«Мәшһүр Жүсіп» мешіті студенттерге тегін жатақхана ашты

Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұйымдастыруымен Павлодар қаласының Усолка шағын ауданында ЖОО мен колледждерде оқитын ер балаларға арналған тегін жатақхана ашылды. «Кәсіпкер адамның көмегімен ашылған бұл студенттер үйіне (пансионат) темекі шекпейтін, ішкілік ішпейтін, тәртіпті, тыңдағыш жігіттер қабылданады. Жатақхана екі қабаттан тұрады. Онда тұру – ақысыз. Төсек-орын тегін беріледі. Әр қабатта шомылу үшін 4 кабина душ және сонша дәретханасы бар. Бір бөлмелі асүйде (кухня) екі ас пісіретін пеш, бір мұздатқыш пен үлкен тоңазытқыш бар. Мешіт тарапынан студенттермен бірге тұратын жауапты тәрбиеші тағайындалады. Болашақта қыздар үшін де осындай жатақхана ашу жоспарлап отырмыз»,

Облыс имамдары жылды қорытындылады

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде облыс имамдарының жылдық есеп беру жиналысы өтті. 2016 жылғы атқарған жұмыстарды қорытындылауға барлық қалалық, аудандық мешіттердің бас имамдары қатысты. Биылғы 2016 жыл «Дін және тарих тағылымы» жылы аталғаны белгілі. Мешіттер осы жыл аясында атқарған шараларымен қатар, ҚМДБ бекіткен төрт бағыт бойынша ұйымдастырылған жұмыстарға тоқталды. Облысқа қарасты барлық мешіттерде қайырымдылық шаралары қарқынды жүргізіліп келеді. Мешіт жанындағы сауат ашу курстары жыл сайын шәкірттер санын көбейтіп, медреселерге жіберуде. Ал, уағыз-насихат шараларының саны былтырғымен салыстырғанда өсіп отыр. Осы және өзге де шараларға тоқталған мешіт имамдары алдағы жоспарларымен де бөлісті. Жалпы,

Көрші елдегі ғылыми конференцияға қатысты

28 қараша күні Ресей Федерациясының іргелес жатқан Орынбор қаласында Орынбор облыстық әкімшілігі мен Ресей мұсылмандарының діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислами білім: тарихы, қазіргі жай-күйі мен даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-теологиялық конференция өтті. Конференцияға Орынбор облысының губернаторы Ю.А. Берг, Ресей мұсылмандарының Орталық басқармасының төрағасы, Бас мүфтиі Шейх уль-ислам Талгат Сафа Таджуддин, т.б. қатысып, өз баяндамаларымен дін мәселелерін ортаға салды. Пленарлық отырыспен басталып, түстен кейін ғылыми және теология секциясында арнайы жалғасқан бұл ғылыми-теологиялық конференцияға арнайы Қазастан мұсылмандары діни басқармасынан Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің бас имамы Руслан Сұлтанов, Ақтөбе облыстық «Нұр-Ғасыр» мешітінің наиб-имамы Асылхан Темірханов,

Дін маманы Тараз жұртшылығымен жүздесті

РАНТ мүшесі, ҚМДБ-ның шариғат бөлімінің маманы Бауыржан Әлиұлы киелі Тараз шаһарына ат басын тіреп, жергілікті мұсылман жұртшылығымен жүздесті. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаевтың ұйытқы болуымен алыстан ат артып келген білікті ұстаз «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттерімен және ұстаздарымен кездесуде ғибратқа толы өнегелі сөзін жеткізді. Сондай-ақ, студенттермен білімнің маңыздылығы, имани тұлғаның келбеті, ғұламалардан қалған үлгі, дін иелерінің сара жолы жайлы тілдесті. Жұма намазында «Отан отбасынан басталады» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Адамың өз-өзіне қол жұмсауы – үлкен күнә екенін еркертіп, тілге тиек етіп өткен Бауыржан Әлиұлы көпшіліктің сан сауалына жауап берді. Дін істері

Облыс әкімі имамдармен кездесті

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Дүйсенбай Кенжетай бастаған қала, аудан мешіттерінің бас имамдарымен кездесті. Шара барысында облыс әкімі имамдарды Тұңғыш Президент күнімен және Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығымен құттықтап, бүгінгі басқосуымыз халықтар достығына, ұлтаралық, дінаралық татулықтың нығая түсуіне өз септігін тигізетініне сенім білдірді. Бұл басқосуда өкіл имам СҚО-ға қарасты мешіттердің жағдайы мен атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның ішінде, ақпараттық-насихат тобының жүйелі жұмыс жүргізуі, имамдардың білімін арттыру, біліктілігін көтеру мақсатында өткізілген семинарлар жайында сөз қозғады. Жиын соңында өкіл имам облыс әкімінің қолдауына, талап-ұсыныстарын қабылдағанына алғысын білдірді. Өңір басшысы өз кезегінде өкіл

Адамды азаптау немесе «Даладағы тамұқ»

Қарағанды облысына барған сапарымызда 2016 – «Дін және тарих тағылымы» жылы аясында қалаға тақау маңда орналасқан әйгілі Карлагта (Қарағанды еңбекпен түзеу лагері) болдық. Тарихшылар Карлагты сталиндік қуғын-сүргіннің азалы тарихы деп бағалайды. Тіпті, оны «Даладағы тамұқ» деп те атайды. Карлагта болғанымызда бұған көзіміз жетті... Бізді тебіренткен тұс – қой бағып жүріп, оның екі-үшеуін қасқырға жегізіп алғаны үшін қазақ әйелдерінің көпшіліктің көзінше атылуы. Қойдың құны адамнан жоғары болғаны ғой... Тегін жұмыс істеген тұтқындар арасында қарапайым адамнан бастап, әртүрлі саладағы әлемнің әйгілі тұлғаларына дейін бар. Кейбір тарихшылар тұтқындардың 90 пайызға жуығы қазақтар болған деседі. Тарихи деректерде

Науқас бүлдіршінге қаржы жинап берді

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің жанында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Мешіттің әйелдер жамағаты мен қыздар секциясының басшысы, мешіт ұстазы Гаухар Жұмағалиеваның айтуынша, бұл шара жаңаөзендік науқас бүлдіршін Нұржігітұлы Мұстафаның еміне қаржылай көмек беру үшін ұйымдастырылды. Жұма намазына жиналған халыққа облыс имамы Смайыл Сейітбеков жәрмеңкені өткізудің мақсатын түсіндіріп, сырқат баланың еміне бей-жай қарамауға шақырды. Мешітке келген жамағат жәрмеңкеге атсалысып, намазхан қыз-келіншектердің дайындап әкелген ыстық тағамдары мен тәттілерін таласа сатып алды. Шараға бастан аяқ қатынасқан Мұстафаның әпкесі Әсем Айманбетова мұсылмандардың ауызбіршілігіне, жақсылық жасауға деген ниеттеріне риза болып, өзінің жүрекжарды алғысын білдірді. «Менің кішкентай бауырым Мұстафаның жағдайына

Өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

«Нұр-Мүбарак» университеті Брунейдегі UNISSA университетімен Өзара ынтымақтастық меморандумы бойынша әріптестік байланыста болмақ. Бруней-Даруссалам еліндегі Сұлтан Шариф Али Ислам Университетінің ректоры Хаджи Норарфан бин Хаджи Зинал мен «Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры, профессор әл-Жуда әл-Басюни қол қойған меморандум аясында студеттердің тәжірибе алмасуы, тағылымдамадан өтіп, тығыз байланыс орнатуға қол жеткізілді. Бұл шара Сұлтан Шариф Али Ислам Университетінің 6-шы шақырылымының салтанатында жүзеге асты. Сондықтан қазақстандық университет ректоры, профессор Жуда Басюни мен проректор, профессор Шамшәдин Керім мырзалар UNISSA университетінің ректорынан арнайы шақырту алған болатын. Бұл шара «Нұр-Мүбарак» университетінің шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестік аясының кеңіп, беделінің арта түскенін

Бата беру және Құран оқу жарысы өтті

Жамбыл облысы, Талас ауданында асыл дінімізді дәріптеп, ұлттық дәстүрімізді ұлықтаған шара ұйымдастырылды. Ауданға қарасты Тамды ауылында аймақ ақсақалдарының  бата беру және жасөспірімдердің Құран оқу жарысы өтті. Игі шара осы өңірдің өсіп-өркендеуіне үлес қосып, елге еңбегі сіңген Бабахан Мырзағұлұлын еске алуға арналған.  Артында қалған ізгі ұрпақтары жұртшылыққа жақсы бір өнегелі істі үлгі етіп отыр. Осыған дейін бата беру және Құран оқу сайысы ауданның Бостандық ауылында алғаш рет тыл және еңбек ардагері Әбу Әбиұлын еске алу кешінде қолға алынып, көпшіліктің көкейінен шыққан еді. Тамды ауылында жалғасын тапқан кезекті шараға «Тәңкібай ата» мешітінің имамы Нұрбол  Төреқұлов

Шейх Мухаммед Хусейн Алсабеков «Иманғали» мешітінде дәріс оқыды

Алла үйін арнайы зиярат етумен келген ұстаз, әуелі мешіт имамдарымен кездесіп, өз кеңесін беріп, ҚМДБ тарапынан тапсырылған жұмыстарымен танысып шықты. Бас имам Б.Берденұлы мешіт тынысымен таныстырып, аймақтағы діни ахуалдың мән жайын баяндады. Сонымен қатар Шейх Мухаммед Хусейн Алсабековке мешіт қызметкерлерінің бөлмелері мен мешіт кітапханасын таныстырды. Арнайы мешітімізге табан тіреген Шейх Мухаммед Хусейн жамағатты діни кітап қорымен қамтамасыз етуді жолға қойған бас имамға ризашылық сезімін білдірді. Және дәрісханаларды тамашалау үстінде халыққа қызмет етіп жүрген молдаларға арналған курсқа тұспа-тұс келген Шейх Мухаммед Хусейн Алсабеков сабаққа қатысып, дәріс оқыды. Шейх Мухаммед Хусейн Алсабеков дәріс

Top