Жиһад ұғымы және қазіргі заман

Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Алла тағалаға тән және пайғамбарымыз Мұхаммедке (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын), оның отбасына, сахабаларына Алла тағаланың рахметі болсын! Жиһад – араб тіліндегі «жуһд» түбірінен шыққан «белгілі бір мақсатқа жету үшін жігер күшін салу, күресу» деген мағынаны білдіретін сөз. Ал шариғаттағы мағынасы: Ақиқат үшін күресу, хақ дінге шақыру (яғни Алла дінін қорғау). Немесе Алла дінінің туын жоғары көтеру және дінді, жанды, отанды, мал-мүлікті т.б. қорғау үшін малымен жанымен күресу. Исламда «Алла жолында жиһад ету» ұғымы кең көлемде қолданылады. Құранда жиһадқа байланысты аяттар бірнеше жерде келгенімен,

Top