Өмір жайлы…

Өмір-Өзен. Дүние-Дүрмек. Күйбең-күйбең тіршілік... Адамзат баласы Жаратқан иеміздің құдірет күшімен жасаған мақлұқаттарының бірі ғана. Күллі жартылыстың арасынан Адам атаның ұрпағын ардақты етіп, Жер ананың бетіндегі қыбырлаған тіршілік атаулының «Халифасы» – билеуші һәм әміршісі етіп қойған. Аз-кем ақылға салып қарасаңыз, жан-жануар, табиғат, ауа мен су – баршасы Адамзат баласының өмір сүрулері үшін қызмет қылып тұр. Бір сәт ойлап көріңіз, егер күнделікті сіміріп ішіп жатқан су мен тыныстап жүрген таза ауа болмай қалса, қайтер едік. Әлдебір пенделер шіреніп: «Қазір ақшаң болса, бәрін де сатып алуға болады», – дейді. Рас, өмір болған соң

Барымызды бағалайық!

Елімізде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен көптеген игі жұмыстар кеңінен қолға алынып келеді. Солардың қатарында асыл дінімізді кеңінен дәріптеумен бірге 2013 жылдан бері жыл сайын «Дін мен дәстүр» жылдары жарияланып, ұлттық салт-дәстүрлеріміздің дінмен астасқан озық тұстары жан-жақты насихатталып жатыр. Бұл жөнінде Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен «Дін мен дәстүр» атты кітап та жарық көрді. Аталмыш еңбектің елдігімізді екшеудегі, дінімізді насихаттаудағы орнының жоғары екендігі сөзсіз. Ал биылғы жыл мүфти хазреттің бастамасымен «Дін және тарих тағылымы жылы» болып жарияланды. Бұл өз кезегінде дәстүрлі дін өкілдерінің тарапынан қазіргі

Қазақстан – дінаралық сұхбаттастық пен рухани келісім алаңы

Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгенде еліміздегі ішкі тұрақтылықты сақтау үшін дінаралық һәм ұлт-аралық мәселелерді оң реттеу міндеті аса маңызға ие-тін. Сол кездегі Жоғарғы Кеңес 1992 жылы «Діни сенім бостандағы және діни бірлестіктер» туралы Заңды қабылдап, ел азаматтарының дін-ді ұстанып-ұстанбауына еркіндік жариялады. Сонымен бірге, Қазақстанда жүзден астам ұлт-тың диаспоралары өмір сүретін. Тарихи тағдыр бас қостырған осы ұлыстар бейбіт қарым-қатынаста болуы, ұлтаралық мәселелерді реттеу үшін Елбасымыз 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Жалпы, жер бетіндегі халық-тардың талас-тартысына тұздық болып келе жатқан өзекті тақырыптардың бірі – діни әр-алуандылық екендігі тарихтан мәлім. Әртүрлі діни

Діни түсінік өмірге көзқарасты қалыптастырады

Адамзат баласы мына жұмыр жердің бетін мекен ете бастаған сонау ықылым замандардан бері дін де халықпен біте-қайнасып, тонның ішкі бауындай жасасып келеді. Адамдарды тура жолға нұсқаушы ардақты пайғамбарлардың бірі Мұса (ғ.с.) Тәурат парақтарын қабылдау үшін қырық күнге тауға кеткенде, артынан ерген қауымы сиырға табынып кеткен болатын. Демек, жұмыр бастылар қай заман, қандай қоғамда болмасын қашан да сенімге мұқтаж. Күні кешегі жетпіс жылдық уытын бойымызға дарытып келген атеистік қоғам «Құдай жоқ» деген ұғымды алға тартқанымен, жел сөздің халық жадында ұзақ жасауы да мүмкін емес еді. Өйткені, дін – пендемен кіндігі бірге жаратылғандай

Заман имам-молдалардан нені талап етеді?

Белгілі саясаттанушының: «...Өзін «алдымен – қазақпын, сосын – мұсыл-манмын» деген қазақ жастары ешқашан Сирияға аттанып, біреудің мүддесі үшін қиянатқа, өлімге бармас еді», – деген пікірін оқыдым. Иә, шынайы қазақтардың ата-бабалары сөз жоқ, әлмисақтан бері мұсылман болған. Жасыратыны жоқ, шынайы қазақтықтан гөрі басқа ұлттың менталитетін бойына көбірек сіңірген кейбір жастарға, әсіресе жат ағым жетегінде жүрген жастарға мұны түсіндіру өте қиын. Олар үшін Алла алдындағы дүниауи міндеттерінен (ата-ана алдындағы, қоғам алдындағы, ұрпағы алдындағы борышы мен міндеті, т.б.) бас тартып «жәннатты аңсау», «хор қызы», «жұмақ төрінен орын алу» басты мақсаты ғана болғалы қай

Қайда білім алған дұрыс?

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы білім беру саласындағы ұлттық дәстүрлер мен әлемдік үрдістер негізінде жүзеге асырылады. Онда барлық қадамдарға қолжетімділіктің теңдігі, оның элементтері мен талаптарының біртұтастығы, оқытудың барлық сатыларының сабақтастығы қамтамасыз етіледі. Жоғары білімнің дамуының негізгі үрдісі болып білімге мемлекеттік монополиядан бас тарту, білім беру саласын басқаруды қатаң орталықтандырудың алынып тасталуы және ЖОО қызметін қатаң реттеу саналды. Нәтижесінде жоғары білімнің бәсекелестіктің заңдары бойынша дамитын, білім беру қызметі нарығының құрылуына куәлік ететін мемлекеттік емес секторы тең жағдайда дами бастады. Мемлекеттік жоғары оқу орындары студенттерді қабылдауды жүзеге асырып, студенттерді ақылы

Пайғамбар да Отанын сүйген

Қазақтың даңқты батыр ұлдарының бірі Бауыржан Момышұлы «Отан үшін отқа түс, күймейсің», – деген екен. Шынында да, осы Отан үшін, туған ел мен жер үшін отқа түскен кешегі батыр бабаларымыз, әлемде жер көлемі жөнінен тоғызыншы орын алатын осынау байтақ өлкені «ақ білектің ұшымен, ақ найзаның ұшымен» қорғап, кейінгі біз секілді ұрпаққа аманаттап кетті. Қазақ елінің қай қиырына барсаңыз да, Тәуелсіздіктің желбіреген көк туын көріп, көңіл шіркін марқаяды. Себебі, дүниежүзінде қаншама ұлттар мен ұлыстар «ұлтарақтай» жерге ие бола алмай, жер дүниеде босып жүр. Осыларды көріп, ат төбеліндей қазағыма дархан даланы нәсіп

«Имамның тұлғалық келбеті» тәлімі – уағыз-насихат ісіне тың серпін беруде

Елбасы Н.Ә.Назарбаев діни құндылықтарымызды нығайта түсу хақында: «Қазақстан халқы өз жеріне деген зор сүйіспеншілігімен, да-налығымен, еңбекқорлығымен, үлкенге құрметімен, айналасына қамқорлығымен ерекшеленеді. Тәуелсіз еліміз өзінің бай рухани мұрасын, қайталанбас тарихи, мәдени және діни дәстүрлерін орынды мақтаныш етеді. Оларды дамыта отырып, біз қоғамдағы ұлттық мәдени және рухани алуандылықты сақтауға, азаматтар арасындағы өзара құрмет пен сенімнің нығаюына одан әрі ықпал етуіміз қажет» деген болатын. Осы тұрғыда ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен 2015 жылдың 19 ақпанында Астана қаласын-да өткен Имамдар форумында ел руханиятын құтайта түсетін бірнеше маңызды құжат қабылданды. Сол құжаттардың бірі «Имамның тұлғалық

Уақыпты тануға мүдделіміз!

Таяу арада Алматы қаласында орналасқан «Қожа Ахмет Яссауи білім және парасат» қоғамдық қорына барып қайттым. Қордың директоры Түркиядан келген қандасымыз Ахмет Яхшы мырза өзі басқарып отырған мекеме жөнінде мынадай мағлұматтар берді: Қор 1999 жылдан бері елімізде жұмыс атқарып келеді екен, негізінен екі бағытқа – білім мен қайырымдылыққа бағытталған. ҚМДБ-мен келісім жасалып, «Үшқоңыр» қыздар медресесінің оқу процесі, тәлім-тәрбиелік жұмыстары мен әлеуметтік жағдайларын қамтамасыз етуді мойнына алған. «Қожа Ахмет Яссауи білім және парасат» қоғамдық қорына негізінен еліміздің қайырымды азаматтары, сонымен бірге шетелдік қайырымдылық қорлары көмек беруде. Сондықтан қор білім жолындағы жастарға қолдау жасап және

Дербестік дінімізге не берді?

Біздің қазақ қоғамының қазіргі жағдайы әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда рухани келісім мен өзара түсіністіктің орын алуымен ерекшеленіп, халықаралық деңгейде де мойындалып отыр. 2011 жылы жаңадан қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңы арқылы елімізде діни жұмыстар қарқын алып, тұрақты қалыпқа, бір ізге түсті. Заңның ең басқы сөйлемі: «Осы Заң Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өмірінде ханафи бағытындағы исламның және православтық христиандықтың тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының

Top