Әйел адамға никаб тағудың шариғаттағы үкімі қандай?

Рамазан айында ауызашар уақыты таяғанда үйге келсем, қарындасым дәмді тағамдар әзірлеп күтіп отыр екен. Ауызашар үстінде әңгімеден әңгіме туындап, әйел адамның никаб тағуының (бетті жабу) шариғаттағы үкімі туралы оған түсіндіріп айттым. Себебі, оның досы Әсия никаб тағады екен. Әлбетте, күйеуінің бұйрығы бойынша. Қарындасымның айтуы бойынша, Әсияға бәрі шошынып, тесіле қарауы ұнамауы себепті, никаб тағуға алғашқыда қатты жүрексінген. Тіпті, ұнатпайды да. Жолдасының бұйрығы деп көніп жүр. Бірақ, шариғаттағы никабтың үкімі туралы біліп беруімді өтініпті қарындасымнан. Сонымен, тақырыпты басымнан өткен мына оқиғамен бастадым. – Медреседе оқып жүрміз. Ақида сабағын Сансызбай ұстаз өткізіп болған

«Мені еске алу үшін намаз оқы»

(немесе намазға кейбір тартысты мәселелер) Бала кезімізде ата-әжелеріміз сұрайтын: – Мұсылмансың ба? – Әлхамду лилляһ, мұсылманмын! – Раббың кім? – Раббым – Алла. – Дінің қай дін? – Дінім – Ислам. – Кітабың қайсы? – Кітабым – Құран. – Мәзһабың қайсы? – Имам Ағзам Әбу Ханифа. – Имамың кім? – Әбу Мансұр Матуриди, – деген тәрізді сұрақ-жауаптарды айтып, бізге үйретіп отыратын. Шынын айтқанда, сонда көп нәрсені түсінбейтінбіз. Кеңес одағы билікке келген уақытта дінге қатты қысым басталды, намаз оқуға, ораза тұтуға тыйым салынды. Сондай әділетсіздікті, зұлымдықты көрсе де, бабаларымыз дінде, имандылықта берік тұра білді, тіпті кейінгі ұрпақтың тәрбиесін уайымдап, жасырын күйде ағартушылықпен айналысты, діни ілімді

Ханафи мәзһабы бойынша жаназа шығару мен жерлеу рәсімдері

Өмір бар жерде өлім бар. Шынында, өлім хақ және ол әрбір жаратылған жандының соңы болып табылады. Алла тағала Құран Кәрімде бұл жайлы: «Өзекті жанда өлмейтін пенде жоқ. Сендердің игіліктеріңнің бодауы қиямет күнінде толық қайтарылады. Тозақтың беті әрі болып, ұжмаққа кірсеңдер – мұраттарыңа жеткендерің. Дүние деген – опасыз тіршіліктің алдамшы қызығы», – дейді («Әли Имран» сүресі, 185-аят). Саналы ғұмырында әрбір ақыл-есі дұрыс адам ажал жетпей тұрып Алла Тағалаға құлшылық етіп, өзіне жүктелген парыздарды орындау тиіс. Пайғамбарымыз  хадис-шәріпінде: «Дүние ләззаттарын жермен-жексен ететін ажалды еске алыңдар», – деген. Бүгінгі әңгімемізде біз пәниден бақиға өтуші жанға

Қажылық жайлы бірер сөз

Қажылық – Исламдағы бес парыздың бірі. Құранда Алла Тағала былай бұйырады: «Қажылық және умраны Алла үшін толық орындаңдар» («Бақара»  сүресі, 196-аят). Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Кімде-кім Алла тағала ризашылығы үшін қажылық жасаса, жаман сөзден, жаман қылықтардан, күнәлардан сақтанса, анасынан туылғандай пәк болып қайтады». Қажылықтың әр минутын құлшылықпен, дұға-тілекпен өткізудің сауабы мол. Сонымен бірге хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз: «Күмәнсіз, Алла Тағала сендерге қажылықты парыз етті, қажылықты орындаңыздар және кісі өз үйінен үлкен немесе кіші қажылық парызын орындау үшін сапарға шықса, аяғын адымдап жүрген сайын күнәлары денесінен ағаштан түскен жапырақтар секілді төгіледі. Ал, Мәдина

Ораза айт – ұлы мереке

Айт күндері СҰРАҚ: Айт күндері дегеніміз не? ЖАУАП: «Айт» сөзі араб тілінде «мереке» дегенді білдіреді. СҰРАҚ: Исламда қандай айт күндері бар? ЖАУАП: Екі айт күндері бар: біріншісі – ораза айт, екіншісі – құрбан айт. СҰРАҚ: Ораза айт деген қандай мейрам? ЖАУАП: Рамазан айындағы оразадан шығуды білдіретін мейрам. СҰРАҚ: Құрбан айт деген қандай мейрам? ЖАУАП: Аллаға бағыштап құрбандық шалатын мейрам. СҰРАҚ: Ораза айт қай күні болады? ЖАУАП: Рамазан айы біткен соң, шәууәл айының алғашқы күні болады. СҰРАҚ: Құрбан айт қай күні болады? ЖАУАП: Зулхижжа айының 10-күні болады. СҰРАҚ: Айт күндері не үшін «шаттыққа толы күн» деп аталады? ЖАУАП: Өйткені, бұл күндері мұсылмандар ерекше қуанып, шаттанады. СҰРАҚ:

Қадір түні және Ораза айт

Ұлы Алла Тағала құлда-рына деген шексіз рақымдылы-ғынан кейбір күндер мен түндерді қадірлі етіп берген. Бұл күндер мен түндерде Алланың құлдары күнәларына кешірім сұраса, Алла барлық күнәларын кешіреді. Айлар ішінде Рамазан айы қасиетті болса, түндер ішінде Қадір түні барлық күн мен түндерден өте қасиетті. Ғалымдар былай дейді: «Алла бес нәрсені бес нәрсеге жасырған: ризалығын ғибадатта, азабын күнәларда, ортаңғы намазын бес уақыт ішінде, әулиелерін адамдардың ішінде, Қадір түнін Рамазан айы ішінде». Қадір түнінде жасалған құлшылықты Жаратушы Иеміз мың айда жасалған ғибадаттан артық деп қабылдайды. Мың ай – сексен үш жылдық мерзімді қамтиды. Бізден бұрынғы

Ораза – маңызды құлшылық

Ораза Сұрақ: Исламдағы үшінші парыз не? Жауап: Рамазан айында отыз күн ораза тұту. С: Оразаны қалай тұтады? Ж: Таң бозарып атқаннан күн батқанша ішіп-жеуден, жыныстық қатынастан тыйылу. С: Оразаның парызы нешеу? Ж: Үшеу: ниет ету, ішіп-жеуден сақтану, жыныстық қатынастан сақтану; С: Ниет етпей ішіп-жеуден, жыныстық қатынастан сақтанса, ол ораза болып есептеле ме? Ж: Жоқ, есептелмейді. Міндетті түрде ниет ету керек. С: Оразаға қай уақытта ниет етіледі? Ж: Сәресінен таң бозарғанша ниет ету абзалырақ. Таң бозарғаннан сәске уақытына дейін ниет қылуға болады, одан кейінгі уақытта ниет ету дұрыс емес. С: Егер таң бозарғаннан сәске уақытына дейін оразаны бұзатын амал істемей, сәскеден бұрын

Оразаның әдебі

Имам Мүслім Әнас ибн Мәліктен (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сүннетімнен бас тартқан Менен (яғни, үмметімнен) емес», – десе («Сахиху Муслим би шархин-Науауи»), Айша анамыздан (р.а.) риуаят етілген хадисте: «Біз бұйырмаған нәрсені істегеннің ісі қабыл емес», – деген. («Сахиху Муслим») Ғалымдар бұл хадистің ұғымына қатысты: «Бұл хадистегі «қабыл емес» сөзі «есепке алынбайды» дегенді білдірсе, хадистің өзі Исламның елеулі қағидасына жатады. Өйткені, бұл сөз өзіне Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) барлық өсиетін қамтып, әрбір дінбұзарлық істі жоққа шығарады», – деген. («Сахиху Муслим би шархин-Науауи») Демек, істеген құлшылығымыз, соның ішінде оразамыз қабыл болуының бірден-бір жолы –

Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар

Сұрақ: Балаларға ораза ұстауға бола ма? Жауап: Балиғат жасына жетпеген балаларға ораза ұстау міндетті емес. Алайда, олардың жағдайын ескере отырып, құл-шылықтың қыр-сырын үйрету мақсатында ораза ұстауға рұқсат беру керек. Рұқсат беріп қана қоймай, оларға ақыл-кеңес беріп ықыласын құптаған жөн. Рамазан айында ораза ұстай алатын және ұстағысы келетін бүлдіршіндерге кедергі жасама-ған абзал. Алайда, қатты ашығып қалмауын қадағалаған дұрыс. Олардың мектептегі үлгерімі мен денсаулығына жағымсыз әсер етпейтін болса ғана рұқсат етіледі. Сұрақ: Шомылу немесе душ қабылдау оразаны бұза ма? Жауап: Душ қабылдау, шомылу немесе жүзу оразаны бұзбайды. Себебі, ораза ұстаған адамға суға түсуге тыйым салынбаған.

Тарауық намазы

Сұрақ: Тарауық намазы қандай амал? Жауап: Еркек және әйел адамдарға сүннет амал. Сұрақ: Тарауық намазы қай жерде және қай уақытта оқылады? Жауап: Рамазан айында әр күн құптан намазынан кейін, үтір намазына дейін оқылады. Сұрақ: Құптан оқымастан бұрын тарауықты оқу дұрыс па? Жауап: Дұрыс емес. Сұрақ: Имам және жамағат тарауықты оқып жатқан кезде мешітке кешігіп келген кісі не істейді? Жауап: Алдымен құптан на-мазының парызын жалғыз оқып, имамға ұйып, тарауық намазын оқиды, тарауықтың алдыңғы оқыл-май қалған ракағаттарын артынан оқиды. Сұрақ: Тарауық намазы неше ракағат? Жауап: Жиырма ракағат. Сұрақ: Неше ракағаттан бөліп оқылады? Жауап: Екі ракағаттан оқылып, әр екі ракағаттан соң, екі жаққа сәлем

Top