Әһли бәйт жайында не білеміз?

Ислам дінінде Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың жанұясы мен ең жақын туыстарын «Әһли бәйт» деп атайды. Әһли бәйтке жататындар – пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жұбайлары, хазреті Әли және оның отбасы мүшелері, хазреті Жағфар бин Әбу Талиб, хазреті Ақил бин Әбу Талиб, хазреті Аббас бин Абдулмутталиб және бұлардың отбасы мүшелері. Міне, осы аты аталған ұлы тұлғалар және олардан тараған ұрпақтар пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ең жақын адамдар болғандықтан, әһли бәйт деп аталады. Мұсылмандар арасында әһли бәйттің орны ерекше. Оларды өте қатты сыйлап, үнемі құрмет көрсетіп, тіпті қызметіне дайын тұрған. Өзге мұсылман халықтары секілді, қазақ халқының да пайғамбар әулетіне

Top