Қари болам десеңіз…

Құранды бастан аяқ жаттаған жанды қазақтар «қари» дейді. Сыйлап төрін береді. Имамдыққа шығарады. Ықыласы ауып, сүйсініп тұрады. Қысқасы, бұл жалғанда сый-құрметтен кенде емессіз. Әрине, сол биікте қала алсаңыз. Қарилық тұлғаңыз жұрт сүйсінген сұлбаңыз. Жә, жалған деп қалдық қой жаңа. Алланың құлына деген рақымы бұл өмірдің қызығымен ғана шектел-мейді, әрине. Әсіресе қари құлына. Қияметте оның ата-анасына нұрдан тәж кигізіледі. Өзі өмірде жаттаған аяттарын тоқтағанынша оқып жәннаттағы дәрежесі жоғарылап жатады. Жаттағанына амалы сәйкес келсе деген үлкен шартпен.Айтпағымыз бұл емес. Құранды жаттау екі дүниеде де тек бақытқа бастайтынын бәрі білер, мұсылманмын деген қауымның. Ал, айтқымыз

«Алақ» сүресі

Аяттардың мағынасы «1. Жаратқан Раббыңның аты-мен оқы! 2. Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. 3. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. 4. Ол қаламмен үйреткен. 5. Ол адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен. 6. Сөз жоқ, адам баласы азғынға айналады. 7. Өзінің байлығын өзіне жеткілікті санағаны үшін. 8. Есіңде болсын, ақыр соңында оралу сөзсіз Раббыңа қарай болады. 9. Көрдің бе, тыйым салғанды. 10. Бір құл намаз оқыған сәтте. 11. Көрдің бе? Егер ол (Мұхаммед) тура жолда болса да. 12. Немесе тақуалықты бұйырған болса да. 13. Көрдің бе? Егер ол (адам хақты) жалғанға шығарып, бет

«Адият» сүресі

Аяттардың мағынасы Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. 1. Қатты ентігіп, шапқан. 2. (Тұяғынан) от шығарған. 3. Таң сәріден шабуыл жасаған. 4. Тозаңдатып, шаңдатқан; 5. Сөйтіп жаудың ортасына шаңдата кірген аттарға серт. 6. Шын мәнінде, адам баласы Раббысына тым көрсоқырлық етеді. 7. Шындығында ол, өзі де соған куә. 8. Сондай-ақ ол, байлықты өте жақсы көреді. 9. Ал олар білмей ме? Қабір-дегілер қопарылып, шығарылған кезде. 10. Көкіректегілер жарыққа шығарылған сәтте. 11. Сол күні Раббыларының, олардың ахуалынан толық хабардар екенін (білмей ме)? Сүренің атауы Бұл сүре «адият» сөзіне серт қылып басталғандықтан «Адият сүресі» деп аталған. Адият – мұсылман әскерлердің дұшпанға қарсы шапқан аттары.1 Сүренің түсу себебі Тәпсірші

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ақылдастар алқасына

Қазақ мемлекеті егемен-дік алғаннан кейін үш мәрте Құран кәрім қазақшаға аударылды: 1. 1991 жылы қазақтың бірінші мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Уақап Қыдырханұлының аудармасы; 2. Халифа Алтай Дәлелхан, Жаналтай Абдурахим Алтайдың аудармасы; 3. Мұхаммет Шыңғыс қажы, Ермек Мұхамбетқали аудармасы. Осы үш Құран кәрімнің аудармасындағы (әрине, қазақшасындағы) сүрелерге тиесілі аяттарды салыстырғанда еш өзгеріссіз, тура шығады. Ал жалпы аяттардың санына келетін болсақ, 2001 жылғы («Жылнама» баспасынан) мұсылман күнтізбесі кітапшасында С.Қанатбайұлы құрастырған, ақылдастар алқасында Серікбай Ораз бар, атақты дін ғұламасы Замақ Шарийдің есептеуінше аяттар саны – 6666. Ал жоғарыдағы Құран кәрімнің аудармасындағы аяттар санын қорытындыласақ – 6236, айырмасы

«Зілзала» сүресі

Аяттардың мағынасы Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. 1. «Жер қатты сілкіндіріліп қозғалған сәтте. 2. Жер ішіндегі жүгін шығарған сәтте (қазыналар, өліктер). 3. Адам баласы: «Бұған не болды?», – деген сәтте. 4. Ол күні жер уақиғасын түсіндіреді. 5. Раббыңның оған білдіруімен. 6. Сол күні адам баласы амалдары көрсетілуі үшін топ-тобымен келеді. 7. Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді. 8. Ал, және кім тозаңның түйірінің салмағындай жамандық істесе, оны көреді» Сүренің аталуы Бұл сүре қияметтен бұрын жүзеге асатын қатты зілзала жайында хабар беріп басталғандықтан, «Зілзала» яки «Зілзал» сүресі деп аталған. Сүренің түсу себебі Кәпірлер қиямет пен есеп-қисап күні

«Қадір» сүресі

Аяттардың мағынасы Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. 1. Расында, Біз Құранды Қадір түнінде түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? 3. Қадір түні мың айдан да қайырлы. 4. Сол түні Раббыларының рұқсатымен Рух пен періштелер әртүрлі іс үшін түседі. 5. Таң рауандап атқанға дейін сол түн бейбітшілікке оранады. Сүреге кіріспе Сүре атауы аяттағы «Қадір түні» сөзінен алынған. Сондай-ақ, сахаба Әбу Зәрдің (р.а) жеткізген риуаяты бойынша «Иннә әнзәлнәһу» сүресі деп те аталады (Элмалылы М. Хади Языр, Хақ Дини Қуран Дили, 9/334). «Қадір» сүресі 5 аяттан тұрады. Бұл сүре Меккеде түсіп, Құран Кәрімнің түсе

Құран – құлшылықтың қайнар көзі

Алла тағаланың хақ діні Исламның екі қайнар көзі бар: бірі – қасиетті Құран Кәрім, екіншісі – пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистері мен сүннет жолы (өнегелі өмірі). Құран – ұлы періште Жәбірейіл (ғ.с.) арқылы хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға уахи етілген Алла тағаланың сөзі. Оқиғалардың ұрымтал кезінде, зердеге тез түйіп, тыңдағандар құлағына құйып алуға жеңіл етіп 23 жыл бойы түскен. Содан бері оның бір сөзі де, бір әрпі де өзгермеген және өзгермейді де. Өйткені, оның қорғаушысы Өзі екенін Алла тағала Құран Кәрімде: “Құранды біз түсірдік, оны қорғайтын да өзіміз” (“Хижр” сүресі, 9-аят), – деп ескерткен.

Top