Солтүстік Кавказ – ең салауатты өңір

be91a36f784775cb118c980478dedada_i-11-1Бүгінгі таңда Ресей әлемге ең арақ-шарап көп ішілетін ел ретінде танымал болғаны жасырын емес. Жуырда осы елде «Салауатты Ресей» жобасы бойынша спиртті ішімдіктерді ең көп тұтынатын және ең аз тұтынатын аймақтар анықталды.
Аталған жоба сарапшылары жасаған «Ресей Федерациясының салауатты субъектілерінің ұлттық рейтингі» бойынша, арақ-шарап ең аз ішілетін аймақтар ретінде Шешенстан, Ингушетия және Дағыстан танылған. Сол секілді, алғашқы ондыққа Солтүстік Кавказдың Қарашай-Шеркеш, Қабарда-Балқар және Солтүстік Осетия республикалары да еніп отыр. Көріп отырғаныңыздай, бұл Ресейдің мұсылман халқы шоғырланған өңірлері болып табылады.
Ал, спиртті ішімдіктерді ең көп тұтынатын аймақтар – Коми Республикасы, Магадан облысы және Чукот автонмиялық округы екені анықталған.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Top