Ағымдар арбауына түскен адам

немесе тозаққа жетелейтін жолдан ол қалай арылды? Барша мұсылман үшін аса қасиетті Рамазан айы есігімізді ашып, табалдырығымыздан атта-ғалы тұрған күндердің бірі еді. Мешітте намазда маңдайымыз бір сәждеде қауышып, ерекше ыждаһат сезімге бөлейтін әсерлі шақтың бірінде осы жас жігітті кезіктіргем. Алдында онымен шүйіркелесуіміз оқыс оқиғадан бастау алған. Жұма намазы болғасын парыздан соң сүннет амалдарын да орындамақ едім. Алдымды кес-кестеп өте шыққан жас жігіттің мешіт әдебін білмегені қатты қынжылтты. Сабыр сақтап, сүннет амалымызды орындап көшеге шыққанымда жаңағы жігіт алдымды орады. – Бауырым, жаңағы қылығың қалай, басқалар намаздарын оқып болғанша сабыр сақтамадың ба? – деп

Теріс ағым теперіші

Ғаламтор арқылы әйел адамның тұрмысқа шығуы үшін, өздерін жарнама жасайтын әлеуметтік желілері өте көп. «ВКонтакте» желісіндегі «Неке Қазақстан» деген бірлестікте, әйел адамдардың анкеталары жазылған арнайы жазбаларды табуға болады. Жасын көрсетіп, (тұрмысқа шыққан немесе ажырасқандығы туралы, т.б.) өздері туралы қысқаша деректемелерді береді. Осы топтан өзіне тіреу болар ер азаматты іздеген, жиырма жеті жастағы азаматшамен сөйлесіп көрдік. Өзінің шынайы толық аты-жөнін жасыруды қалаған әлеуметтік желідегі тіркелуші, бізге өз басынан өткен жағдайын айтуға келісті. Сәләфилік ағымның аясында алты жылғы ғұмырын өткізген екен. Өзін тек «Гүлбаршын» деп атауды сұраған азаматшаның ауыр тағдыры, көптеген қыздарымызға

Екі мұсылманның сұхбаты

...Харижиттер жайлы тарихты оқып отырмын. Исламдағы ең алғашқы «бүйректен сирақ шығарған» бүлікшілер осылар екен деген ой келді маған. Бүгінгі діни радикалдық ой-сананың белең алу астарында харижилер заманындағы жат ағым өкілдерінің от көсеген пиғылдары жатқаны еш жасырын болмаса керек. Лаңкесші атын жамылып, өз мұсылман бауырына оқ атқан жат ағым өкілдері әлемнің бар қиырында қылаң бере бастады. Адасып жүргендерге кім араша түсер екен?! Төмендегі оқиға кейіпкерлері де ақ пен қараның астарына шынайы үңіледі. ...Көкшетаудың қақ төріндегі еңселі мешіттен бесін намазын оқып, сыртқа беттеген Құдіреттің тар қапастан босағалы бері Алланың үйіне қадам басып отырғаны

Уахабизм ағымының шығу тарихы

«Салафия» немесе «Уахабия» термині Сауд Арабиясы жерінде 18 ғасырдың аяғында бастау алған саяси-діни қозғалысқа қатысты айтылады. Негізін қалаушы – Мухаммад ибн Абдул Уаххаб. Оның толық аты-жөні – Мухаммад ибн Абдул Уаххаб ибн Сүлейман ибн Мұхаммад ибн Ахмад ибн Рашид әл Мушшарафи әт-Тамими. Нақты туған жылы белгісіз, шамамен 1703 жылы Нәдж аймағында Уяйна деген қалашықта дүниеге келген. Әкесі Абдул Уаххаб Бану Тамим тайпасында атақты ғалым болған. Жас кезінде әкесінен Ахмад ибн Ханбалдың мәзһабы бойынша фиқһ ілімін оқыған. Ағасы Сүлеймен де сол уақыттағы атақты ғалымдардың бірі еді. 12 жасында қажылыққа Мекке, Мәдинаға барып,

«Боко харам»: ол туралы біз не білеміз?

Бүгінгі таңда әлем аумағында террорлық негізде әрекет етіп жатқан бірқатар радикалды ұйымдар бар. Ауғанстан аумағын «әл-Каида», «Талибан» тәрізді ұйымдар, Сирия мен Иракта Ислам мемлекеті ұйымы, ал Африка аумағын «әш-Шабаб», «Боко харам», т.б. ұйымдар дүрліктіруде. Осы экстремистік ұйымдардың қатарында көпшілігімізге белгілі де беймәлім атышулы «Боко харам» діни қозғалысын ашып көрсетпей болмайды. Бұл ретте «Боко харамның» пайда болу ошағы Нигерия мемлекеті жайында біраз мәліметтерді тарқатып өткен жөн сияқты. Нигерияның халқының саны – 170 млн.-ға жуық адамды құрайды (қара құрлықтағы халқы ең көп мемлекет). Ел аумағында 500-ге жуық этникалық топ өмір сүреді. Сонымен қатар,

«Қазақтың сенімі – тәңіршілдік» дейтіндерге екі жауап

Жуырда еліміздегі теле-арналардың бірінен тәңіршілдік тақырыбына қатысты болып жат-қан бір бағдарламаны көзім ша-лып қалды. Тәңіршілдікті қазақ-тың байырғы, ұлттық, ақиқат діні деп жүрген бір топ белгілі кісі-лер жиналып алып, халқымыз-дың салт-дәстүрінен, ырым-жоралғыларынан тәңіршілдіктің белгілерін тапқан болып, тақырыпты қызу талқыласып жатыр. Қарап отырсаң, келтіретін дәлелдері – аңыз-әпсана деңгейінен жоғары көтерілмейді. Бастауын Исламнан, шариғаттан алған кейбір салт-жораларымыздың өзін қисынсыз дәлелсымақтарымен «тәңіршілдіктің белгісі» ретінде алға тартып жатты. Бүгінде осындай мүйізі қара-ғайдай ағаларымыздың: «Ислам – арабтың ұлттық діні. Ал түркі халықтарының бұрыннан келе жатқан сенімі – тәңіршілдік» деген сөздерінен кейін екі ұдай күйге түсіп, алданып қалып

Олар екі түрлі, бірақ, сенімі – ортақ

Адамзат өмірінің қай ғасырында да мемлекеттің негізгі тіректерінің бірі саналатын дін жайы бүгінгі қоғам үшін де маңызын жоғалтқан емес. Тәуелсіздікпен бірге қауышқан діл мен діннің бүгінгі ахуалы қандай? Жүректің төрінен орын алар үлкен сенім мектебін өзге мақсатта бөгде біреулер құрал қылып жүрген жоқ па? «Қой терісін жамылған» жат ағымның үгіт-насихаты елді еркін кезіп жүрмесіне кім кепіл?! Өзекті сұрақтардың жауабын «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, белгілі теолог Ризабек Батталұлының сұхбатынан оқи аласыздар... – Ассалаумағалейкум, Ризабек аға. Бүгін біз сізден ғаламдық сипат алған тәкпіршілер турасында білгіміз келіп отыр. Әңгіме басын осы

Қазақстандағы кейбір діни ағымдардың сипаттамасы

Тарихи деректерге көз салар болсақ, Ислам діні елімізге VII ғасырдан бастап табалдырық аттаған. Ал мұсылмандықтың жерімізде түбегейлі орнығуын VIII ғасырға жатқызса болады. Бұған негіз: 751 жылы Тараз қаласының маңындағы мұсылмандар әскері мен қытай әскері арасында бірнеше күнге созылған Атлах шайқасы. Бұл шайқаста қытай әскері күйрей жеңілді әрі Жетісу мен Шығыс Түркістан қытай ықпалынан азат етіледі. Сонымен қатар, сол кезден бастап Ислам діні Орта Азияға қадам басты. Айта кету керек, сонау бастан қазақ халқы мұсылмандықты тіршілік негізі ете білді. Қазіргі күні қазақи салт-дәстүр мен дін талаптарының біртұтас болуы соның айқын айғағы. Сонымен

«Қара мұсылмандар»: олар кімдер?

Әлемдік өркениет пен мәдениеттің, жалпы адамзаттың даму үрдісіне Ислам дінінің қосқан үлесі өлшеусіз зор. Осы дінді ұстанған мұсылмандар күні бүгінге дейін Жер шарының түрлі бөліктерінде өмір сүріп жатқаны әмбеге аян. Олардың әр елде өздеріне тән жеке-дара ұлттық сипаттары, ерекшеліктері бар. Шын мәнінде, Ислам діні түр-сипатына, нәсіліне қарап ешкімді бөліп-жармайды. Бір Аллаға сенген және Мұхаммедті (с.ғ.с.) Оның елшісі деп мойындаған жандардың бәрі – мұсылман. Әйткенмен, өздерінің белгілі бір ерекшеліктерімен дараланғысы келетін исламдық бағыттар да бар. Осы мақалада біз «қара мұсылмандар» деп аталып кеткен топтар жайлы сөз етпекпіз. «Қара мұсылмандар» – ұстанушылары негізінен

Білімсіздіктің зардабы

немесе "Тәкфир" ағымында болған жігіттің өкініші Мен 1988 жылы Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласында дүниеге келдім. Аталмыш қаланың №1 орта мектебінде 9-сыныпты бітіріп, 2004 жылы қыркүйек айында № 1 училищеге түстім. Онда 3 жыл оқып, «электр және газбен дәнекерлеуші» мамандығын 4-ші разрядпен бітіріп шықтым. Кейін 2007-2008 жылдар аралығында Қандыағаш қаласындағы «Ақтөбе Мұнай Маш Компект» зауытында дәнекерлеуші болып жұмысқа тұрдым. Ол кезде әлі үйленбеген болатынмын. 2007 жылы дін жолына түсуіме Аслан есімді жолдас бала себеп болды. Біз ол кезде жаспыз, әрине кешкісін көшеде түнге дейін жүріп қаламыз. Басқа балалармен төбелесіп қалатын кездер де болады,

Top