Облыс әкімі имамдармен кездесті

asasСолтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Дүйсенбай Кенжетай бастаған қала, аудан мешіттерінің бас имамдарымен кездесті.
Шара барысында облыс әкімі имамдарды Тұңғыш Президент күнімен және Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығымен құттықтап, бүгінгі басқосуымыз халықтар достығына, ұлтаралық, дінаралық татулықтың нығая түсуіне өз септігін тигізетініне сенім білдірді.
Бұл басқосуда өкіл имам СҚО-ға қарасты мешіттердің жағдайы мен атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның ішінде, ақпараттық-насихат тобының жүйелі жұмыс жүргізуі, имамдардың білімін арттыру, біліктілігін көтеру мақсатында өткізілген семинарлар жайында сөз қозғады.
Жиын соңында өкіл имам облыс әкімінің қолдауына, талап-ұсыныстарын қабылдағанына алғысын білдірді. Өңір басшысы өз кезегінде өкіл имам ұсынған талап-тілектердің орынды екенін айта келе мешіттердің қызметі толықтай назарда болатынын мәлімдеді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Top