа қызмет көрсетуде. Атап айтар болсақ, Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент, Қарағанды қалаларында орналасқан. 1. КФС тауығына Ресей мұсылмандары діни басқармасының сертификаты берілген. 2. Ресейлік әріптес бауырлардың нақты берілгені жөнінде ақпарат алынып, біздің халал өнімдерімізге бекіткен стандарттарға толық сай келетініне көзімізді жеткіздік. 3. Біздің стандартта әрбір тауық қолмен бауыздалуы тиіс. Және сол тауықтардың жейтін жеміне назар аударамыз. Олардың жейтін

ҚМДБ жаңалықтары

Ватикан елшісін қабылдады Астанада Қазақстан мұ-сылмандары діни басқарма-сының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Ватиканның Қазақстандағы Елшісі Фрэнсис Ассизи Чулликатт мырзамен кездесті. Кездесу барысында елімізде әр үш жыл сайын өтетін әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының құрылтайы, осынау халықаралық басқосудың әлемдік діни тұрақтылыққа қосып жатқан сүбелі үлесі туралы сөз болды. Сонымен қатар, бүгінгі әлемдік діни қақтығыстар, лаңкестік әрекеттерді болдырмаудағы дін лидерлерінің рөлі әңгімеленді. Ресми кездесуде сөз алған мәртебелі қонақ Діни басқарманың қазіргі қоғамдағы орны мен ықпалын жоғары бағалады. Бас мүфти дінді саяси құрал ретінде пайдаланбау қажеттігі туралы пікірлерімен бөлісті. «Сладкая слобода» кондитерлік өнімі Халал сертификатына ие болды Алматыда ҚМДБ

Түркияда халықаралық саммитке қатысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Түркияға ресми сапармен барды. Сапар аясында Бас мүфти Еуразиялық Ислам ұйымының ІХ саммитіне қатысты. Ыстамбұл қаласында «Еуразия аумағында Ислам дінінің болашағы және дінді қанаушы қозғалыстар» деген атаумен өткен халықаралық басқосуға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған және Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Косова, Қапқаз, Дағыстан, Молдава, Литва, Эстония, Македония, Бұлғария, Хорватия, Румыния, Словения, т.б. елдердің Бас мүфтилері, ғалымдары қатысты. ІХ саммит аясында «Еуразияда діни сана қалыптас-тырған ұйымдар», «Жаңа БАҚ және діннің қаналуы», «ИШИМ – жаһандық қауіп және зорлық-зомбылық қозғалысы», «Жаһандық қауіп ретінде радикалды діни

ҚМДБ жаңалықтары

Қарт әжейдің арманын орындады 30 қыркүйекте Астана қаласында тұратын Кәдімқызы Орынбасар апамыз үшін ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Қала шетіндегі жалдап тұрып жатқан қуықтай бөлмесіне ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы келеді деп кейуана мүлдем ойламаса керек. Ара-тұра хал-жағдайын сұрап, көмектесіп кетіп тұратын «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлерімен бірге жаңбырлы күні үйіне кіріп келген дінбасын көргенінде, тіптен, абдырап қалды. Көзінде жалт ете қалған қуаныш ұшқынымен бірге, таңданыс табы да жоқ емес. Алайда, қуаныштың көкесі әлі алда еді. Қарт әжейге құрметін көрсетіп, қонақ болып келіп қалған Бас мүфтидің қарияға арнаған тосын сыйы

Шымкент әуежайынан қажылыққа аттанғандарды шығарып салды

Шымкент әуежайында қажылық сапарға шығарып салу салтанаты өтті. Шымкентте тұңғыш рет ресми түрде ұйымдастырылған игі шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен Сауд Арабия Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Горм Сайд Малхан, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұлысбек Сәдібеков, ҚМДБ наиб мүфтиі Серікбай қажы Ораз, өкіл имам Ахметжан қажы Керімбек  қатысып, азаматтарға сәт сапар тіледі. 31 тамызда Шымкент әуежайынан төрт жүзден астам адам алғашқы қажылыққа бара жатыр («Атлас туризм» –  28, «Хикмет травел» – 12, «Әл Маруа» – 197, «Қызмет саяхат» – 40, «Санабил» – 100, «Хидаят нұр»

«Ықылас» қарилар дайындау орталығының қыздар бөлімі ашылды

Шырайлы Шымкент қаласында жаңадан салынған Қазақстан мұсылмандары діни бас-қармасына қарасты «Ықылас» қарилар дайын-дау орталығының қыздар бөлімінің ғимараты ашылды. Ресми ашылу салтанатына ҚМДБ төрағасы-ның орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз мырза және Түркия Республикасының ҚР төтенше және өкілетті елшісінің өкілі Ибрагим Элмаз, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек, Ғұламалар кеңесінің мүшесі Әбсаттар Сманов және ҚМДБ бөлім меңгерушілері мен т.б. мәртебелі қонақтар арнайы қатысты. Ресми шара алдымен Құран Кәрім тіләуат етумен басталып, алғашқы құттықтау сөз ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз мырзаға берілді. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің құттықтауын

Top