- Ардақ Дүкенбайұлы, Елбасымыздың тікелей мұ-рындық болуымен «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры» құрылып, жемісті еңбек етіп жатыр. Алдымен, осы қордың қызметі мен мақса-тына тоқтала кетсек. Жалпы қор қандай бағыттарда жұмыс жасайды?
– Қор жайында айтар болсақ, бұл Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бас-тамасымен құрылды. Бүгінде Қазақстанның дәстүрлі діни мұсылман ұйымдарына, Ислам мәдениеті мен біліміне, толе-ранттықты насихаттауға және діни татуластыққа қолдау көрсету мақсатында жұмыс жасап келеді. Сондай-ақ, исламофобияны болдырмауға бағытталған даму жобаларына да айтарлықтай қолдау білдіріп келеміз.
Осы ретте қордың басым бағыттарын өз кезегімен санамалап айтып беруді жөн көріп отырмын:
– Отандық ислами білім ордаларындағы шәкірттерге арнайы шәкіртақы тағайындау арқылы еліміздегі Ислам білімін дамыту;
– Аталмыш оқу орындарына, ондағы ұстаздар мен тәрбиеші-жетекшілерге, дін ғалымдары мен мұсылман пансионаттары-ның тәрбиеленушілеріне қолдау көрсету;
– Республикамыздың алыс аймақтарындағы мешіттерге қаржылай көмек көрсету;
– Сондай-ақ, қоғамдық мұ-сылман ұйымдарының әлеу-меттік және білім беру жоба-ларына да қаржылай демеуші-лік таныту;
– Танымал Ислам ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін басып шығару және насихаттау;
– Ислам БАҚ-тарына қолдау көрсету;
– Медреселер мен мешіттерге тиісті кітапханалар ашу және кітап қорларын құру;
– Халықаралық және респу-бликалық деңгейде дәстүрлі Исламды насихаттау мақса-тында әртүрлі тәжірибелік іс-шаралар өткізу;
– Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдермен тығыз қарым-қатынас орнату.
- Расымен қор ашылғалы бері көптеген ислами кітаптарды үлкен таралыммен жарыққа шығардыңыздар. Осыған тоқ-талып өтсеңіз? Ең қажетті қандай кітаптар шығарылды?
– Қордың жұмысы негізінен ақпараттық, танымдық және ағартушылық тұрғыда ұйым-дастырылып, бірнеше саланы қамтитынын жоғарыда айтып өттік. Соған орай, қоға-мымыздағы рухани мәселелер хақында, жат ағымдардың алдын-алуға, қылмыс пен өз-өзіне қол жұмсауға тойтарыс беру мақсатында бірқатар діни еңбектер жарық көрді.
Атап айтқанда, Қайрат Жолдыбайұлының «Дін мен Діл» кітабының бірінші томы 35 мың данамен, Дінбасы Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Ислам – религия мира и созидания», А.Әділбаевтың «Саңлақ саха-балар», М.Исаұлының «Ислам ғылымхалы» атты кітаптары 3 мың данамен басылды. Сондай-ақ, Қ.Жолдыбайұлының атал-мыш кітабының орысша аудар-масы мен «Имани гүл» атты еңбегі 25 мың данамен басылды. С.Сейітбековтің «Иман негіз-дері» және Ш.Әділбаеваның «Хадис – ғұрпымыз, сүннет – салтымыз» атты кітаптары 35 мың данамен, Ә.Дәуренбеков-тің «Нурул-Йақин», М.Садық-тың «Талас-тартыстар» атты кітаптары 10 мың данамен, А.Әділбаевтың «Кемелдік кілті» мен М.Исаұлының «Мәңгі мұғжизасы» 25 мың данамен жарық көрді. Бұдан бөлек, діни оқу орындарына оқулық ретінде «Мабдаул Қирағат» (І, ІІ, ІІІ), «Құран оқып үйренейік» және «Мұғалім сәни» оқулықтары-ның әрқайсысы 10 мың данамен басылып, таратылды. Осы жерде бұл кітаптардың барлығы тегін таратылғанын айта кеткен жөн.
Қор, сондай-ақ, халықтың діни сауаттылығын арттыру, жат пиғылды ағымдардың шығу тарихы және оның қоғамға теріс ықпалының алдын-алу мақсатында «Салафиттер деген кімдер?», «Құраншылар деген кімдер?», «Суфизм туралы», «Ахмадия (Қадианиттер) сек-тасы», «Мұсылман өміріндегі міндеттер-қағидаттар, мінез-құлық үлгілері», «Мұсылман сипаты», «Бала тәрбиесі бесіктен басталады», «Біз ұстанатын діни жол» және «Обязательства и принципы в жизни мусульманина» сынды кітапшаларды әрқайсысын 100 мың данамен шығарып, тегін таратты.
Осыған қосымша, «Дін және Отан», «Жихад деген не?», «Сүннетті мойындамау – дін бұзудың амалы», «Мәзһаб ұста-ну – ынтымақтастығымыздың кепілі», «Әз пайғамбар хазіреті Мұхаммед», «Рамазан – нұр шашқан ай», «Құрбан айт – құтты мереке», «Курбан айт – благословенный праздник», «Қасиетті Құран», «Великий имам – Абу Ханифа» және «Ұлық имам – имам ағзам Әбу Ханифа» кітапшалары 100 мың данамен шығарылып, таратылды.
Жалпы қор құрылғалы 43 атаумен, оның ішінде, 16 кітап, 21 кітапша, 6 оқулықты қамтыған барлық таралымы 1 374 000 данамен шығарылып, таратылған екен.
Бұдан бөлек, кезіндегі Байланыс және ақпарат ми-нистрлігімен бірлесе отырып, Қор тарихи әрі ғылыми мұраны сақтау бағдарламасының ая-сында 27 атаумен исламдық құндылықтар тақырыбында 749 мың дана кітап басып шығарды. Яғни, Қор бүгінге дейін екі миллионнан астам кітап пен кітапшалар шығарып, оларды тиісті орындарға тегін таратып берді.
Өз тарапымыздан Қазақстан-дағы исламдық ғылымды дамытуға үлкен үлес қосқан ғұламалардың еңбектерін насихаттайтын жобаларды да жүзеге асырудамыз. Нақтырақ айтқанда, ХІІ ғасырда өмір сүрген атақты Ислам фақиһ-заңгері, Мәуереннахрдың тү-легі Бұрһануддин Марғинани-дің мұсылман заңдылығын ауқымды негізде талдайтын «Хидая фи фуру ал-фиқһ – Хидая» (Мұсылман заң-дылығының түсініктемелері) атты іргелі туындысы Ханафи мектебінің заң ілімін түпкілік-ті ұстанған шығыс елдерінің мұсылман университеттері мен медреселерінде зерттелген, ең негізгі әдістемелік құрал ретінде қазақ тілінде 3 мың данамен жарыққа шықты. Сондай-ақ, орта ғасырда қазақ топырағынан шыққан тараздық белгілі ғалым Һибатулла ибн Ахмад ибн Муалла ат-Тарази ат-Түркістанидің (1272 – 1333 ж.ж.) еңбегі де қазақи ортаға оралды. Бұл Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің белгілі ғалым ретінде АҚШ-тың Принстон университетінің кітапханасында сақталған қолжазбаның орысша нұсқасын аударғаны арқасында мүмкін болғанын айтқанымыз жөн. Іргелі жоба қатарына Бұрһануддин Марғинанидің шә-кірті Бұрһануддин Зарнужидің «Тәлімгер тағылымы» атты еңбегін де жатқызуға болады. Соңғы екі еңбектің әрқайсысы 10 мың данамен қазақ тілінде жарық көргенін, әрі олардың да тегін таратылғанын ескерте кетсек, артық бола қоймас.
Тағы бір ерекше айтып өтер жайт, осы кітаптарды шетелдердегі қандастарымызға (Ресейдің Алтай өлкесінде және Моңғолияда тұратын қазақ диаспорасына) жіберіп отыру қолға алынды. Бұл түптеп келгенде, болашақта елімізге келетін азаматтардың теріс пиғылды ағымдардың ық-палында кетіп қалмауларына кепілдік берері сөзсіз.
Бұл еңбектер негізінен мешіттер арқылы таратылып жатқанын байқаймыз. Тағы қандай жолдармен оқырман-дарға жетуде?
– Иә, әзірге негізгі бөлігі мешіттер арқылы таратылуда. Өйткені мешіт мұсылмандар-дың ең көп шоғырланатын жері екені белгілі. Сол себепті, мешіттен бастауды жөн санадық. Бұл жерде негізінен тарату жұмыстары белгілі бір жүйе арқылы жүреді. Алдымен, біз кітаптарды Діни басқармаға жібереміз. Өз кезегінде олар облыстарға, облыс аудандарға жеткізіп отырады. Сондай-ақ, діни оқулықтарды тікелей медреселерге де таратып отыр-дық. Тіпті, «Қазпошта» арқылы да кітаптарды алуға болатынын айтып өткім келеді. Ол үшін жергілікті пошта бөлімшесіне барып кітаптың бағасын емес, жеткізу барысындағы жол шығындарын өтесе болғаны. Әрине, алдымен бізбен ха-барласып алғаны абзал. Бұған дейін жеке куәлігімен кеңсемізге келіп те алып кеткендер болды.
Екі миллионнан астам оқу құралын шығардық дедіңіз, мұның бәрін кім тексеріп береді?
– Иә, барлық нәрсе тексеріс-тен өтуі тиіс. Сондықтан біз шығарған дүниелер де сарапталып, сүзгіден өтті. Бұл ретте біз Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі басқаратын ғұламалар кеңесі мен ҚР Дін істері агентігінің діни ғылыми-зерттеу орталықтарының бел-гілі тәртіп бойынша сараптама-сына жүгінеміз.
– Кітаптардан бөлек Қордың демеушілігімен қазақ даласы-нан шыққан ғұламалардың өмірі жайында «Даналар ізімен» атты бірнеше сериялды фильм түсірілгенінен хабардармыз. Бұдан басқа тағы қандай бейне туындыларыңыз бар? Осы жөнінде айтып өтсеңіз?
– Бүгінде 12 сериядан тұратын аталмыш деректі фильм «Мәдениет» телеарнасы арқылы көрсетілуде. Жарыққа шыққанына көп бола қоймаса да халықтан бағасын алып үлгерді.
Фильм Дінбасының бастама-сымен дүниеге келген туынды. Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Аталар ерлігі бізге үлгі» атты үндеуі осындай керемет туындыға себепші болды.
Бұл фильмдегі кейіпкер ба-баларымыздың асыл дініміз бен қасиетті Отанымызға деген шексіз махаббатын келер ұрпақ үлгі тұтып, әрдайым құрметпен еске алары сөзсіз. Себебі, фильм қазақ топырағынан нәр алып, есімдері мұсылман әлеміне кең танымал болған Һибатулла ат-Тарази, Қауам ат-дин әл-Итқани, Науан Хазрет, Ахмет Яссауи секілді Ислам ғұламаларының, Әбубәкір Кердери, Бекет ата, Сұлтан Бейбарыс, Ыбырай Алтынсарин секілді ұлы ой-шылдарымыз бен ел басқарған қайраткер бабаларымыздың өмірінің бізге беймәлім тұста-рын қамтитын тың деректерден тұрады.
Жалпы, дала өркениетінің қалыптасуына себеп болған тең-дессіз мұралар толық зерттеліп болды десек, қателесеміз. Сондықтан, фильмнің идеясы Ислам мәдениеті мен қазақ тарихын қалыптастыруға зор үлес қосқан абыздарымызды бүгінгі ұрпағымен қайта қауыштыру. Сонымен қатар, ұлт мақтанышына айналған тұлғалардың ерен еңбегін келер ұрпаққа үлгі ету.
Негізінен Қор тарапынан түсірілген фильмдер мен бейне роликтердің мақсаты айқын. Мәселен еліміздегі тө-зімділік пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің саясатын насихаттау, қазіргі заманда кең өріс алған проблемаларды, оның ішінде балалар, жастар мен әйелдердің діни сауатын арттыру әдістерін жетілдіріп, оларды шешудің жолдарын іздеуге үндеу және діни-экстремистік және радикалды діни ағымдардың жағымсыз көзқарастары мен әсерінен халықты алшақтату сынды мәселелер біздің жұ-мыстарымызға арқау болмақ.
Міне, осы басым бағыттарды басшылыққа ала отырып, көптеген бастамаларды жүзеге асырудамыз. «Даналар ізімен» фильмінен бөлек, ислами адамгершілік құндылықтар жөнінде баяндалатын, ұзақ-тығы 9 сағатты құрайтын «Өмір хикаялары», діни экс-тремизмнің алдын-алу ту-ралы екі бөлімнен тұратын «Адасқандар» фильмдері де осы бастама негізінде жарық көрді. Аталмыш фильмдер мұсылман қауымға «Хабар» және «Қазақстан» телеарналары арқылы көрсетілген болатын. Жуырда бұл екі фильм еліміздің Жоғары сотының сұранысымен тағы бір мәрте барлық облыстық телеарналарда көрсетілейін деп жатқанын айта кеткен жөн.
Сондай-ақ, мұсылманның адамгершілігін насихаттайтын «Мен – мұсылманмын» атты 10 дана бейнеролик түсіріліп таратылды. 3 мың данамен бейнедәрістер шығарып, елі-міздегі барлық имамдарға таратып бердік. Ол жерде Бас мүфтидің, еліміздегі өзге де белгілі дін ғалымдарының және Мысыр елі ұстаздарының әртүрлі тақырыптағы дәрістері шоғырланған.
Бүгіндері әр жұма сайын «Қазақстан» телеарнасында дәс-түрлі Исламды халқымыздың салт-дәстүрі әрі әдет-ғұрпымен байланыстыра насихаттайтын, көрермендерге дін мен ұлттық құндылықтардың ажырамас ұғым екендігін жеткізетін «Иман айнасы» апталық телебағ-дарламасы тұрақты жүргізі-луде. Ал «Хабар» агенттігінің «Еларна» телеарнасынан жас-тарға бағытталған дәстүрлі емес түрлі діни ағымдардан сақтайтын, олардың діни сауаттылығын арттыратын, рухани-адамгершілік қасиет-терін нығайтатын «Сенім. Білім.kz», «Я верю.kz» апталық телебағдарламасы көрсетілуде.
Өзіңіз айтқандай, қордың басты міндеттерінің бірі – қазақстандық ислами оқу орындарындағы шәкірттерге шәкіртақы тағайындау және оқу гранттарын бөлу. Бұл бағытта қандай шаралар атқарылуда?
– Бұл тұрғыда ауыз толты-рып айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік. Еліміздегі тұңғыш әрі жалғыз жоғары ислами оқу орны «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінде білімдерін жалғастыру үшін медресені үздік тәмамдаған шәкірттерге арнайы гранттар бөлдік. 2010-2011 жылғы түлектерге «Исламтану» ма-мандығы бойынша 15 грант, ал, 2011-2012 оқу жылдарына бакалавр үшін 8 грант, магистратура үшін 10 грант бөлдік. Бүгінде бұл жобалар тиісінше қаржыландырылуда.
Оқу бітіргеннен кейін, университеттің түлектері мұ-сылман қауымының береке-бірлігін дамытуға, Ислам діні-нің дұрыс бағытта өркендеуіне үлес қосарына сеніміміз мол.
Жалпы Қордың негізгі мақсаттарына қарап отырсақ, ҚМДБ жанынан құрылған «Зекет» қорымен сәйкес келеді. Аталмыш екі қор өзара бірлесіп жұмыс жасайсыздар ма?
– Әрине, екі қордың да негізгі мақсаты бір. Сондай-ақ, «Зекет» қоры Діни басқарманың тікелей мұрындық болуымен ашылып отыр. Соған байланысты біз аталған қормен қоян-қолтық жұмыс істейміз деп айта аламыз. Мәселен, жуырда ғана «Зекет» қорының өтініші бойынша 20 мың данамен «Зекет – бес парыздың бірі» атты кітапша және 8 мың данамен қазақ, орыс тілдеріндегі журнал типтес кітап шығарып бердік. Одан бөлек, зекет туралы арнайы бейнефильм дайындап, 1500 данамен шығарып, таратылды.
Сонымен қатар, олардың бұрынғы сайттарын қайта жаңғыртып, бәсекелестікке қабілетті қылып, дайындап бердік. Мұның бәрі тегін жасалғанын айта кеткен жөн.
Өзге де қандай қайы-рымдылық шараларын ұйым-дастырып отырасыздар?
– Ислам мәдениеті мен бі-лімін қолдаудан бөлек әртүрлі қайырымдылық шараларына да ұйытқы болудамыз. Мәселен, өз сәбиінен бас тартқан аналармен кездесу үшін арнайы перзентханаларға, балалар үйлеріне бардық. Сол жерлерде сәбиінен бас тартқан аналармен кездесіп, оларға ана бақыты, сәби қуанышы жөнінде, ана мен бала арасындағы махаббат жайында уағыз айттық. Ол үшін арнайы үгіт-насихат тобы да құрылған болатын. Ислами құндылықтармен тұздықтап, әңгімемізді еркін сұқбатқа негіздедік. Нәтижесінде, 17 ана өз шешімдерін өзгертіп, туған сәбилерімен қайта қауышты. Сол 17 сәбиді бір жыл бойы керек-жарақпен қамтамасыз етуді Қор өз мойнына алды.
Сондай-ақ, Қор өзінің алдына қойған міндеттерінің бірі – перзентхана үйлерінің ұжымдарына, әйелдер кон-сультацияларына, бала-бақ-шаларға, бөбекханаларға, мектептерге, қамқорсыз қалған жетім балалар мен балаларға арналған барлық типтегі мекемелерге (сәбилер үйі, балалар үйі, интернаттар, жетімханалар, сауықтыру ме-кемелері) көмек көрсету деген бабы бойынша да қайырым-дылық істер атқарып жатыр. Одан бөлек, Қор Астана қаласындағы «МИРАС-А» қайырымдылық қорымен келі-сімшартқа отырып, солардың тізімінде тұрған 17 жалғыс-басты әйелдерге материалдық және қаржылай көмек көрсетті.
Өткен жылы Қордың «Қазақстандағы Ислам» атты журналы шығып тұрғанын білеміз. Жалпы Қор жұмыс-тарын насихаттайтын өзіндік ақпарат құралы бар ма?
– Өткен жылы еліміз ИЫҰ-ға төраға болғаны белгілі. Журнал да тікелей соған байланысты жарық көрген болатын. Осы қысқа мерзім ішінде басылым өз міндетін толық атқарып шықты деп айта аламын. Әр санында еліміздегі Ислам дінінің даму жағдайы, адами асыл құндылықтар жа-рияланып тұрды. Төрағалық жұмысымыздың да нәтижелерін оқырмандар журнал бетінен көре алды.
Ал қазіргі таңда нақты мұндай басылым жоқ. Алайда өзіңізге белгілі, қазір техниканың заманы. Соған орай, ғаламтор да өте тез қарқынмен дамып, халықтың күнделікті құралдарының бі-ріне айналды. Яғни, кейбір басылымдардың орнын басып үлгерді. Соны ескеріп, Қор төрт бірдей порталды іске қосты. Олар, www.islamfund.kz, www.sunna.kz, www.shakirt.kz және www.muslima.kz. Аталған сайт-тарда Қордың жұмысы жө-нінде, шыққан кітаптардың тізімі және олардың электронды нұсқалары жарияланған. Сондай-ақ, еліміздегі белгілі дін ғалымдарының қатысуы-мен тікелей онлайн уағыздар жүргізіледі. Одан бөлек, еліміздегі діни оқу орындарында білім алып жүрген барлық шәкірттердің басын біріктіріп, өзара қарым-қатынас орнату мақсатында қажетті дүниелер жарияланып тұрады және әйелдерге арналған барлық сұрақтарға жауаптар беріліп, апа-қарындастарымыз үшін арнайы уағыздар қойылған.
Әзірге Қор жұмыстарының айнасы осы төрт портал деп айтуға негіз бар.
Алдағы жоспарларыңызбен бөлісе отырсаңыз? Тағы да қандай танымал еңбектерді жарыққа шығарасыздар? Өзге де іс-шаралар жоспарланып отыр ма?
– Негізгі мақсатымыз ағартушылық болғаннан кейін, осы бағытта жұмысымызды жалғастыра беретініміз анық. Қазір екі миллион кітап пен кітапша шығардық деп отырмыз. Бірақ бұл еліміздегі ислами құндылықтардың бір парасы ғана. Бізде әлі зерттеуді қажет ететін тың дүниелер көп. Алдағы уақытта сол асыл қазыналарымызды жарыққа шығарып, халыққа жеткізсек деген ниетіміз бар.

Әңгімелескен Еламан ҚОҢЫРОВ,
«Ислам және өркениет»

Ұқсас тақырыптар:
 

0 Пікір

Сіз бірінші болып пікір қалдыра аласыз.

Пікір жазу

 




 
*
 
 
 
Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта Статистика от SoftDeCo Счетчик посещений Counter.CO.KZ - бесплатный счетчик на любой вкус!

Ассаламуағалейкүм! Ислам және Өркениет

Кіру

Құпия сөзіңізді жоғалттыңыз ба?

Бұл сайтта тіркелу


Тіркелу

Сайтқа тіркеліңіз.