Жақсы әйелді қалай табамын?

Жақсы жар таңдау Алланың осы дүниедегі нығметтерінің ең қайырлысы – жақсы жар. Мұны Пайғамбардың (с.ғ.с.) төмендегі хадис-шәрифтері айғақтайды. «Мүміннің Аллаға тақуалық қылуынан кейінгі ең үлкен тапқан пайдасы – ізгі жұбайы. Егер ері оған бұйырса – мойынсұнады, қараса – қуантады, ол үшін ант етсе – антын орындайды, егер ері сыртта болса, өзінің жаны (ар-ожданын) мен оның малын сақтайды» (Ибн Мәже риуаяты). «Дүние – қызықтау, ондағы қызықтардың ең қайырлысы – ізгі әйел» (Мүслім риуаяты). Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Бір әйелге төрт нәрсесі үшін үйленеді: мал-дүниесі, тектілігі, әдемілігі және имандылығы үшін. Діні барға қол жеткіз, қолың топырақ болғыр» (Бұхари риуаяты). Әл-Ләйсидің Әбу

Top