«Білім іздеп бұқар бардым…»

немесе діни білімді қайдан алған дұрыс?

20151124190207-1Білім алу – қай заманда болмасын болашағын ойлаған адамның басты мақсаттарының бірі екені даусыз. Ойлаған армандар, межелеген мақсаттар осы алған біліміңнің арқасында орындалып, шындыққа айна-латыны сөзсіз.
Бұл хақында Мұхаммед пай-ғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Қытайға барсаң да білім ал» деп үмметіне өсиет қалдырып, хакім Абай «малыңды сат, жаныңды сат білім ал» деп даналық айтса керек.
Бүгінде зайырлы Қазақ елінде Тәуелсіздік алғалы талай білім ордалары құрылып, салалық мамандықтар көбейе түсті. Солардың бірі – қазіргі қоғам үшін ең өзектілердің қатарында діни білім алу мәселесі. Бұл мәселенің өзекті болып отырған жөні бар. Тоқсаныншы жылдары сенім-наным бостандығы тар құрсау-дан шығып, еркіндік берілген кезде жастардың алдыңғы легі діни білім аламыз деп Түркия мен араб елдеріне бел аса бастады. Бұған алғашында елдің қуанғаны да рас. Бертін келе білім аламын деп шетел асқан жастардың көпшілігі діттеген оқу орындарына түсе алмай, әлем мойындаған «Әл-Асқардай» уни-верситеттер арманға айналып, Ислам ғалымдары қолдамаған жоғары немесе арнаулы оқу орындарынан табылып жатты. Кейбір оқу орындары төмен балл алып, елге оралуды «ұят санап» жүрген абитуриенттерді өз қатарларына дер кезінде тарта біліп, материалдық, «рухани» демеу беріп жатты. Ол жерлерде жастардың қандай, кімнен білім алғандары 2000-жылдары сезіле бастады. Бірі «хизбутшы», бірі «уахабшы», енді бірі «құраниттер» болып шыға келді. Қазір енді олар өздеріне «тәлім» берген ағымның сойылын соғып жүр. Ал енді сол «діндар» азаматтардың кейбіреулері аяғын тәй-тәй басып, экономикалық іргетасын қалап, ата-салты мен әдеп-ғұрпын жаңғыртып келе жатқан мемлекетімізді даму даңғылынан тайдырғысы келеді. Неге? Неліктен? Өйткені олар-дың басым бөлігі, Ислам дінінің қайнар көзінен білім алдық деген оймен, мәзһаб мәселесін ұмытып, Ислам ойшылдары мен ұлық имамдарды адасқан деген ұстанымдағы мектептердің өкілдерінен білім алған. Алып та келеді. Ханафи, Малики, Шафиғи, Ханбали мәзһабтарын теріске айналдырып, өздерін сәләфилерміз дейтін ағымның беталысы бүгінде қатты болып отыр. Олар дәстүр мен ұлттық құндылықтарды аяқасты етіп, уахабизмнің негізгі идеологтары Ибн Баз, Ибн Таймия секілді «ғұламалардан» және солардың «шәкірттерінен» өзгелерді тың-дамайды да. Бірінші кезек-те тіс қаққан «діндарлар» өз «шәкірттерінің» санасын улап, ешкімге құлақ аспайтын халге жеткізеді. Сонан соң қанша тырысып бақсаңыз да, оның дәстүрлі ортаға оралуы қиынға соғады. Мұны қазіргі дін саласында жүрген тәжірибелі теологтардың өздері мысал етіп айтып та жүр. Ал, олардан тәлім алған «үздік шәкірттер» оратор-лық мектептің бар технологиясын меңгеріп, «дистанциялық» оқыту жүйесін қалыптастырып та қойды. Ешқайда бармай-ақ, арамызда жүрген жастар әлеуметтік желі-лер арқылы «сабақты» қалт жібермей қарап отыр.
Енді не істемек керек? Қайда оқиды жастарымыз? Біздіңше мұның шешімі елімізде баршылық. Солардың бірі – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пәрменімен ашылған «Нұр-Мүбәрәк» Египет Ислам университеті ресми түрде 2003 жылдан бері білім беріп келеді. Білім ордасында 80-ге жуық оқытушы болса, олардың 40-ы ғылыми дәрежесі бар ғалымдар. Бұл дегеніңіз оқытушы құрамның сапасын көрсетсе керек. Соңғы уақыттарда гранттары көбейіп келе жатқан «Нұр-Мүбәрәктан» жылына 200-ден астам түлек түлеп ұшуда. Алған білімдерін шыңдағысы келген азаматтар осында қаларда немесе шетелдік атақты білім ордаларына оқуға түсерде еш қиындықсыз, ма-гистратура, доктарантурада өз білімін жалғастыруға мүмкіндік алуда. Қазір бұл оқу орны ТМД бойынша ғана емес, Орталық Азиядағы Ислам ғылымын тереңдетіп оқытып, зерттеуші бірегей ЖОО-на айналды.
Бұған қоса еліміздің өңір-лерінде талай имам-молдаларды түлеткен 9 медресе жұмыс істеуде. Қазіргі таңда олардың барлығы медресе бола тұра, арнаулы зайырлы оқу орында-рына айналып, мемлекеттік үлгіде диплом береді.
Сондай-ақ, Қазақстан мұсыл-мандары діни басқармасы-ның бастамасымен ашылған Қазақстан Республикасы имам-дарының білімін жетілдіру Ислам институты жоғары мамандық беретін білім мекемесі ретінде тіркеліп, әрекет етуде.
Осы тұста бұл оқу орындары-ның ашылуы мемлекетіміздің дінге деген дұрыс бетбұрысынан екендігін атап өткеніміз жөн.
Өз еліңде, өз жеріңде ата-дәстүр мен салтыңды, барлық ұлттық құндылықтарың мен мен-талитетіңді сақтай отырып оқу, ертеңгі күні біртұтас мұсылман-ның арасында түсініспеушілік пен фитнаның шықпауына кепіл болары сөзсіз.
Иә, бұл жерде біз шетелде оқыма деген мәселені айтпаймыз. Оқу қажет. Алайда, қандай оқу орындарында, қандай жолмен білім алған жөн. Бірінші біз әрқашан қазіргі қажеттілікті білсек артық болмас еді. Қазір елімізде ең ірі және ресми Ислам дінінің Ханафи мәзһабын қолдап, Матуриди ақидасын оңдап отыр-ған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бар. Бүгінде шетелде діни білім алып жатқан 300-ге жуық жерлесіміздің 100-ден астамы осы діни бірлестіктің жолдамасымен кеткен сол ел-дерге. Ал қалған азаматтар өз бетінше оқуда. Олардың басым бөлігі әлемнің көптеген мұсыл-ман елдерінде мойындалмаған оқу орындарында дәріс алуда. Сырттағы студенттер арасында Сирияда оқитындарының күні бүгінде қиын болып тұр. Бірі оқуды тастап, Мысыр мен Түркияға барса, тағы бірі аспан айналып түсіп жатқан мемлекетте оқу орнын таба алмай абдырап жүр. Ал енді осы ілім іздеп шетел асқан студенттердің алған дипломдарының көпшілігі елге оралғанда жарамсыз қалатыны тағы бар. Балаңыз, не туысыңыз оқудан оралып, алған білімі жарамсыз болып, қолындағы қағазы мен кеткен уақытты текке болып шығуы ғажап емес. Ондай жағдай кездесіп жатса таң қалмаңыз.
Сондықтан бейбіт аспан астында, татулығы мен бірлігі жарасқан елде қолда бар алтын-ның қадірін кетірмей, еліміздегі жоғары оқу орындарынан білім алып, оң-солымызды танып, ханафи мәзһабының негіздерін бойға сіңіріп, әлемнің ең әйгілі университеттеріне оқуға барсақ та жеткілікті болар деп ойлаймыз. Сонда ғана өзгенің жастары-мызға саяси-сүрқия идеологияны таңуының алдын аламыз деп ойлаймыз. Айту бізден, шешім Сізден, құрметті оқырман.

Еркеғали Таңатаров,
Отырар аудандық ішкі саясат
бөлімінің бас маманы,
Оңтүстік Қазақстан облысы

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Top