Ислам банктері – шынымен «Ислам» деген атқа лайық па?

Жуырда Бүкіләлемдік Ислам ақшасы сарайының белді мүшесі, малайзиялық қазақ азаматы Абдулғани Әуесхановпен алтын динар мен күміс дирхамды енгізу тәжірибесі тақырыбында сұхбат өткізіп, жариялаған болатынбыз. Сол әңгіме барысында "Ислам" сөзін айдар қылып, шариғат талаптарына сай жұмыс істейміз дейтін банктер жайында да  көпшілікке тосын біраз жайлар айтылды. Шынымен бұл банктер "Ислам" деген атқа лайық па деген мәселе көтерілді. Ислам банктері әлемде көбейіп жатыр, біздің елімізде де Ислам банкі ашылды дегенімізбен, сол банкке барып, несие алдым, немесе кәсібіме көмек берді деген бірде-бір  адамды көрмеппіз де, естімеппіз де. Осы жайт төмендегі сұхбаттың өрбуіне түрткі

Дағдарыстың кілті немесе Елбасы ұсынысына бірден-бір жауап – динар мен дирхам

Әлемде қаржы дағдарысы белең алған сайын тығырықтан шығудың түрлі жолдары қарастырылуда. Соның бірі – қағаз ақшаның орнына айналымға алтын динар мен күміс дирхамды енгізуді жақтаушылар қатары артып келеді. Осы мақсатта Бүкіләлемдік Ислам Ақшасы Сарайы атты арнайы ұйым да қызмет етуде. Назарларыңызға аталмыш ұйым мүшесі, бүгінде алтын динардың белсенді насихатшыларының бірі болып жүрген малайзиялық қазақ азаматы Абдулғани Әуесхановпен болған сұхбатымызды ұсынамыз. 1893

Умар Ибрахим Вадильо: Ислам банкингі – бұл мұсылман клиенттерге арналған маркетингтік айла

Қазақстан банктерінің халықты қарызға белшесінен батырғаны бәрімізге белгілі . Көптеген борышкерлер өз қарыздарын төлей алмай, өздеріне қол жұмсауға дейін барды. Шариғат үкімдеріне негізделген Ислам банкингін енгізуді қолдайтын адамдардың сөзіне сенетн болсақ, ол адамгершілік принціптеріне сүйенеді. Осы тұрғыдан қарағанда ипотеканы мұсылман қаржыгерлерінен алған дұрыс па? Астанада өткен Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының (ВИЭФ) қонағы, Малайзияның Келантан штаты әкімшілігінің экономикалық мәселелер бойынша кеңесшісі Умар Ибрахим Вадильо қазақстандықтарды мұндай қиялдан («май шелпектен») сақтануға шақырады. - Вадильо мырза, бүгінгі таңда Қазақстандағы ипотекалар әлемдегі ең қымбат ипотекалардың бірі болып отыр. Банкрот болып, қарызға батқан адамдардың өз-өзіне қол

ИСЛАМИ ЭКОНОМИКА: АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ

Далдың басы – дағдарыс Әлемнің алпауыт елдері мызғымастай көрінетін ұлы державаның жылжымайтын мүлік секторынан бастау алған жаһандық қаржы нарығындағы дағдарыстың себеп-салдарын әлі күнге дейін түсіне алмай дал. Айналымында миллиардтаған доллар ақша жүретін ірі-ірі банктер күйреп жатқан тұста жер сілкінісінен де сескене қоймайтын жұрт, есі шығып, не істерін білмей қалды. «Сасқан үйрек артымен сүңгиді» дегендей, сасқалақтап қолдарындағы ак-циялардан құтылуға асықты. Банк салымдары күрт азайды. Тірнектеп жиған ақшасынан тірісінде айырылғысы келмейтін адамдардың ішкі үрейі сыртқа теуіп, жынды-сүрей тірлікке апарды. Ал, осындай дүрбелеңнің дүмпуі неге апарып соқтырарын дер кезінде болжай алмаған ел үкіметтерінің бейғамдығынан

Өсімсіз өркениет

«Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға...» Абай Дендеген дерт Егемендігін алып, етек-жеңін жинаған тәуелсіз Қазақстанның экономикасы да өрге басып келеді. Қазақстан мүдделес мемлекеттердің сенімді серіктесіне айналды. Шетелдік инвесторлар ел экономикасына үздіксіз қаржы құйып, сан салалы жобалар жүзеге асуда. Соның бірегейі ретінде елімізде Ислам қаржы жүйесінің жандана бастағанын айту керек. 525

Top