Дін маманы Тараз жұртшылығымен жүздесті

photo-1480075339-23103РАНТ мүшесі, ҚМДБ-ның шариғат бөлімінің маманы Бауыржан Әлиұлы киелі Тараз шаһарына ат басын тіреп, жергілікті мұсылман жұртшылығымен жүздесті.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаевтың ұйытқы болуымен алыстан ат артып келген білікті ұстаз «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттерімен және ұстаздарымен кездесуде ғибратқа толы өнегелі сөзін жеткізді. Сондай-ақ, студенттермен білімнің маңыздылығы, имани тұлғаның келбеті, ғұламалардан қалған үлгі, дін иелерінің сара жолы жайлы тілдесті.
Жұма намазында «Отан отбасынан басталады» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Адамың өз-өзіне қол жұмсауы – үлкен күнә екенін еркертіп, тілге тиек етіп өткен Бауыржан Әлиұлы көпшіліктің сан сауалына жауап берді.
Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен дін маманы мемлекет қызметкерлерімен кездесіп, көкірек көзге біраз мағұлмат тоқытты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Top