Дінін жоғалтқан ұлт – тамыры қураған бәйтерек

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Серікқазыұлы Садырбаевпен
сұхбат

52070_b0– Айдар Серікқазыұлы, бүгінгі таңда Семей шахарында діни ахуал қалай, әңгімеміздің ба-сында осыған тоқтала кетсеңіз.
– Қаламызда діни ахуал тұрақты. Бұл бірінші кезекте Қазақстан Республикасында экстремизм-терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемле-кеттік бағдарламаның аясында қызмет атқарып жатқан атқа-рушы органдардың, құқық саласы қызметкерлерінің, діни бірлес-тіктердің, ұлттық мәдени орталық-тардың және бұқаралық ақпарат құралдарының бірлесе жұмыс істеуінің нәтижесі деп білеміз.
Аталмыш бағдарламаның не-гізгі мақсаты – діни экстремизмнің алдын алу және терроризмге жол бермеу арқылы қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қалалық әкімдік жанында терроризмге қарсы күрес комис-сиясы және 21 адамнан тұратын ақпараттық топ жұмыс істейді. Тағы бір айта кетерлік жайт, қала әкімі Е.Б.Сәлімовтың бастамасымен өткен жылдың бірінші қазанынан бастап қалалық ішкі саясат бөлімінде ашылған «Діни бірлестіктермен байланыс» секторындағы қызметкерлер тікелей қаламыздағы діни бірлестіктермен жұмыс істейді. Сонымен қатар, облыстық Дін істері басқармасы жанындағы «Дін мәселелерін зерттеу орта-лығының» екі маманы (теолог және психолог) біздің қаладағы дін мәселелері бойынша жұмыс атқарады.
Бізде бәрі жақсы деуден аулақпыз. Қаламыздың аумағына 16 ауыл кіреді. Ең алыс елді-мекен Алғабас ауылы қаладан 300 шақырым қашықтықта. Міне, осы аумақты ақпаратпен қамтуда қиындықтар бар.
– Осы саланы зерттеп жүрген ғалымдардың айтуынша, теріс бағыттағы діни ағымдардың торына жиі түсетіндердің дені жастар екен. Бұған не айтасыз?
– Расында солай. 20 мен 40 жас аралығындағылар. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, біздің қаладағы 340 мыңнан астам тұрғынның 97 мыңы жастар екен. Жасыратыны жоқ, белгілі бір ұжымда жұмыс істейтін, оқу орнында оқып жүрген жастармен жұмыс істеу жеңіл. Дегенмен де, тұрақты жұмыс орны жоқ адамдарға ақпарат жеткізу қиындау. Біз мүмкіншілігімізше бұл арада БАҚ қызметтерін ұтымды пайдалануға тырысамыз.
Біз бұрындары жат ағымның жетегіне көбінесе жұмыссыздар және әлеуметтік жағынан аз қорғалған жастар ереді деп келген-біз. Соңғы зерттеуге қарап отырсақ, жас ерекшеліктеріне қарамастан жұмысы бар, арнайы орта, жоғары білімді, тұрмыс жағдайы қалыпты азаматтардың теріс жолға түсетін-дігі де дәлелденіп отыр.
Әрбір ата-ана өз отбасында бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуі керек. Өкінішке орай, тұрмыстық жағдайды сылтау етіп, бала тәрбиесін назардан шығарып алғандар баршылық. Елдегі ты-ныштықты сақтау баршамыздың ортақ мүддеміз. Сондықтан, бұндай жауапты да, күрделі іске жалпы қоғам белсене араласуы керек.
Жат ағымдармен күрес мәселесін қозғауда БАҚ-тың үлесі қандай?
– Бұқаралық ақпарат құралдары бүгінгі таңда үлкен идеологиялық күш екенін білеміз. БАҚ саласы бұл бағытта ақпараттық тапсырыстарға сәйкес жұмыс істеп жатыр.
Бір айтарым, БАҚ беттерінде ақпараттық сарындағы хабарлар көптеп шығып тұрады. Талдама-лы-сараптамалық материалдарға көбірек көңіл бөлінсе, жұмысымыз нәтижелі болар еді.
Жұмыс барысында бүгінгі ақпараттық технологиялардың бар мүмкіндіктерін кеңінен пайда-лануға тырысамыз. Әлеуметтік желілерден парақшалар аштық және WhatsApp желісі арқылы тұрақты түрде ақпарат жолдап отырамыз.
Семей – еліміздегі үлкен қалалардың бірі. Неге осы қаладан діни ахуалды зерттейтін орталық ашпасқа?
– Бұл орынды сауал. Бізде дінтанушы, әлеуметтанушы, психолог мамандар жеткілікті. Дегенмен де, арнайы орталық қажет. Бұл мәселені біз бірнеше жылдан бері көтеріп келеміз. Ең болмағанда, Өскемендегі орталықтың филиалы біздің қалада ашылса жақсы болар еді. Себебі, бүгінгі таңда осы салада қызмет жасап жүрген мамандар үшін ғылыми болжамдар мен тұжырымдар ауадай қажет. Болашақта бұл мәселе өз шешімін табады деген үлкен сеніміміз бар.
Бүгінде терроризм десе, бірінші кезекте көбінесе Исламды ауызға алады. Бұл үрдістің себебі неде?
– Бүгінгі таңда осындай үрдістің белең алып отырғаны шындық. Дегенмен де, діннің терроризмге ешқандай қатысы жоқ екендігін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев та жиі айтып келеді.
Егер де тарихқа көз жүгіртсеңіз, орта ғасырда, кешегі өткен XX ғасырда терроризм басқа дін өкілдерінен бастау алған. Біздің дініміз бүлікшілікті қолда-майды. Сондықтан, біздің бүгінгі мақсатымыз – Ислам дінін қаралауға жол бермеу. Шынайы Ислам діні – адамгершіліктің, қайырымдылықтың, тәрбиенің қайнар бұлағы.
Сонымен қатар, ұлттық тәрбие-міздің мәйегі осы Ислам дінімен біте-қайнасып жатыр. Өкінішке орай, кейбір қандастарымыз осыны жоққа шығарғысы келеді.
Біреудің ала жібін аттамаған, обал, ұят деген сөздерді өзіне қағида етіп ұстаған ата-бабамыз өзінің төл діні Исламнан нәр алған.
Іргелі ел боламыз десек, ұлт-тық құндылықтарымыз болып табылатын салт-дәстүр, ділімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Қандай алып бәйтерек болса да, тамыры қураса, қатты дауылда құлайтындығы хақ. Дінін жоғалтқан ұлт – тамыры қураған бәйтерек. Мынандай алмағайып заманда ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтарымызды сақтау арқы-лы ғана ұлт ретінде тарих сахна-сында қалып, Ел тәуелсіздігін баянды ете аламыз.
Сіз неден қауіптенесіз?
– Мен бірінші кезекте кейбір жастардың теріс әрекетінен қор-қамын. Өмірге көзқарасы қалыптаса қоймаған жастардың біреудің жете-гінде кетіп, рухани азуы қауіпті.
Екіншіден, ғаламтордың қаупі-нен сақтануымыз керек. Интернет-тегінің бәрі ақиқат деп қабылдау дұрыс емес. Әрбір адам ғаламтор-дан алатын ақпаратына сақтықпен қарау керек. Саңырауқұлақша қаптаған кейбір діни порталдар жастардың санасын улауда..
Үшінші, суицид мәселесі. Әсіресе, кәмелеттік жасқа толмаған жастардың арасында көптеп кез-десуі қынжылтады. Дегенмен де, соңғы жылдары өз-өзіне қол жұмсаушылардың саны біршама азайып отыр.
Үстіміздегі жыл ішінде қала-мызға республикалық ақпарат тобының құрамында елімізге таны-мал дінтанушы ғалымдар келіп, жастармен кездесу өткізді. Жастар өздерін толғантып жүрген көпте-ген сұрақтарына жауап алды. Дінтанушылардың басты мақсаты – жастардың діни сауатын көтеру. Байқап отырсақ, жат ағымдардың жетегіне көбінесе діни сауаты төмен жандар ілігеді.
Алда үлкен мереке келе жатыр…
– Иә, биыл ел тәуелсіздігіне – 25 жыл. Бұл біз үшін қасиетті мереке. Ширек ғасыр ішінде мемлекетіміз-де талай ұлы істер атқарылды. Ең бастысы, Қазақ елін әлем қауымдастығы егемен мемлекет ретінде танып, біздің елімізді бей-бітшіліктің, тұрақтылықтың ал-тын бесігі деп бағалайды. Осының бәрі Елбасымыздың сындарлы саясатының жемісі деп білеміз.
Ынтымағы жарасқан Қазақстан халқының басты байлығы – елдегі тыныштық пен береке-ынтымақ.
Берекеміз берік болып, Ұлы Даламыз Мәңгілік елге айналсын!
Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбатты жүргізген
Д. Рамазанұлы,
Семей қаласы

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Top