Солтүстік Кавказ – ең салауатты өңір

Бүгінгі таңда Ресей әлемге ең арақ-шарап көп ішілетін ел ретінде танымал болғаны жасырын емес. Жуырда осы елде «Салауатты Ресей» жобасы бойынша спиртті ішімдіктерді ең көп тұтынатын және ең аз тұтынатын аймақтар анықталды. Аталған жоба сарапшылары жасаған «Ресей Федерациясының салауатты субъектілерінің ұлттық рейтингі» бойынша, арақ-шарап ең аз ішілетін аймақтар ретінде Шешенстан, Ингушетия және Дағыстан танылған. Сол секілді, алғашқы ондыққа Солтүстік Кавказдың Қарашай-Шеркеш, Қабарда-Балқар және Солтүстік Осетия республикалары да еніп отыр. Көріп отырғаныңыздай, бұл Ресейдің мұсылман халқы шоғырланған өңірлері болып табылады. Ал, спиртті ішімдіктерді ең көп тұтынатын аймақтар – Коми Республикасы, Магадан облысы және

Мұсылман әжей 450 шөбере-шөпшегін тәрбиелеп отыр

Түркияның Диярбакыр қаласының тұрғыны, ұзақ жасаушы Шахи Тайюрак есімді кейуананың соңынан ерген шөбере-немене-шөпшегінің саны бүгінде 450-ге жетіп отыр. Әжей өмірінде үш рет күйеуге тиген, жеті баласы бар. Бір баласы бүгінде 96 жасқа келіп отыр. Үлкен ұлы Джемал Тайюрактың айтуынша, анасының жасы шамамен 130-да болуы керек. Шахи Тайюрактың төлқұжатындағы қателіктер жыл санаудың хижрадан григориан күнтізбесіне көшу уақытында орын алған. Ол 1919 жылдың 1 шілдесінде жеке куәлігін қолына алыпты. Ол кезде Шахи әжей бес баланың анасы болған. Содан кейінгі қызының туған күні 06.01.1926 деп жазылыпты. Егде жасына қарамастан, Шахи әжей бүгінде өзін жақсы сезінеді, өткен

Құран мен Інжіл – бір кітапта

Америка Құрама Штаттарында Құран мен Інжілді ағылшын тіліне аударылып, екеуін бір кітап етіп басып шығарылды. Онда 3 мыңдай ұқсас тақырыптар қатар берілген. Кез келген оқырман бұл кітапты оқи отырып, екі діннің басты кітаптарындағы ұқсастықтарды салыстыра алады. Кітап авторлары – ғалымдар Дэвид Ньюбери мен Сафи Каскас – бұрыннан достар. Каскастың осы жобаны бастап, Құранды ағылшыншаға аудара бастағанына он жылдай уақыт өткен. Достардың айтуынша, бұл жоба христиандар мен мұсылмандарды «ымыраға шақыратын құрал» болмақ. «9/11 оқиғасынан кейін (АҚШ-тағы 2001 жылы 11 қыркүйекте болған теракт) христиандардың мұсылмандарға және олардың кітабы – Құранға үрке қарауы салдарынан қоғамда

Священник шіркеудің «құлшылық орны» болып қалатынына қуанды

Жуырда Канаданың тегі мысырлық мұсылмандары Лондондағы бос қаңырап қалған шіркеуді 110 мың долларға сатып алды. Құлшылық орнының қызметкері Ричард Голденнің айтуынша, соңғы жылдары христиан храмына адам келмей кеткен, соның салдарынан епархияның шіркеуді ұстап тұруға шамасы жетпей қалған. Канадалық мұсылмандар храмды сатып алып, оны мешітке айналдыру туралы ойларын айтқан кезде, священник «шіркеудің құлшылық орны болып қалатынына» қуанатындығын жасырмады. Қазіргі таңда жергілікті жамағат шіркеуді қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Оның бір ғимаратында мешіт пен медресе орналасатын болса, ескі бөлігі дәріс оқитын және жиналыс өткізетін залға айналдырылмақ.

 «Ақылды қолшатыр» қажыларға көмекке келді

Саудия-палестиналық компания Меккедегі қажылық кезінде мұсылмандарға қо-лайлы жағдай туғы-затын жоғары техноло-гиялық қолшатыр жасап шығарды. «Ақылды қолша-тырдың» үстіңгі жа-ғында күн сәулесін пайдаланатын панельдер орнатылған. Бұйымды жасаушылардың бірі Маналь Дандистің сөзінше, күн арқылы келген барлық электр тогы қолшатырдың сабында тұрады. Керек кезінде сол арқылы фонарикті, желдеткішті және қажылардың бір-бірін тауып алулары үшін GPS жүйесін қосуға болады. Сондай-ақ, қолшатыр сабындағы үш USB-порттар арқылы телефон мен ноутбукты да зарядтап алуға мүмкіндік бар. Бұл жасалым алдағы 10 жыл ішінде қажылар үшін аса қажет дүние болмақ. Себебі, бұл кезеңде қажылық жаз айларына, яғни нағыз ыстық уақытқа тура келеді.

Әлемнің ең егде тұрғыны

Daily Mail басы-лымы Жер бетіндегі ең кәрі адамның табылғанын хабар-лады. Жуырда ғана Индонезияда тұратын қария 145 жасқа толыпты. Мәлім бол-ғандай, Мбах Гото есімді аталған тұрғын 1870 жылы дүние есігін ашыпты. Басылым хабарлағандай, Мбах Готоның төрт әйелі мен барлық балалары кәрілікке жетіп, дүние салыпты. Қазір ол өзінің немере, шөбере, шөпшектерімен тұрады. Бір немересінің айтуынша, Гото 122 жасынан өлімге дайындала бастаған. Сол кезден оның денсаулығы күрт нашарлаған. Бүгінде қарияның жүріп-тұруы қиын және өздігінен тамақ іше алмайды. Мбах Гото өзінің ұзақ өмір сүруінің сыры сабырлық пен төзімде жатқандығын айтады.

Ішімдік қатерлі ісікке шалдықтырады

Бұл туралы жуырда жаңазеландиялық дә-рігерлер мәлімдеді. Олардың айтуынша, алкогольді ішімдікті аз ішу де, көп ішу де ақыр аяғында қатерлі ісік ауруына алып барады екен. Нақтырақ айқанда, спиртті ішім-дікті көп пайдаланатын адамдардың басым бөлігі қатерлі ісікпен ауыратын болса, аз ішетіндерде қартайған шақта қатерлі ісікке шалдығу қаупі жоғары болады екен. Алкоголь әйелдерде көбінесе сүт безінің, ал ер адамдарда ауыз қуысы, жұтқыншақ, бауыр және өңеш қатерлі ісіктерін қоздырады.

Марафоншы Ұлы Жібек жолын бағындырмақ

Америкалық мара-фоншы Дин Карназес 29 маусым мен 10 шілде күндері аралығында Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан ау-мақтары арқылы Ұлы Жібек жолы бойымен жүгіріп өтуді көздеп, сапарын бастады. Оның айтуынша, бұл шарасын ол аталған ортаазиялық мемлекеттердің тәуелсіздігіне 25 жыл толуына арнамақ. Sports Envoy бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған марафон барысында Карназес жалпы қашықтығы 525 шақырымды жүгіріп өтпек. 11 күн ішінде ол Ташкенттен шығып, алдымен Бішкекке, содан кейін Алматыға табан тірейді. «Күніне орташа есеппен 80 шақырым жүгіріп отыратын спортшы жергілікті халықпен танысып, оларға жүгіруден қысқаша сабақ өткізіп, өзінің марафон жүгірісіне қосылуға шақырады», – делінген АҚШ Мемлекеттік

Көз ашқалы – көргені соғыс

Сирияның адам құқықтары жөніндегі ұйымының соңғы таратқан мәліметіне қарағанда, бүгінгі таңда аталған елдің 13 миллионнан астам тұрғыны өз отандарын тастап, жат жұрттан пана табуға мәжбүр болған. Ал, жалпы тіркелген босқындардың саны – 5,8 миллион адамды құрайды. Оның жартысы – балалар. Сириялық босқындарды ең көп қабылдаған ел – Түркия екен. Бұл ел аумағына 2 миллионға жуық сириялық азамат тұрақтаған. Екінші және үшінші орындарда Ливан (1,6 млн.) және Иордания (1,4 млн.) тұр. Сириядағы соғыстан ең қатты зардап шеккендер – балалар. Олардың көбі соғыс кезінде туып, оның аяқталғанын көрместен бұл дүниемен қош айтысуда.

Мұхаммед Әли өмірден өтті

74 жасында шаршы алаңдағы «көбелекше қалықтап, араша шағатын» өзіндік стилімен миллиондардың есінде қалған әйгілі американдық боксшы Мұхаммед Әли өмірден озды. 1 маусым күні ол тыныс жолдарының сырқатымен ауруханаға түскен болатын. 1984 жылдан бері зардабын шегіп келе жатқан Паркинсон ауруы оның бұл жағдайын одан сайын қиындата түскен. Ал, 3 маусым күні Әлидің жағдайы күрт нашарлағаны белгілі болды. 4 маусым күні оның туыстары әйгілі боксшының көз жұмғанын жария етті. Мұхаммед Әли – тек бокс емес, жалпы спорт тарихында тірі кезінде-ақ аңызға айналған ең атақты  адам. Ол 1960 жылғы Рим олимпиадасында алтын алса, кейін кәсіпқойлар арасында үш

Top