Мешіт туралы дастан

Жуырда «Өнер» баспасынан ШҚО, Тарбағатай ауда-нының тұрғыны Ислам Түсіпбекұлы-ның «Үш дастан» атты еңбегі жарық көрді. Бұл кітап туралы айтпас бұрын кейінге шегініс жасауды жөн көрдім. Әр адамға өмірің-нің ең бақытты кезі қай кезің болды десе, әртүрлі жауап берері анық. Мен болсам, сонау тоқсаныншы жылдары еліміз тәуелсіздік алып, дініміз қайта оралып жатқандағы кезді айтар едім. Алматыда медреседе оқып, аздаған алған біліміммен ел ішіне барып қызмет істегенде Алла қуат беріп тұрмаса, қаршадай жасымда қарашаға қалай имам болар едім? Мешітіміз ескі қырық жыл болған ауруханада орналасып, қабырғасы жарылып, дәл сол кезде тегін беріліп тұрған электр жылуы

Құранның жаңа мағыналық аудармасы

Құран Кәрімнің қандай да бір тілдегі аудармасы қасиетті кітаптың ақиқатын толық жеткізе алмайды. Әрі оның нұсқасы да болып табылмайды. Себебі, Құран – Алла Тағаланың ешбір өзгермейтін мәңгілік мұғжизасы. Сол үшін де, Құран Кәрімнің басқа нұсқасы толыққанды аударма болуы мүмкін емес. Ал бұл салада жазылған еңбектердің барлығы да «Құран Кәрімнің мағыналарының тәржі-масы, мағыналық түсінігі» деп аталатыны да сондықтан. Белгілі дінтанушы Сәбит Замадинұлы Ибадуллаев соңғы бір-неше жыл бойы тер төгіп, қасиетті Құранның ана тіліміздегі тағы бір аудармасын мұсылман жамағатына ұсынды. Аудармаға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті дінтану сараптамасынан оң

Белгілі исламтанушы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің мүшесі, «Нұр-Мүбәрак» университетінің аға оқытушысы, PhD докторы Мұхитдин Исаұлының «Құран шапағы» топтамасымен «Мәңгі мұғжиза» атты бірінші кітабы жарық көрді. Еңбек ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің дінтану сараптамасынан өткен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған. Қалың оқырман талқысына ұсынылған ғалымның бұл монографиясы мұсылмандығымыз бен рух тазалығына қосар сүбелі еңбек. Онда Құран ақиқаттары әсерлі де көркем нақышпен баяндалған. Автор «Фатиха» мен «Бақара» сүрелерін Ислам ғұламаларының еңбектеріне сүйеніп тәпсірлеген. Мазмұны кең, тілі оқуға жеңіл бұл кітап оқырман жүрегіне жол табар деген

«Имам әліппесі»

Қазақстан мұсыл-мандары діни бас-қармасының са-раптауынан өткен тағы бір кітап жарыққа шықты. Оны жинақтап, баспаға әзірлеген – ҚМДБ-ның уағыз-насихат бөлімінің маманы Алтынбек Ұтысханұлы. Кітапта ақида, Ислам тарихы, ха-дис, тәжуид, фиқһ сынды ең негізгі ислами білім негіздері жинақталған. Кітап Ислам нәріне қаныққысы келген көпшілікке арналған.

«Мәзһабтар тарихы»

Мәзһабтар тарихы еліміздегі қазіргі ахуал-ды ескере отырып, арнайы зерттеуді талап етеді. Сол себепті, бұл еңбекте ҚМДБ-ның оқу-ағарту бөлімінің мең-герушісі, философия ғылымдарының канди-даты Смайл Сейтбеков Ислам дінінің тари-хында пайда болған басты мәзһабтардың шығу төркіні, діни ұстанымдары, ғасыры-мызға дейін жеткен теріс ағымдардың сенімдері, шоғырланған мекендері жайлы қажетті мәліметтерді қамтыған. Сонымен қатар, әһлу сүннет пен өзге ағымдардың арасындағы басты айырмашылықтар талданады. Ұлт болашағын, ұлттық сананың тазалығын, ғылым-білім сүйер иманды ұрпақтың қалыптасуын қалайтын ізгі ниеттен туған еңбек жалпы оқырманға арналған. Кітап «Көкжиек» баспасынан мол таралыммен жарық көрді.

Жаңа кітаптар

100 сұрақ – 100 жауап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қолайлы қойын кітапшасын шығарды. Жан азығы – шағын кітапшада қарапайым мұсылманды мазалайтын сұрақтар жауабымен қоса берілген. Құнды дүниенің ерекшелігі – имандылыққа бет бұрып, адамға ұл, Құдайға құл болуды өмірдің өзегі деп білетін әр адамның Ислам құндылықтарына қатысты білуі тиіс сұрақтар мен жауаптар түсінікті тілмен жазылған. Сондай-ақ, дастархан батасын білсем деген ниетпен жүргендер де іздегенін осы кітапшадан табады. Тағы бір тілге тиек етерлігі, құнды дүниені рухани кештерде, арақсыз адал тойларда, ғибратты кездесулерде жиынның көркін қыздыру мақсатымен викториналық сұрақтар ойыны ретінде пайдалануға болады. Ол –

Тағылым мен тағзым

2011 жылдың қараша айында, үлкен қажылық күндерінде, Мекке қаласында дінтанушы Аманкелді қажы Әбдіхалықтың «Ислам әлемінің қасиетті орындары» деп аталатын жаңа кітабының тұсаукесері болып өтті. Оған Сауд Арабиясының бірқатар діни қызметкерлері, шейхтар, қажылыққа барған бірқатар жерлестеріміз, мешіт имамдары қатысты. Дінтанушының жаңа туындысы жайында біраз жақсы пікірлер айтылды. Жоғары оқу орындарының оқытушыларына, студенттеріне, имамдар мен дін мамандарына, жалпы көпшілік қауымға арналған бұл кітап Саудия мен Палестина аймақтарындағы мұсылман әлемі үшін қастерлі, тағылым алып, тағзым ететін қасиетті жерлер жөнінде баяндайды. Мекке мен Мәдина, Иерусалим қалаларының тамаша бай тарихы, Ислам діні үшін киелі орындардың

Құранның тағы бір тәржімасы ана тілімізде жарық көріп, оқырман қолына тиді

Құран – адам баласының назарын ақыл мен саналы-лыққа жетелейді және тура жолды көрсетеді. Бұл қасиетті кітапта ғылым, ақыл, сана, ғибрат алу тақырыптарына қатысты жүздеген аяттар бар: ақыл – 65 аятта, ғаламның жаратылысы, ғылым салалары, ғалымдардың қасиеттері, ғылым мен білімнің маңызы жөнінде – 217 аятта мағлұматтар бар. Қазіргі кездегі ғалымдар зерттеп тапқан ғылыми негіздер Құраннан табылатыны – Құран Алла тағаланың сөзі екеніне сенімімізді одан сайын арттырады. Себебі, Құран түскен кезде ғылыми зерттеу мүлде жоқ еді. Құранды оқумен шұғылданған және оның мағынасын түсінген, оны өзгеге үйреткен адам – адамдардың ең абзалы. Өйткені,

Жаңа кітап

«Діндер тарихы» атты бұл оқу құралы дінтану мамандығы бойынша жоғары оқу орындарына арналған бағдарлама талабына сай дайындалған. Онда он бес тақырып қамтылған. Әрбір тақырып бойынша қысқаша дәрістер берілген. Бірінші тақырыпта дін туралы түсінік, оның құрылымы, қызметі мен атқаратын рөлі жайында мағлұмат қарастырылса, келесі дәрістерде ежелгі наным-сенімдердің түрлері, ежелгі мәдениеттердегі сенім жүйелері, сондай-ақ, ұлттық діндер (даосизм, конфуций діні, синтоизм, ежелгі үнді діндері, иудаизм) мен әлемдік діндер (буддизм, христиандық, Ислам) және осы діндердің тармақтары мен ағымдары қамтылады. Діндер және діни ағымдардың шығу тарихы, ерекшеліктері, сенім негіздері, қасиетті жазбалары, мейрамдары жүйелі түрде баяндалып,

Жаңа кітап

Алла тағала қасиетті Құран кәрімде: «Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін (сондай) бөлініп, қайшылыққа түс-кендер тәрізді болмаңдар», – деп мұсылмандарға дінде жікке бөлі-нуге, талас-тартысқа түсуге тыйым салды. Өкінішке орай, осындай ашық аятқа қарамастан қазіргі таңда арамызда топ-топқа бөліну, айтыс-тартыстар орын алуда. Осы бір өзекті мәселені қозғаған бұл «Талас-тартыстар» кітабы оқыған діндес бауырлар пайдалы сабақ алып, фитнаға жол ашатын кез келген нәрседен бойларын аулақ салады деп үміт етеміз.

Top